Пікірлер. Пікір математикалық логиканың бастапқы ұғымы және зерттеу нәрселігі болып табылады.
Пікір деп мазмұны туралы ақиқат я жалған деген екі тұжырымның біреуін ғана жасауға болатын хабарлы сөйлемді ұғады.
Пікірдің анықтамасы бойынша пікір хабарлы сөйлем болуы және оның мазмұны туралы ақиқат немесе жалған деген екі тұжырымның біреуін және тек қана біреуін ғана айта алатындай болуы шарт.
Мысалы: берілген сөйлемнің қайсысы пікір болатынын, қайсысы пікір деп қарауға болмайтынын атап көрсетейік.
«Ассалаумағалейкум» Жауабы: леп сөйлем үлгісіндегі тілдік қалыптама.
«Информатика пәнін ұнатасың ба?» Жауабы: сұраулы
сөйлем.
«х саны 3 еселік сан» Жауабы: пікір бола алмайды.
«Екі жарты – бір бүтін» Жауабы: ақиқат пікір.
«Адамнан басқа күлетін жан иесі жоқ» Жауабы: ақиқат
пікір.
«Париж —Қытайдың астанасы». Жауабы: жалған пікір. Түсініктеме: 1-ші және 2-ші сөйлемдердің мазмұны туралы
ақиқат немесе жалған деген тұжырым жасау мүмкін емес, сондықтан бұларды пікір деп анықтауға болмайды. 3-ші сөйлем пікір бола алмайды, себебі х ке нақтылы мән бермей тұрғанда бұл сөйлем туралы «ақиқат» не «жалған» деген тұжырым айтуға болмайды.
Жалпы, дербес немесе жекеленген пікірлер болуы мүмкін. Жалпы пікір сөйлемдері барлығы, әрбір, әрқайсысы, ешбір деген сөздерден басталады. Дербес пікір сөйлемдерін бірқатар, кейбіреулері, көпшілігі деп бастауға болады. Басқа жағдайдың бәрінде пікірлер жекеленген болып келеді.
Мысалы, мына пікірлердің типін (жалпы, дербес, жекеленген)
анықтайық:
«Барлық балықтар жүзе алады». Жауабы: жалпы пікір.
«Кейбір аюлар – қоңыр түсті». Жауабы: дербес пікір.
75
«А – дауысты әріп». Жауабы: жекеленген пікір.
Ақиқат пікірдің ақиқаттық мәні 1-ге, жалған пікірдің ақиқаттық мәні 0-ге тең деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |