Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика


Практикалық және өздік жұмыстың тапсырмалары



бет31/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   234
Практикалық және өздік жұмыстың тапсырмалары1 Ақпараттың мағыналы өлшемі № 1
Сіз үшін мына мәліметтердің қайсысынан ақпарат алатыныңызды анықтаңыз:.

Тынық мұхитының ауданы – 179 млн. кв. км.

Астана — Қазақстан Республикасының астанасы.

Кеше күнімен жауын жауып тұрды.
Ертең ауа райы ашық болады деп күтілуде

Біртектес векторлық өрістің дивергенциясы нөлге тең.

Dog – ит (ағылшынша).

Ro do, may si, lot do may.

2 x 2 = 4.

2
Келесі мәліметтерге «маңызды», «пайдалы», «немқұрайлы», «зиянды» ақпарат деген баға беріңіз.


Қазір жауын жауып тұр.
Информатикадан факультатив сабақтары әр сейсенбі күндері өткізіледі.
IBM — деген ағылшын сөздерінің бірінші әріптері, «интернейшнел бизнес мэшинз» деп естіледі, «халықаралық бизнес машиналары» деген сөз.
Ертең химиядан бақылау жұмысы болады.

Қосымша 1. «N теңықтималды оқиғалардың: i=log2N біреуінің хабарындағы ақпарат саны»


40



Екілік баға алған жайында ата-аналар білмеуі үшіш, күнделіктен бетті жыртып алу керек.
Мұз – ол судың қатты күйі.

Ғарышқа бірінші ұшқан адам, ол Юрий Гагарин болған.

Жедел жәрдем көмегінің телефон нөмірі 02.
№ 3
«Сіз келесі аялдамада шығасыз ба» – деп автобустағы кісіге сұрақ қойылды. «Жоқ» – деді ол. Жауапта қанша ақпарат бар?
№ 4
Білімнің анықталмағандығын 4 есе азайтатын мәліметтегі ақпараттың көлемі кандай?
№ 5
Сіз светофорға жақандағанда сары жарығы жанып тұрды. Одан кейін жасыл жанды. Сізге ақпараттың қандай көлемі мәлімденді?
№ 6
Сіз светофорға жақандаған кезде қызыл жарығы жанып тұрды. Одан кейін сары жанды. Сізге ақпараттың қандай көлемі мәлімденді?
№ 7
Бір топ оқушы 4 жүзу соқпағы бар бассейнге келді. Жатықтырушы оларға 3-ші нөмірлі соқпақта малтитындарын хабарлады. Бұл хабардан оқушылар қанша ақпарат алды?
№ 8
Кәрзенкеде 8 шар жатыр. Барлық шарлар әр түсті. Кәрзенкеден қызыл түсті шар алынды деген хабарда ақпарат саны қанша?
№ 9
«Қарсы алыңыздар, 7 – ші вагон» деген телеграмма алынды. Пойыздың құрамында 16 вагон бар екені белгілі. Қанша ақпарат алынды?
№ 10
Мектеп кітапханасында кітаптармен толтырылған 16 стеллаж бар. Әрбір стелллаж 8 сөреден тұрады. Кітапханашы оқушыға, оған керек кітап, бесінші стеллажда жоғарыдан санағанда үшінші сөреде тұрғанын хабарлады. Кітапханашы оқушыға көлемді қанша ақпарат берді?

№ 11
1 ден N дейін диапазонынан бүтін санды табуда 7 бит ақпарат алынды. N нешеге тең?


№ 12
Қайсыбір диапазонынан бүтін санды табуда 6 бит ақпарат алынды. Сол диапозон қанша саннан тұрады?
№ 13

41

Сіздің досыңыз 10 қабатта тұрады деген хабар 4 бит ақпарат бе-реді. Сонда үй неше қабатты болғаны?


№ 14
Асқар екінші подъезде тұрады деген хабар 3 бит ақпарат береді. Сонда үйде неше подъезд болғаны?
15
Қорапта 7 түрлі түсті қарындаштар жатыр. Қораптан қызыл түсті қарындаштар алынды деген хабарда ақпарат саны қанша?
№ 16
«Кездесу қырқүйек айына тағайындалды» деген хабар қанша ақпарат санын береді?
№ 17
Кездесу 15 –не тағайындалған туралы хабар қанша ақпарат са-нын береді?
№ 18
Кездесудің қазанның 23 –де сағат 15.00 тағайындалғаны туралы хабар қанша ақпарат санын береді?
Ақпараттың алфавиттік өлшемі
№ 19
Мульти тайпасының алфавиті 8 әріптен тұрады. Осы алфавитің бір әрпі қанша ақпарат санын береді?
20
64 символдық алфавитің әріптерімен жазылған хабар, 20 сим-волдан тұрады. Хабарда көлемі қандай ақпарат берілген?
№ 21
Мульти тайпасында 32 символдық алфавит бар. Пульти тайпа-сы 64 символдық алфавит қолданады. Тайпалардың көсемдері хат-тармен алмасты. Мульти тайпасының хатында 80 символ, ал Пульти тайпасының хатында–70 символ болды. Хаттарда жазылған ақпарат қөлемін салыстырыңыздар.
№ 22
Көлемі 1,5 Кбайт ақпараттық хабар 3072 символдан тұрады. Осы хабарды жазу үшін қолданылған алфавитте неше символ болғаны?
№ 23

2048 символдан тұратын хабардың көлемі, Мбайттың 1/512

бөлігін құрады. Хабарды жазу үшін қолданылған алфавиттің өлшемі
қандай болғаны?
№ 24

42

16 символдық алфавиттің көмегімен жазылған хабарда неше символдың болғаны, егерде оның көлемі Мбайттың 1/16 бөлігін құраса?
№ 25

12288 биттен тұратын хабар неше килобайтты құрайды?


№ 26
16 символдық алфавиттің 384 символынан түратын хабар неше килобайтты құрайды?
№ 27
Мәтінді жазуға 256 символдық алфавит қолданылды. Әр бет 30 жолдан, әр жол 70 символдан тұрады. Бес беттік мәтін қанша ақпарат көлемін құрайды?
№ 28
Хабар 3 беттен, оның әр қайсысы 25 жолдан тұрады. Жолдың әр қайсысында 60 символдан жазылған. Егер хабар 1125 байттан тұрса, онда пайдаланылған алфавит неше символдан тұрады?
№ 29
Хабарды жазуға 64 символдық алфавит пайдаланылды. Әрбір бет 30 жолдан тұрады. Барша хабардың ішіндегі ақпарат 8775 байт және 6 бетті құрайды. Жолда неше символ бар?

№ 30
2 беттік хабардың ішіндегі ақпарат Кбайттың 1/16 бөлігін құрайды. Әр бетте 256 символ жазылған. Пайдаланылған алфавиттің қуаттылығы қандай?


№ 31
Екі хабардың ішіндегі символдар саны бірдей. Бірінші мәтіндегі ақпараттың саны екінші мәтіндегіден 1,5 есе артық. Егер әрбір алфа-виттегі символдар саны 10 аспаса және әрбір символға биттердің бүтін саны келетіні белгілі болса, онда хабарларды жазуға қолда-нылған алфавиттерде символдардың саны қанша?
№ 32
Екі хабардың ішіндегі символдар саны бірдей. Бірінші мәтіндегі ақпараттың саны екінші мәтіндегіден 2,5 есе кем. Егер әрбір алфавит-тің өлшемі 32 символдан аспаса және әрбір символға биттердің бүтін саны келетіні белгілі болса, онда хабарларды жазуға қолданылған ал-фавиттерде символдардың саны қанша?
№ 33
Адамның ДНК–сын (генетикалық кодын) төрт әріпті алфавиттің қайсыбір сөзі дейік, мұндағы ДНК тізбектерінің буыны немесе нук-леотиды әрбір әріппен белгіленсін. Шамамен 1,5 х 1023 нуклеотиді бар адамның ДНК-ң ішінде қанша ақпарат (битпен) болады?

43

№ 34
Әрбір екі орынды сан қанша бит ақпарат әкелетінін анықтау қажет (оның нақты мәні ескерілмейді)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет