Презентация Тақырыбы: Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалысына байланысты есептер жұмыс әдістемесі. Бір-біріне қарсы, бір-бірінен қарама қарсы бағыттағы қозғалыстарына берілген есептер.



Дата02.12.2023
өлшемі1,03 Mb.
#132806
түріПрезентация

Презентация
Тақырыбы: Бір бағыттағы қуып жету және қалып қою қозғалысына байланысты есептер жұмыс әдістемесі. Бір-біріне қарсы, бір-бірінен қарама қарсы бағыттағы қозғалыстарына берілген есептер. Қозғалысқа берілген есептердің графикалық моделін және қыскаша шартын құру.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
Орындаған Абдукаримова Ұлжалғас
Полат Дариға
Топ:1301-72
Қабылдаған:Онтуганова Шынар

Жоспар


I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.Қозғалыс жайлы түсінік.
2.Математикада қозғалыстың алатын орны. 3.Қозғалысқа берілген есептер.
III.ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
Математиканы оқытуда қозғалыс есептерінің алатын орын ерекше. Сондықтан жылдамдық жайында түсінік қалыптастыруға және уақыт, жылдамдық, қашықтық арасындағы тәуелділікті тағайындауға баса назар аударылуы тиіс. Жылдамдық – жалпы алғанда уақыттың бір өлшем бірлігі аралығында қозғалыстағы дененін бара алатын қашықтығы. Демек, жылдамдықтың өлшем бірлігі қашықтық пен уақыттың бірліктеріне байланысты.
Егер 1 сағ уақыт аралығында баратын қашықтық километрмен есептелсе, онда жылдамдық сағатына километрмен есептеледі, яғни км/сағ, осы сияқты км/мин, м/мин, м/с, км/с болуы мүмкін. Жылдамдық жайында түсінік қалыптастыру үшін қозғалыстағы денелерді салыстыру керек, мысалы, жаяу адам, трактор, машина, т.с.с. әртүрлі қашықтыққа бара алады, яғни жол жүреді. Уақыт аралықтары бірдей болғанымен, олардың жүретін жолдары әр түрлі. Қозғалыстағы дененің міне осы қасиетін оның жылдамдығы сипаттайды.
Жылдамдық, уақыт және қашықтық шамалары бір ғана дененің қозғалысын сипаттаумен бірге бірнеше дененің қозғалысын да сипаттауы мүмкін. Мұнда денелердің бір мезгілде немесе әр түрлі уақытта қозғала бастауы, қозғалыс уақыттарының ұзақтығы, қозғалысын тоқтататын уақыттары, сондай-ақ қозғалыс бағыттары ескерілуі тиіс.
IV
IV
1
2
3

1. Есептерді шығару


А) 630 км жолды жылдамдықтары 70км/сағ және 90 км/сағ екі машинаның қайсысы бұрын жүріп өтеді? Межелі жерге қайсысы қанша уақыт бұрын жетеді? S=630 км -------------- 630: 70=9(сағ) U =70км/сағ --------- 630: 90=7(сағ) U=90км/сағ ---------- 9 - 7=2(сағ) t -? Ә) Алмат пен Мирас атпен жарысты. Алматтың атының жылдамдығы 20 м/сек, ал Мирастың атының жылдамдығы 18 м/сек. 10 секундтан кейін аттардың арақашықтығы неше метр болды? 10 минуттан кейін ше? 1 сағаттан кейін ше? U=20м/с U=18м/с t - 10с - 10мин - 1сағ - S -? (20м/с - 18м/с) х10с=20м Б) Бір айлақтан екі кеме бір мезгілде шығып, бір бағытта жол тартты. 4 сағаттан соң бірінші кеме айлақтан 120 км, ал екіншісі 140 км қашықтықта болды. Әр кеменің жылдамдығын тап.
В) Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз, одан 6 есе артық домбыра және домбыра мен қобыздан 7 есе кем сыбызғы алынды. Оркестрге барлығы неше аспап алынды? Қобыз - 2 Домбыра -? 6 есе артық Сыбызғы -? 7 есе кем

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  •  "Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X
  • https://kk.wikipedia.org/wiki/Қозғалыс_(математика)
  • https://bilimland.kz/kk/plans/776


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет