Павлодар облысы, Май ауданы, «Қазақстан жалпы орта білім беретін мектеп» ММ
Жұмыстың бағыты: Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау
Секциясы: Биология
Ғылыми жобаның тақырыбы: Жергілікті жердің дәрілік өсімдіктері
Ғылыми жобаның авторы: 9 – сынып оқушысы
Алтынбекова Бақытгүл
Ғылыми жобаның жетекшісі: Биология пәнінің мұғалімі
Сапарова Назымгуль Социаловна
Мазмұны
1.Кіріспе.
Өсімдік жайлы не білеміз? ................................................................................................................................3-4
а) мақсаты :
б) міндеті:
в) күтілетін нәтиже
..................................................................................................................................5
2.Жұмыстың өзектілігі
..................................................................................................................................6
3.Зерттеудің әдістемесі
...................................................................................................................................7
4.Жергілікті дәрілік өсімдіктерге сипаттама
................................................................................................................................8-10
5. Қорытынды
..................................................................................................................................11
6. Пайдаланылған әдебиеттер
...................................................................................................................................12
7. Аннотация
...................................................................................................................................13
8. Пікір
.................................................................................................................................. 14
Кіріспе Өсімдік –тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды.
Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді.Сондықтан халық өсімдіктерді – басқа пана, жанға сая деп бағалаған.Қазақстан Республикасы территориясында 6000 –нан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 500 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады.
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай.Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі.Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр.Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Дәрілік өсімдіктер – қазіргі кезге дейін әр түрлі дәрілік препараттар алатын шикі заттың негізгі көзі болып табылады.Қазіргі кезде олардың 40%-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Жүрек –қан тамырларының ауруларын емдеуде , олар 80%-ға дейін, ал бауыр және асқазан –ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды.[12]. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Индия фармакологтары өз елінің флорасында өсімдіктің 800 –ге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу тәсілдері осы Индия, Қытай, Жапон елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру- сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі дәрмек түрлері өте көп.
Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінелік жұмыстар жүргізілге. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши- Чжень ХVI ғасырда , өзінің 27 жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған.Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан әрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.
Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған.
Батыс және Оңтүстік Алтай жоталар жүйесі кіретін Қазақстандық Алтай өзінің бірегей алуан түрлі флорасымен, өсімдіктер әлемі және өсімдіктер ресурсымен ерекшеленеді. Қазақстандық Алтайдың ормандары мен далаларында өсетін дәрілік шөптерді жергілікті тұрғындар әр түрлі ауруларға халық емі ретінде кең қолданады. Бұл әрине түсінікті де. Алтайдың дәрілік өсімдіктерінің көп бөлігінің терапиялық құнды екендігін халық медицинасы ерте заманнан-ақ мойындаған.
Мен ғылыми зерттеу жұмысы барысында дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін , шипалық қасиеттерін және оның химиялық құрамын зерттедім.
Дайын дәріні сатып алмай жергілікті жердің өсімдігімен емдеуге болатынын үйрене отырып, өз ауылымның байлығын ұқыпты пайдалануға үйрендім.