Павлодар облысы, Май ауданы, «Қазақстан жалпы орта білім беретін мектеп» мм жұмыстың бағыты



бет2/7
Дата19.04.2023
өлшемі33,49 Kb.
#84331
1   2   3   4   5   6   7
Мақсаты:
Жергілікті дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктерді анықтап, өмірде қолдана білуге үйрену.

Міндеттері:
- оқушыларды дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері мен таныстыру; 
-дәрілік өсімдіктерді пайдалану ережелерін сақтау ; 
- дәрілік өсімдіктердің түрлерін тереңдете оқытумен қатар оларды жинау ісі, шикізат дайындаудың әдіс – тәсілдері; 
- дәрілік өсімдіктерді танып білуге және оларды емдеу үшін пайдалануға үйрету;
- дәрілік өсімдіктерді үй жағдайында бау – бақшаларда, жүйекте өсіруге баулу. 


Күтілетін нәтиже:
- жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады; 
- дәрілік өсімдіктердің қазіргі кездегі күйі мен болашағы туралы түсінік; 
- оқушылар дәрілік өсімдіктерге бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасайды.


Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде өсімдіктерді халықтық және ғылыми медицинада пайдаланудың кең көлемді мәліметтер жинақталған. Дәрілік фитохимия саласындағы алуан түрлі синтетикалық дәрі-дәрмектер шығарудағы зор жетістіктерге қарамастан, дәрілік өсімдіктер әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ және де жоймақ емес. Себебі, көптеген ауру түрлерін негізінен осы өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер арқылы емдейді. Бұл дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын одан ары өсуінің бір себебі. Өсімдіктерден алынған көптеген табиғи заттар таптырмайтын және құнды топтарды құрайды – жүрек гликозидтер, стероидтар, сапониндер, яғни осыларды алу үшін жалғыз шикізат түрі болып табылады. Сонымен қоса, өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер аз көлемде уыттылығымен ерекшеленеді және көп жақты әсер етеді.
Ғылыми жұмыс барысында оқушылар дәрілік өсімдіктердің түрлерімен, атаулары мен ғана емес, сонымен қатар оларды емдік шараларына өмірде қолдануымен танысады.
Сонымен қатар әрине, зерттеу кезінде оқушының танымдық қабілеті дамиды.
Салауатты өмір сүру үшін табиғи өсімдіктерді қолданған жөн.Себебі: кейбір ауруларды емдеу кезінде химиялық дәрілер ( таблеткалар) кері әсерін тигізеді және қазіргі кезде дәрілер өте қымбат. Егерде адамдар шөп қайнатпаларын дайындап, қолданса жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет