Шығарылымға жауапты:
А. С. Кунязова, тарих ғылымдарының магистрі, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» КММ әдіскері,
Н. Ж. Мұсабаева, Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» КММ әдіскері
Математикалық сауаттылық
Плитка өндірісінің процессі
Кафельді өндіру технологиясы бірнеше этаптан тұрады.
Шикі зат ретінде саз бен құм пайдаланылады. Бірінші дайындалған материалдарды (саз бен құм) су қосып, араластырып, езінді жасайды, одан кейін қалыптарға құйып тиісті пішін береді.
Керамикалық плитканы өндірудің ең басты этапы – ол кептіру кезеңі. Бұл кезең өте қатал тексерістен өтеді. Кептірудің ылғалдылығы, температурасы, әсер ететін уақыты сияқты нақты шарттардың сақталуы үшін тексеріледі.
Керек болғанда кептірілген плитканың бетіне глазурь жағылады. Ол кепкен кезде, қатып, шынытектес структураға айналады.
Дайын болған плиткалар міндетті түрде күйдіруден өтеді, олар техникалық қасиетін, беріктігін шыңдайды. Плиткалар түріне, түсіне, өлшеміне, сапасына қарай іріктеуден өтеді.
ЖУЫНАТЫН БӨЛМЕ
Ержан жуынатын бөлменің қабырғаларына плитка жапсырмақшы болды.
Ол дүкенге келіп, сатылымда бағалары мен өлшемдері әртүрлі плиткалардың бар екенін байқады.
Плитканың өлшемі
|
1м2-дің бағасы
|
15х15 см
|
900 тг
|
20х25 см
|
1200 тг
|
20х40 см
|
1350 тг
|
30х50 см
|
1400 тг
|
50х50 см
|
1550 тг
|
№1-сұрақ: ЖУЫНАТЫН БӨЛМЕ
Жуынатын бөлме ұзындығы – 3м, ені – 2м және биіктігі – 2,5м тікбұрышты параллелепипед қалпында. Бөлменің плитка жабыстырылатын қабырғаларының аудандарын анықтаңдар. Қабырғалардың бірінде ені - 1м және биіктігі - 2м есік бар екенін ескеріңдер.
|
3 м
2,5 м
2м
2 м
1м
|
25 м2
23 м2
21 м2
24 м2
25 м2
Жауабы:___________
|
|
|
|
№2-сұрақ:ЖУЫНАТЫН БӨЛМЕ
Ержанның 32000т. ақшамен қай ең үлкен өлшемді плитканы сатып алатын мүмкіндігі бар?
15х15 см
20х25 см
20х40 см
30х50 см
50х50 см
Достарыңызбен бөлісу: |