Итмұрын- көп сабақты, тікенді кішілеу бұта, жемісі қызыл, дәндерін тікенді түк басқан. Еліміздің барлық жерлерінде , соның ішінде Қазақстанда да тараған. Тоғайлы жерлердің ашық алаңдарында, бұталар арасында өседі. Дәрілікке
жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланады. Жемісінде С, А, В, К, Р витаминдері , ал дәнінде Е витамині бар. Медицинада негізінде асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына айдалануға болады
Мыңжапырақ-көпжылдық шөп өсімдігі.Қазақстанның тоғайлық, шабындық жерлерінде, ағаштар арасында , жол бойында өседі.
Дәрілікке гүлі, жапырағы пайдаланады. Мыңжапырақ жапырағында алколоидтар, эфир майы, С витамині ,органикалық қышқылдар тағы басқа заттар болады.Осы шөптен жасалған тұңба қан аққанды тоқтатуға , асқазан ауруларын ,әр түрлі сыртқы жараларды емдеуге пайдаланады.
Түймедақ - Түймедақ гүлімен қабынуға қарсы, антисептиктік қасиеттердің жиын- тығын кездестіруге болады. Оның алғашқы гүлдеген кезі пайдалы, осы кезеңде емдік қасиеті де күшті болады. Түймедақ өттің айдалуына, тәбеттің ашылуына ықпал етіп, аллергиялық компоненттерінің арқасында аллергияға қарсы қолдануға болады. Оны өт жолдарына тас байлану, әйелдердің жыныстық аурулары, тік ішек, асқазан жарасы ауруларына пайдаланса, емі нәтижелі болады .
Меңдуана- дәрілікке меңдуананың дәні мен жапырағы пайдаланады. Оның құрамында алкалоидтар болады.Бұдан жасалған дәрілер демікпе, көз, тіс ауырғанда қолданады.Демікпеге шалдыққанда ішетін астматолла ұнтағының құрамына кіреді.Меңдуананың улы қасиеті күшті, сондықтан алдын ала дәрігердің кеңесін алған жөн. Негізінде меңдуананың дәріханаларда сататын майын пайдаланған дұрыс. Құрамында орталық жүйке жүйесін тітіркендіретін алкалоидтары болғандықтан, ол көз қарашығын үлкейтіп жібереді, сондықтан көзге операция жасау кезінде өте қажет.
Долана- раушан гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Әлемде долананың 39 түрі бар. Ал елімізде оның 7 түрі өседі. Соның ішінде көбірек тарағаны – алқызыл долана. Жалпы долана ағашының биіктігі 2-7 метр. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Барлық сұрыптары көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман гүлдеп бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді. Бірақ, қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Өсуі жай болғанымен, долана төзімді ағаш болып саналады. Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.