Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты т.Қ. Қойбағарова информатика



бет73/234
Дата15.03.2022
өлшемі7,08 Mb.
#27999
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   234
Байланысты:
Информатика

Алгоритмнің командасы – бір ғана әрекет жасауға арналған бұйрық.
Алгоритмді орындаушы - ол, айқындалған әрекеттер жиынын орындауды білетін адам немесе автомат немесе робот.
Орындаушының командалар жүйесі (ОКЖ) – орындаушының атқара алатын барлық командалар жиынтығы.
Әр алгоритм орындаушының командалар жүйесінің мүмкіндіктерін ескере құрылуы керек.
Алгоритмнің формалды орындалуы – деп, орындаушы есептің мағнасын білмесе де, дайын алгоритмнің командаларын бұлжытпай бірінен кейін бірін орындап, сол есептің нәтижесін шығару.
Алгоритмнің қасиеттері
Анықтылығы – алгоритмнің нұсқаулары және олардың орындалу реті бір мағыналық, бір мәндік түсінік беруге тиіс. Орындалу үрдісінде алгоритм еркіндікке жол бермеуі керек.
Жаппайлығы (бірдейлігі) – типі берілген қандай да бір есептер тобын шешуге қолдану мүмкіндігі қарастырылған және берілген аралықта бастапқы деректердің мәндері өзгергенде алгоритмнің дұрыс жұмыс жасауы.
Нәтижелілігі (шектілігі)– саны шектеулі реттелген нұсқауларды орындап аяқтағанда тиянақты бір нәтижеге жеткізуге тиіс.
Дискреттілігі – қарастырылып отырған ақпаратты өңдеу үрдісі ретімен жазылған тізбекті жеке-жеке қадамдарға бөлінуге тиіс. Әр қадам ол анық бірінен-бірі бөлек нұсқау (команда).
Түсініктілігі – орындаушы (адам, ЭЕМ) нұсқаулар жүйесі арқылы жазылған алгоритмді түсініп, орындай алатындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет