Павлодар облысының Білім беру басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша Білім беру оқу-әдістемелік орталығы


Павлодар өңірінің мешіттерінің зерттелу



бет8/10
Дата24.03.2023
өлшемі116,91 Kb.
#75880
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пав өңіріндегі мешіттер

2.2 Павлодар өңірінің мешіттерінің зерттелу тарихы
Павлодар қаласында 6 гектар жерді алып жатқан паркі, медресесі, Кутузов, Кривенко, Қайырбаев көшелерінен кіру есіктері бар 1500 орындық Бас Мешіт сәулет ансамблі салынды. Бас мешіттің жобасын «Алматыгипрогор» АҚ жобалау институты әзірледі. Мешіт құрылысының басты мердігері «Иртыштрансстрой» ассоциациясының «Путь» ЖШС болды, «Иртыштрансстрой» ассоциациясының басшы-төрағасы М.А. Зыков. Мешіт ғимараты 48*48 метрлік сегізбұрышты жұлдыз түрінде салынған, диаметрі 30 метр 1200 орындық ерлер намаз оқитын зал, күмбездің биіктігі 33 метр. Мешіт ғимаратының көлемі 48*48 метр, мұнараларының биіктігі – 63 метр, аймен бірге күмбездің биіктігі – 54 метр, жалпы ауданы 7240 шаршы метр. Бірінші қабатта медресенің оқу сыныптары, неке қию залы, 200 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері, 300 орындық әйелдер намаз оқитын зал, дәрет алу жайлары, холл орналасқан. Неке қию залы және асхана екі көлемді бір үлкен залға айналдыру үшін жылжымалы қабырғамен бөлінген. Ғимаратқа кіру сатылармен екінші қабат деңгейіне көтереді, онда 1200 орындық балконы бар намаз оқу залы, ислам мәдениетінің мұражайы, кітапхана, бейнезал, қызметтік жайлар, холл орналасқан [17, 347 б.].
Тәуелсіз Қазақстанның заңнамалық құжаттарында азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Ар-ождан және діни бостандығын қамтамасыз ету көпконфессиялы еліміз үшін қашанда өзекті тақырып болып табылады. Кеңес үкіметі үстемдік құрған кезеңде дінге, діни ғұрыптарды атқаруға, діни тәрбие мен діни білім алуға барынша кедергі жасалды. Діни мазмұндағы қоғамдық құндылықтардың мән-мазмұны мақсатты түрде төмендетілді. Мемлекеттік тұрғыда діни сенімді жоққа шығаратын атеистік идеологияға қолдау көрсетілді. Сұрапыл тарихи оқиғалар желісінде Қазақстандағы ислам тамырынан ажырап, өзінің дәстүрлі арнасынан қол үзіп қалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 4 заңы қабылданғаннан соң діни жағдай түзеле бастады. Дінге өркениетті көзқарас қалыптасып, дін еркіндігі демократиялық қағидалардың бір бөлігіне айналды. Ал 2011 жылы 11 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы діни қатынастарды реттеу және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету бағытындағы шараларды жаңа заңнамалық деңгейге көтерді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы өзін құқықтық, демократиялық және зайырлы мемлекет ретінде орнықтыра отырып, адамның және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығының сақталуына ұдайы көңіл бөледі. Қазақстандағы мемлекет пен діннің арақатынасы, азаматтардың дінге қатыстылығы ҚР Конституциясы, Азаматтық кодексі, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы және тағы басқа бірқатар заңнамалық, нормативтік-құқықтық актілер арқылы реттеледі. Қазақ жері тарихи жағдайларға байланысты ислам, христиан, буддизм, конфуциандық сияқты ұлы өркениеттерге негіз болған әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдерінен және 130-дан астам ұлт пен ұлыстардан құралған өзара сыйластықпен өмір сүретін қоғамның қасиетті мекеніне айналды. Біздің шексіз кең байтақ даламыз өзіне алуан түрлі өркениет пен мәдениетті сіңірді. Қазіргі Қазақстан – қөпэтностық және көпконфессиялы мемлекет. Сондықтан Қазақстан мемлекетінің демократиялық сипаты әр түрлі әлеуметтік топтардың дүниетанымдық және мәдени ерекшеліктерін ескеруді қарастырады. Қазақстанда түрлі ұлттар мен конфессиялардың бейбіт қатар өмір сүруі үшін қажетті құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалған әрі конфессияаралық қатынастарды үндестіруге бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптасқан. Қазақстан Республикасы діндер мен өркениеттер үнқатысуын ұйымдастыру саласындағы бірқатар маңызды халықаралық бастамалардың авторы болып та табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстанда әр үш жыл сайын «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі» өткізіледі [18, 103 б.]. Бұл Съезд әлемдік және дәстүрлі діни сенімдер мен өркениеттер үнқатысуының байланыстырушы алаңына айналып, толеранттылық пен діни төзімділікке, өзара ынтымақ пен келісімге негізделген қатынастарды нығайта түсу және радикалды экстремистік ұйымдардың ықпалынан қоғамды қорғау бағытында игі шаралар атқаруда. Қазақстандағы өзара татулық пен келісім моделінің тиімділігіне қатысты ЕҚЫҰ, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың бірқатар оң бағалары берілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы елдің әрбір азаматына арождан бостандығы құқығына кепілдік береді. ҚР Конституциясының 22- бабының 2 тармағына сәйкес ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18- бабына сәйкес «Дінге сену немесе наным-сенімдерін тұту еркіндігі тек қана 5 қоғам қауіпсіздігін, тәртіпті, денсаулық пен имандылықты, сондай-ақ басқалардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін, заңмен белгіленген шектеулермен ғана шектелуі тиіс». Қазақстан мемлекеті зайырлылығының конституциялық қағидаты мемлекетті діни бірлестіктерден бөліп қарастырады. Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтері мен діни бірлестіктер қызметінің алмастырылуына жол берілмейді. Дегенмен, азаматтардың білім беру саласындағы қажеттілікте 6 3. Иғдадия (жоғары оқуға дайындық), оқу мерзімі – 3 жыл; 4. Ғалия (жоғары білім), оқу мерзімі – 3 жыл. Ғалияны бітірген шәкірттерге «абыз», «молда», «халфе», «мударрис», «ахун» деген атақ берілген. Медреселерде жалпы оқу мерзімі 12-13 жылға созылған. Оқу пәндері медреселердің сатысына байланысты белгіленді. Жоғары білім беретін медреселерде араб тілі (лексика, этимология, синтаксис, риторика, тарих, Құранды оқу-игеру әдісі); дін үйрену, заңнама (Құранды, оның аяттарын, хадистерді талдау, фиқһ, заң негіздері); фәлсафа (логика, математика, география, астрономия, медицина, табиғаттану, ой талдау фәлсафасы) оқытылды. Медреселердің бағдарламасында діни оқу жағы басым болды», - деп ортағасырлық медреселердің оқу жүйесі жайында мәліметтер келтіріледі. Тарихи деректерден аңғарылатындай, Қазақстандағы исламның мың жылдан аса тарихы мен тәжірибесі бар. Қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен салт-санасының, жалпы мәдениетінің қалыптасуында ислам дінінің алар орны ерекше. Орта Азия мен тәуелсіз Қазақстан топырағынан есімдері әлемге әйгілі, әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашғари, А.Иүгінеки, А.Йассауи сияқты мұсылман түркі жұртшылығының мақтанышына айналған талай тұлғалар шыққан. Қазақ би-шешендері мен ақын-жырауларының шығармалары мұсылмандық дүниетаныммен ұштасып, біте қайнасып жатыр. Қазақ халқының рухани мұралары діни білім кеңістігін қамтамасыз еткен негізгі факторлар болып саналады. Халықтың діни көзқарастары, ұлттың рухани құндылықтары ауыз әдебиеті шығармаларында көрініс тапқан. Діни тақырыпқа арналған қисса-дастандардан ислам дінінің негізгі қағидалары, танымал тұлғалары, шариғат заңдары жайлы мол мәлімет алуға болады. Есепсіз көп мұндай туындылар көпшілікке арналған діни оқулықтың рөлін қоса атқарып, қазақ халқының мұсылмандық мәдениетін қалыптастыруда, діни сауатын көтеруде теңдессіз құралына айналған. Сондықтан аталмыш рухани құндылықтарды қазіргі діни ахуал жағдайы мен халық сұранысына сәйкес діни білім беру бағдарламалары аясында жаңғыртудың маңызы жоғары. 3. Тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігі Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек», - деп Қазақстан халқының алдағы діни-рухани бағытын айқындап берген болатын. Келтірілген дәйексөзді еліміздегі діни білім берудің негізгі ұстанымы ретінде қарастырудың мәні зор. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал жағдайында ислам дініне қатысты мәселелердің өте өзекті екендігі 7 байқалуда. Бүгінгі таңда дін ұстанып, оның шариғи үкімдерін орындаушылардың басым бөлігі жастар екенін ескерсек, жастардың діни сауатына мән беру, олардың діни тәрбие мен діни білім алу қажеттілігін қанағаттандыру мәселесі стратегиялық тұрғыдан аса маңызды сала [19, 238 б.]. Себебі мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін діни негіздегі әртүрлі құқық бұзушылықтардың, дін атын жамылған түрлі теріс пиғылды ағымдар ісәрекетінің белең алуы, олардың тұрғын халықты, әсіресе жастарды өз идеологиясына белсенді түрде тартуы, жастар арасында рухани дерттердің көбеюі діни сауаттылықтың ауадай қажет екенін айғақтайды. Бүкіл адамзат тарихы дәлелдеп отырғандай, дінді дұрыс пайдалану қоғамдағы сан алуан қылмыстардың алдын алудың, сонымен қоса әр түрлі теріс пиғылды, экстремистік және террористік идеологиялардың ықпалынан сақтанудың ең тиімді тәсілі болып қала бермек. Сондықтан қазіргі заман талабы дүниетанымдық әралуандық пен көпконфессиялылыққа тән Қазақстан қоғамындағы рухани-танымдық білім беру мәселелерін шешудің әлеуметтік-мәдени, ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық бастамаларын айқындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі ислам дінінің тарихи және мәдени негіздерін оқытуды көздейтін, заман талабына үйлесімді аталмыш Тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігін негіздеп отыр. Тұжырымдамада ұсынылған шешімдер Қазақстан Республикасындағы діни білімді ел халқының дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес қалыптастыруға, оқушылардың рухани мәдениетін, соның ішінде ислам мәдениетін, ұлттық құндылықтар жүйесін және діни білім негіздерін жүйелі түрде меңгеруіне мүмкіндік береді.
Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ жеріндегі діни білім беру жүйесіне өзіндік өзгерістер әкелді. Орыс отарлау саясатының бір бөлігі болып табылатын татар молдалары арқылы қазақтарға діни білім беру әрекеттері қазақ халқын бағынышты, бодан етіп тәрбиелеу ниетінен туындағаны белгілі. ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін осы үрдіс белең алып келді. Осы кезеңге дейін қазақ даласындағы білім жүйесі бірыңғай діни сипатта болды. ХІХ ғасырдың өн бойында қазақ жерінде Созақ («Баб ата»), Қызылорда («Қалжан ахун», «Мырзабай ахун»), Талдықорған («Мамания»), Алматы («Қорам»), Тараз («Әбдіқадыр»), Сырымбет (Айғаным медресесі), Бөкей ордасы («Орда»), Семей («Ахмет Риза», «Аякөз», «Сары Хисмат»), Орал («Мутыгия», «Рахибия», «Бузуов»), Жезқазған («Дулығалы»), Торғай («Тұз»), Орда («Аққойлы»), Шаян («Аппақ ишан»), Түркістан, Қарнақ («Халфе», «Шамухамед ишан», «Молда Хашыр дамолла», «Әбілхайыр қазы»), Ақтөбе, Ырғыз, Лепсі, Мерке, Қостанай өңірлерінде медреселер көптеп бой көтерді. Бұл медреселердің кейбірі жәдидшілік ағымы негізінде жаңашыл жүйеде қалыптасқан татар-башқұрт медреселері әсерімен салынды. «Оңтүстік Қазақстан» энциклопедиясында (Алматы, 2005): «1984 жылы Торғай облысында 59 медресе болды, бұларда 457 бала оқыды. 1986 жылы Ақмола облысында 13 медресе болды, бұларда 970 бала тағылым алды. Ақмола аймағында 1923 жылы 42 медресе қызмет етті» деген мәліметтер бар. Қазақ зиялыларының үлкен шоғыры аталған медреселерде діни білім алды. Ұлтымыздың ағартушы ғалымдарына айналған осы зиялылардың бір бөлігі Орынбордағы «Хусайния», Уфадағы «Ғалия», Троицкідегі «Расулия» медреселерінде оқып, жәдидшілік идеяларымен жете танысты. Бұл өз кезегінде ХХ ғасыр басында қазақ жеріндегі медреселерде жәдид үлгісі мен төте жазудың кеңінен қолданылуына негіз қалады [18, 174 б.].
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап «татарландырудан» гөрі «орыстандыру» саясатының тиімділігін түсінген Ресей билігі жаңа үлгідегі мектептер қалыптастыру арқылы отарлау саясатын жаңа әдіспен жүргізуге көшті. Мұндай мектептердің мақсаты қазақ халқын орыстандыру және христиандандыру идеяларын жүзеге асыру болды. Ізгі идеяларға алданып, халқын сауаттандыруды мақсат етіп, аралас мектептер ашқан Ы.Алтынсарин сияқты қазақ зиялылары өз кезегінде қазақ мектептеріне христиан діні пәндерін енгізуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Қазақ әліпбиін араб әріптері негізінде жаңарту идеясы Ы.Алтынсариннен басталып, А.Байтұрсыновтың «Төте жазу» әліппесіне жалғасты. Орыс-қазақ аралас мектептері Бөкей ордасында да көптеп ашылған. «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясындағы мәліметтерге сүйенсек, 1845 жылы Бөкей ордасындағы мұсылман мектептері мен медреселерінің саны 38-ге жеткен. 2 сыныптық және 4 сыныптық училищелер, бастауыш орыс мектебі, 2 діни мектеп жұмыс істеген.
1861 жылдан басталған Ресейдегі білім беру жүйесінің реформасы христиан шіркеулері тарапынан «христиандық ағарту» жұмыстарының белсенді түрде жүргізілуіне алып келді. Қазақ даласына қоныс аударушылардың келуімен қалыптаса бастаған христиан шіркеулері де бұл үдерістен тыс қалған жоқ. Солтүстік Қазақстанда құрылған «Братство святого Гурия», Орынбордағы «Михаило-архангельское общество» қоғамдары христиандық ағарту ісін тек орыс ұлты арасында ғана емес, қазақ арасында да жүргізуге күш салды. 1880-жылдары Ресей жерінде шіркеулік приход мектептері күрт көбейе бастады. Олар кедей отбасылары балаларының білім алуына арналып, мемлекет тарапынан қаржыландырылды. Бұл мектептерде оқу мерзімі 2 жыл болып белгіленді. Оларда Құдай заңдары, шіркеу әні, оқу, шіркеу славян тілі, арифметика секілді пәндер оқытылды. Қазақстанда да ресейлік мектептердің осы түрі кеңінен таралды. 1909 жылы бір ғана Ақмола өңірінде келушілер есебінен қаржыландырылған 152 шіркеулік приход мектебі болғаны жөнінде деректер бар. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі діни білім жүйесінің жалпы көрінісі осы сипатта болды. Ал дінді «апиын» деп жариялаған Кеңес одағының атеистік билігі дінге де, діни білім жүйесіне де тыйым салғаны таяу тарихтан белгілі. Әртүрлі айып тағып, ұлт зиялыларын, байлар мен молдаларды қуғындаудың сан түрлі тәсілін тапқан кеңестік билік тұсында діни білім берудің жасырын түрлері дамыды. Орталық Азияда, қазақ даласында ғасырлар бойы жалғасып келген тариқаттар дәстүрі бұл кезеңде де үзілмеді. Шәкірттерді жекелеп түн мезгілінде оқыту, күндізгі шаруашылық жұмыстары барысында сұхбат арқылы білімімен бөлісу діни білім берудің бірден-бір мүмкін түріне айналды. Бұл үрдіс, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан өңірінде дамыды. Діни ағартудың бұл түріне тосқауыл қою үшін кеңестік билік өкілдері діни сауатты ишандар мен молдаларды барынша аңдуға алып, үстеме салық салу, мал-мүлкін тәркілеу, жер аудару шараларына дейін қолданған. 1941 жылы басталған екінші дүниежүзілік соғыс ішкі рухани дағдарыстары шегіне жеткен Кеңестер Одағына оңайға соқпады. Соғыстың алғашқы жылдарындағы үздіксіз жеңілістер ішкі ахуалды ширықтыра түсті. Өтпелі құндылықтардың халықтың рухын көтеруге қауқарсыз екендігін мойындаған кеңестік билік мәңгілік құндылықтарды қайта жаңғыртып, ел рухын көтеру, отан қорғауға жігерлендіру үшін дінге ерік беруге мәжбүр болды. 1941 жылы Орта Азия мұсылмандарының діни басқармасы (САДУМ) құрылды. Қазақстан аталған діни басқарма құрамына қазият ретінде енді. Бұл қазақ дін зиялыларының азды-көпті ашық жұмыс жүргізіп, діни еңбектер жазуына мүмкіндік берді. Әсіресе, көрнекті дін ғалымы, 20 жыл бойы (1952-1972ж.ж.) Қазақстанның қазиы қызметін атқарған Сәдуақас Ғылманидің терең әрі мазмұнды діни зерттеулері дін ғылымының сан саласын қамтуымен ерекшеленді. С.Ғылманидің «Дін педагогикасы», «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы», «Рисала Уасатыйиа», «Махмуд Шалтут тафсирінің аудармасы» еңбектері мен ақида (сенім негіздері) саласындағы жазбалары тұтас бір тарихи дәуірдің діни пайымдауларын қорытқан жүйелі ізденістердің жемісі болды. Ресми ислам өкілдерінің өз қызметін жүзеге асыруына белгілі бір дәрежеде мүмкіндік берген кеңестік билік органдарының тариқат өкілдеріне қатысты басқаша саясат ұстанды. Олар өз кезегінде ресми ислам өкілдерінің көзқарас-ұстанымдарын тариқатшыларға қарсы пайдаланып, олардың арақатынасын үнемі назарда ұстаған. Мұрағат деректерінде сақталған Қазақ КСР Дін істері кеңесінің қызметхаттарының біріндегі тариқат жолына түсіп, мүрид тәрбиелеушілердің іс-әрекетіне айрықша назар аударылуы қажеттігін баса ескерткен нұсқауда: «Тариқат, яғни суфизм ағымы Орта Азия мұсылмандарының дінбасы муфтиі Ишан Бабахан тарапынан ерекше фатуалармен айыпталғанын сіздің есіңізге саламыз» делінеді. Сонымен бірге «кезбе» (ресми тіркелмеген) молдаларға қатысты барлық құжаттарда дерлік олардың іс-әрекеттерінің САДУМ тарапынан қаншалықты мақұлданатыны немесе терістелетіні үнемі ескертіліп отырған. Кеңестік билік тұсында қазақ жерінде діни білім жандана қойған жоқ. 1971 жылы Өзбекстан астанасында Имам Бұхари атындағы Ислам институты құрылды. Кеңес одағы көлеміндегі бірден бір исламдық оқу орны саналатын осы институттан қазақ халқының бірқатар тұлғалары білім алды. Қазақ дін зиялыларының кеңестік кезең тұсындағы қызметі ғұрыптық рәсімдерді атқару, діни мерекелерді өткізу секілді шаралармен шектелді. Кеңестік кезең саясаты Қазақстандағы барлық діндердің қызметіне шектеу қойды. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін де діни ғибадат ғимараттарының салынуы барынша шектелді. 1960-1980 жылдар аралығында 28 мұсылман мешіті ғана жұмыс істеді. Тек тәуелсіздік қарсаңында ғана олардың саны 68-ге жетті. Осындай ахуал Орыс православ шіркеуіне де тән болды. 1920-1930 жылдары Ресейде бұл тұста көптеген православ дін қызметкерлері қудаланып, ату жазасына кесіліп жатты. Қазақ жері православ дін қызметкерлерінің жер аударылатын мекеніне айналды. 1945 жылы алғаш рет Алматы және Қазақстан епархиясы құрылды [19, 289 б.]. Бірақ дін қызметкерлерін қудалау әрекеттері тоқтала қойған жоқ. Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде 55 приходтың жұмыс істегендігі туралы мәлімет тіркелген. 1917 жылғы есеп бойынша 6 000 католик дінін ұстанушы және олардың 8 ғибадат үйі тіркелген. Олар негізінен Қостанай өңірінде құрылды. Петропавлда Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңнен келе жатқа католиктік шіркеу жұмыс атқарған. 1979 жылы Целиноградта католиктік діни бірлестік тіркелді. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарындағы сталиндік репрессия салдарынан қазақ жеріне протестант сенімін ұстанушы халықтар, әсіресе немістер көптеп жер аударылды. Бір ғана Еділ бойынан елімізге 360 000 неміс ұлтының өкілдері жер аударылған. 1950-жылдары елімізде лютеран шіркеуінің, інжілдік христиан-баптистердің, адвентистер мен меннониттердің қауымдары қызмет ете бастады. 1955 жылы Целиноградта алғашқы лютеран шіркеуі тіркелген. 1990-жылдары інжілдік христиан-баптистер қауымының саны 109-ға жеткен. Иудей дінін ұстанатын еврей қауымының ахуалы да осы тектес болды. Олардың Қазақстанға жаппай жер аударылуы ХХ ғасырдың 30-40-жылдарына сәйкес келеді. Қазақстандағы алғашқы синагога 1913 жылы Семейде салынып, 1932 жылға дейін жұмыс істеген. Аталған діндерге қатысты діни білім беру орындары тәуелсіздікке дейін тіркелмеген. Діни ағарту жұмыстары негізінен ғибадат ғимараттарында өткізілетін діни рәсімдер және уағыздармен шектелді. Қазақстандағы ислами білім беру жүйесі кеңестік кезеңде өзінің дәстүрлі арнасынан қол үзіп қалғаны белгілі. Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде бұл сала қайта жанданды. 1991 жылдан басталған жаңғыру үдерістерінің нәтижесінде ел аумағында көптеген діни білім беру ұйымдары (ДББҰ) ашыла бастады. Бұған 1992 жылдың 15 қаңтарында қабылданған ҚР «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңы тікелей әсер етті. ДББҰ қатарында ислам, православие, католик, інжілдік христиан-баптистер, т.б. конфессиялардың діни бірлестіктеріне қарасты оқу орындары болды. 2011 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша елімізде діни бірлестік нысанындағы 29 ДББҰ тіркелген. Аталған мекемелер заңды тұлға ретінде тіркеуден өтетіндіктен олардың есебін ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті жүргізген. Дегенмен ДББҰ-ның дербес базасы жасақталмағандықтан және оларға қатысты мәліметтер тіркелген заңды тұлғалардың жалпы базасынан алынып отыратындықтан, есептерде бірізділік болмай, 2009-2011 жылдары ДББҰ саны 27-31 аралығында ауытқып отырды. Сонымен қатар аталған база тұрақты түрде жаңартылып тұрмағандықтан, оның есебінде тіркелген, бірақ нақты қызмет атқармайтын немесе түрлі себептермен қызметін тоқтатқан ДББҰ едәуір болатын. 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы ДББҰ қызметіне елеулі өзгеріс әкелді. Аталған заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес діни білім беру ұйымдарын тек республикалық діни бірлестіктер мен өңірлік діни бірлестіктер ғана құра алатын болды. Заң бойынша мұндай ұйымдардың діни қызметшілер даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын мекемелер нысанында құрылуы көзделді. Осы нормаға сәйкес 2012 жылы жүргізілген діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерістері негізінде бұған дейін діни бірлестік ретінде қызмет атқарып келген діни оқу орындары таратылып, олардың 13-і республикалық діни бірлестіктер құрамындағы оқу мекемелері ретінде қайта құрылды. 2013 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша елімізде «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігіне (ҚМДБ) қарасты 9 медресе, республикалық Имамдардың білімін жетілдіру ислам институты, «Қауам ад-дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» республикалық қарилар дайындау орталығы, «Ықылас» қарилар дайындау орталығы секілді 12 ДББҰ қызмет атқарады. Сонымен қатар католиктік конфессияға тиесілі «Мария-ана шіркеуі» Епархияаралық жоғары діни семинариясы өз қызметін жалғастыруда. Исламдық оқу орындары. Исламдық білім беру жүйесінің жолға қойылуында ҚМДБ шешуші роль атқарды. Қазір еліміздегі ислами білім беру жүйесі бес деңгейде қызмет атқарады:
1. Діни сауат ашу курстары
2. Қарилар дайындау орталықтары.
3. Медреселер.
4. Білім жетілдіру институты.
5. Университет.
Діни сауат ашу курстары. Еліміздегі көптегеноблыстық, аудандық, қалалық мешіттер жанынан көпшілікке арналған діни сауат ашу курстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар ҚМДБ-ның қолдауымен мектеп жасындағы балалар үшін жыл сайын жазғы діни сауат ашу курстары ұйымдастырылып, жұмыс жүргізуде.2013 жылдың І тоқсанындағы есеп бойыншаисламдық сауат ашу курстарының саны – 334, білім алушылар саны – 5789. Ислами білім берудің бастауыш деңгейі – діни сауат ашу курстары жетілдіру мақсатындағы бірқатар өзгерістерді қажет етеді. Өйткені діни сауат ашу курстары көпшілік арасындағы ислами ағартушылық жұмыстарын жүйелі түрде және кең көлемде жетілдіруге мүмкіндік беретін басты тетік болып табылады. Бірақ діни сауат ашу курстарының басы кемшіліктерінің бірі – шәкірттерге ешқандай жауапкершілік жүктемейтіні, сондықтан курс шәкірттерінің оқу үдерісін кез келген уақытта үзіп, тастап кетуі жиі кездеседі. Нәтижесінде діни сауат ашу курстарына түскен шәкірттер саны мен бітірушілер саны арасында үлкен айырмашылық пайда болады. Астана медресесі ұстаздарының мәлімдеуінше, Құран оқу курстарына жазылған жүздеген шәкірттен тек бірнешеуі ғана курсты толық бітіріп шығады. Бұл жағдай оқытушылардың білім беруге деген ынтасына кері әсер етеді әрі сырт көпшілік тарапынан діни сауат ашу курстарында берілетін білімнің сапасына күмән туғызады. Сондықтан аталмыш діни сауат ашу курстарының бағдарламаларын жетілдіріп, діни мектептерге айналдыру мәселесін қолға алу қажет. Мұндай діни мектептерді бітірушілерге бастауыш діни білім алғандығы жөнінде сертификаттар берілуге тиіс. Бұл бастауыш діни білімнің деңгейін көтеріп, анағұрлым кең көлемде жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді, жүргізілген жұмыстардың жемісті, нәтижелі болуына үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар діни сауат ашу курстарында емес, діни мектеп деңгейінде оқу дәріс алушылардың да ықыласы мен жауапкершілігін арттырады, болашақта діни қызмет атқару немесе діни оқуын жалғастыру мүмкіндіктерін ұлғайтады. Қарилар дайындау орталықтары. Республика көлемінде2010 жылдың желтоқсан айында Ақмола облысы, Қосшы елді мекенінде ашылған «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігіне қарасты «Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» Құран қариларын дайындау орталығы» және Шымкент қаласында 2013 жылы тіркеліп, іске қосылған «Ықылас» қарилар дайындау орталығы» жеке мекемелері қызмет атқаруда. Орталықтардың мамандану бағытына сәйкес Құран, Құран тәпсірі, тәжуид, ақида, хадис секілді пәндер оқытылады. Орталықтарда білім алатын шәкірттердің жалпы саны – 161.
«Қауам ад-Дин әл-Итқани әл-Фараби әт-Түркістани» Құран қариларын дайындау орталығында» оқу уақыты академиялық сағатқа сәйкес 45 минут болып белгіленген. Орталықтағы шәкірттер жас ерекшелігіне және Құранды игеру дәрежелеріне қарай 4 топқа бөлініп оқытылады. Мектеп жасындағы балалардың барлығы жақын орналасқан «Қосшы» ауылдық орта мектебінде оқиды. Балалардың зайырлы білімін жүйелі түрде алуы тәрбиешілер тарапынан қатаң қадағаланады. Дегенмен шәкірттердің ой-өрісін кеңейтуіне, бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасалмаған. Әдеби кітаптарды, балалар мен жасөспірімдерге арналған танымдық әдебиеттерді оқу жағы жетіспейді. Компьютер бөлмесі, спорт залы іске қосылмаған, тәлімгерлік дәрістер ұйымдастыру ісі қолға алынбаған. Аталған бағыттарда нақты шараларды атқару орталық жұмысын еліміздің заңнамаларында көзделген білім беру талаптарында сәйкестендіруге және шәкірттердің бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты болып қалыптасуына игі әсерін тигізбек. [20, 194 б.] ҚМДБ құрамындағы Арнаулы орта және кәсіптік білім беретін мекемелер санатындағы 9 медресе Астана, Павлодар, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Сарыағаш, Алматы, Шамалған, Тараз өңірлерінде 2007 жылдан бастап ашылған. Барлық медреселердің діни білім беретін оқу бағдарламалары бойынша қызмет жүргізуге құқық беретін мемлекеттік лицензиялары бар. Медреселер ҚР Әділет министрлігінде тіркелген, ҚР Қаржы министрлігінен Салық төлеуші куәлігін алған. Медреселердің Жарғылары, статистикалық карточкалары, т.б. құжаттары толық. Білім беру қызметін ұйымдастыруы Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасы талаптарына Медреселерде негізінен жоғары діни білім алған отандық мамандар қызмет етеді. Оқытушылардың көпшілігі «Нұр-Мүбарак» университетінің, Халықаралық Қазақ-Араб университетінің, Ташкент ислам институтының, Ташкент ислам университетінің түлектері. Сонымен қатар медресе лер құрылтайшысы болып табылатын ҚМДБ мен Мысыр елінің «әл-Әзһар» университетінің арасындағы келісімшарт негізінде келген араб оқытушылар және «2030 Қазақ-түрік жастарын қолдау қорының» қызметкерлері болып табылатын түрік ұстаздар жекелеген медреселерде қызмет атқаруда.
Ұстаздардың базалық білімі, мамандану деңгейі орта діни оқу орны, яғни медресе оқытушысына қойылатын жүйелі діни білім беру талаптарына сай, алған мамандықтары оқытатын пәндеріне сәйкес келеді. Әрбір оқытушының өз пәндеріне арналған жұмысшы оқу бағдарламасы, дербес жұмыс жоспарлары жасалған. Штаттық жылдық оқу жүктемелері медресенің оқу бөлімі тарапынан бекітілген. Медреселер оқытушылары ҚМДБ-на қарасты діни бірлестіктермен, яғни мешіттермен тұрақты байланыс жасайды. Мешіттерінің бас имамы, наиб-имамы қызметін атқаратын оқытушылар да бар. Астана және Шымкент медреселеріне «2030 Қазақ-түрік жастарын қолдау қоры» тарапынан демеушілік көмек беріледі. Бірқатар медреселер өздері орналасқан қаладағы орталық мешіттердің Қор қаржысы есебінен қамтамасыз етіледі. Жергілікті жеке кәсіпкерлер қаржыландыратын медреселер де бар.
Медреселердің оқыту жоспарына мемлекеттік стандартқа сәйкес зайырлы пәндер енгізілген. Оқытылатын барлық оқулықтар, әдебиеттер мен оқу бағдарламасы Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы тарапынан бекітілген. Олар ханафи мазхабының ұстанымдарымен толық сәйкес келеді деп құпталған. «Ақида» пәнін жүргізу барысында Матуриди еңбектері негізге алынады. Өзге ақида өкілдерінің көзқарастары салыстырмалы түрде түсіндіріліп, матуриди ақидасынан ерекшеліктері көрсетіліп отырады.
Фикһ пәнін оқытуда ханафи мазхабы өкілдерінің еңбектері мен осы бағыттағы жинақтар пайдаланылады. Бірақ бұл тақырыптағы еңбектердің дені араб тілінде. Ханафи мазхабының тарихы мен теориясына, ақида мәселелеріне арналған отандық оқулықтар мен әдебиеттер өте аз. Пәндерді оқыту әдістемесі көбіне ауызша түсіндіруге сүйенеді. Фикһ саласындағы жекелеген кітаптар сабақ барысында араб тілінен ауызша аударылып оқытылады. Медреселердің кітапхана қорларында тіркелген әдебиеттер қазақ, араб, орыс, түрік және өзбек тілдерінде. Кітапханалар қорының жартысынан көбін Құран, тәпсір және фиқһ кітаптары құрайды. Негізінен араб тілінде болғандықтан бұл әдебиеттерді оқу үдерісінде пайдалану қиын. Өйткені оларды игеруге шәкірттердің уақыты жоқ және біліктілігі де жетпейді. Барлық медреселер жатақхана, асхана, оқу залдарымен қамтылған. Компьютер бөлмесі мен интернет желісі, медициналық пункттер жұмыс істейді. Жекелеген медреселерде спорт залдары жоқ, оларда дене шынықтыру пәндері көрші орналасқан мектептердің ауласында немесе спорт залдарында өткізіледі. Медреселердіңғаламтор желісінде сайттары мен арнаулы беттері бар. «Әбу Бәкір Сыддық» (Павлодар) медресесі жеке газет шығарып тұрады, ол шәкірттерге және «Әбу Бәкір Сыддық» мешітіне келушілерге тегін таратылады.
Спорттық және мерекелік мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Дегенмен шәкірттердің уақытының негізгі бөлігі оқу пәндерін игеруге, әсіресе, Құран жаттау мен араб тілін меңгеруге жұмсалады. 2013 жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша Қазақстан медреселерінде 710 шәкірт білім алуда. Медреселер кітапханасындағы қазақ тіліндегі оқулықтар санының аздығы, оларды аудару жұмыстарының тиісті деңгейде қолға алынбауы, кітап қорын толықтырудың жүйелі жоспары болмауы, әдеби, тарихи кітаптардың, гуманитарлық-жаратылыстану пәндері оқулықтарының жетіспеушілігі, ақпараттық-танымдық маңызы зор мерзімді басылымдарды кітапханалар қорына жаздырып алу жұмысының кемшіндігі ДББҰ-ның басым көпшілігіне тән олқылықтар болып табылады [14, 113 б.]. Медреселердің оқу бағдарламасын жаңартып, заман талабына сай жаңа діни ағымдар, дәстүрлі ислам, салыстырмалы дінтану, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар секілді арнайы курстар немесе қосымша пәндер енгізу қажет. Медреселердегі жалпыға бірдей зайырлы оқу пәндерін жүргізуді мемлекет тарапынан қамтамасыз етуге, медреселер ұстаздарының зайырлы білімін жетілдіру бағытында жоғарғы оқу орындарында арнайы курстарды ұйымдастыруға қолдау көрсету жөнінде құзырлы органдарға ұсыныс беріп, ынтымақтастық шараларын қарастырған жөн. Сонымен қатар медреселер мен зайырлы жоғарғы оқу орындары арасындағы байланыстарды тереңдетіп, бірлескен мәдени-танымдық шаралар мен пікірсайыстар ұйымдастыру, ғылыми жобаларды жүзеге асыру медреселер шәкірттерінің зияткерлік (интеллектуалдық) деңгейін арттыруға септігін тигізері анық. Арнаулы орта діни білім жүйесіне құрылымдық өзгерістер енгізудің де тиімді тетіктерін қарастырған жөн. Мысалы, медресеге орталау білімі жөніндегі аттестатпен қабылдау, яғни 9-сыныпты бітіргеннен кейін діни білімді игеруге мүмкіндік беру білім алушылар үшін белгілі бір дәрежеде тиімді болмақ. Бұл орта мектепті бітіргеннен кейін ғана қабылданатын қазіргі медресе шәкіртінің екі жыл уақытын үнемдеуге, жоғары исламдық білім алуға кәсіби дайындықпен ертерек қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар өзге зайырлы елдердің діни білім беру тәжірибесінен де үйренуге болатын тұстар бар. Мысалы, Түркиядағы Имам хатиб лицейлерінде 9-сыныптан бастап діни білім мен зайырлы білімді қатар алуға мүмкіндік берілген. Бұл жүйенің тиімді тұстары төмендегідей: 1. Мектеп оқушысы 10-11 сыныптағы қалыптасу кезеңінде орнықты діни білім алады, оның болашақта күмәнді діни ағымға ауытқымауына берік негіз қаланады; 2. Арнайы діни білім алу үшін өмірінің екі-үш жылдық кезеңін жоғалтпайды; 3. Болашақта дін саласына маманданғысы келсе, жоғары оқу орнында қысқартылған бағдарламамен оқуға мүмкіндігі болады; 4. Біздің еліміздің жағдайында мұндай жүйеде білім алғандар белгілі бір кезеңге дейін дін мамандарының орнын толтыра алады.  Білім жетілдіру институты. ҚМДБ жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институты ҚМДБ бастамасымен және Ислам даму банкінің қаржылық қолдауымен 2002 жылы ашылған. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде №474 1900 ДБ тіркеу нөмірі бойынша «Жоғары мамандық білім мекемесі» ретінде тіркелген. Институттың Жарғысы және басқа да құрылтай құжаттары толық бекітілген. Институттың негізгі мақсаты имамдардың білімін жетілдіру болып табылады. Оқу үдерісі төрт айға созылатын курстар бойынша жүргізіледі. Курстар қыркүйек – қаңтар, қаңтар – мамыр айлары арасында жылына екі рет өтеді. Тыңдаушылардың көпшілігі 40 жастан асқандар. Институттың лицензиясы жоқ, өйткені бұл мекемедегі білім беру жүйесі қысқа мерзімді курстардан тұратындықтан, лицензиялауға жатпайды. Оқу үдерісі институт басшысы бекітіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен келісілген оқу жоспары негізінде дәстүрлі ханафи мазхабы бағытында жүргізіледі. Отандық дін саласының мамандары ислам дініне қатысты пәндерді дәстүрлі исламның доктриналық бағыты бойынша жүргізеді. Зайырлы қоғамдық пәндерден Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері өтіледі. Оқу орны басым бөлігі араб тіліндегі діни әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Университет ұстаздарының басым бөлігі теологиялық білімін Қазақстан, Египет және Түркия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарынан алған. Оқу үдерісінің бағыттылығы ханафи мазхабы бойынша жүреді. Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы қажетті талаптарға сәйкес келеді. Университетте студенттерге арналған көпшілік кітапхана, электронды кітапхана, оқу залы, лингофон және компьютер кабинеттері жұмыс істейді.
Кітапхана қоры бай, 203 мыңға жуық діни және зайырлы мазмұндағы әдебиеттер, оқулықтар мен ғылыми еңбектер жинақталған. Университет оқытушылары тарапынан дәстүрлі исламға тиесілі сенім (ақида) негіздеріне қатысты жекелеген кітаптар қазақ тіліне аударылған. Бірақ қазақ тіліндегі кітаптар саны араб тіліндегіден әлдеқайда аз. Мысалы, исламтану мамандығы бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер бойынша кітап қорының жалпы саны – 59904. Оның ішінде 49163 кітап араб тілінде, 10741 кітап қазақ тілінде.
Елімізде қазір христиандық (католиктік) бағыттағы Орта Азия бойынша бірден-бір жоғарғы діни оқу орны – «Мария – Құдай Ана» жоғары діни семинариясы жұмыс істейді. Аталған ДББҰ 1998 жылы Қарағанды қаласында құрылған. Семинарияда оқу мерзімі – 8 жыл. Оқуға 18 бен 35 жас аралығындағы үйленбеген ер адамдар қабылданады. Қабылданушылардың кемінде орта білімі болуы, шоқынған болуы және христиандық өмір салтын ұстануы шарт. Оқуға Қазақстан азаматтарымен қатар шетел азаматтары да қабылданады. Оқу үдерісінде 1 жыл – діни уағызды, 2 жыл – философияны, 4 жыл дін ілімін игеруге, соңғы 1 жыл тәжірибеге арналады.
Семинарияда діни пәндермен қатар зайырлы пәндер де оқытылады. Оқытушылар қатарында діни академиялық білім алған шетелдік дін қызметкерлері бар. Аталған ДББҰ-да қазір 11 семинарист білім алуда.
2010 жылы Алматы қаласында Қазақстандағы Орыс православ шіркеуіне қарасты Алматы Православ діни семинариясы құрылып, 2011 жылы қайта тіркеу үдерісі басталғанға дейін қызмет атқарды. Аталған оқу орны қазір «Алматы епархиялық діни училищесі» ретінде қайта тіркеу үдерісінен өтуде.
Еліміздегі христиандық ДББҰ-ның қызметі исламдық ДББҰ қызметімен салыстырғанда анағұрлым төмен. Бұл ел халқының басым көпшілігін мұсылмандар құрайтынымен, мемлекет құрушы қазақ ұлтының мұсылман ұлт болуымен, соның негізінде осы бағыттағы рухани сұраныстардың жоғары болуымен тікелей байланысты. Исламдық оқу орындары қазақ жерінде ертеден қалыптасқан мың жылдан аса тарихы бар медреселер дәстүрін жалғастыруда. Исламдық ДББҰ-ның ҚМДБ арқылы бір орталықтан басқарылуы олардың жұмысының серпін алуына мүмкіндік беріп отыр. Ел азаматтарының рухани сұраныстарын қанағаттандыруда, діни сауаттылығы мен білім деңгейін арттыруда, дәстүрлі діни түсініктер мен рухани құндылықтарды насихаттау арқылы Қазақстан қоғамының тұрақтылығын сақтауда исламдық діни білім беру ұйымдары қызметінің маңызы зор [18, 183 б.].
Қазақстандағы христиандық ДББҰ қызметінің салыстырмалы түрде алғанда төмен деңгейде болуы негізгі конфессиялық орталықтардың ел аумағынан тыс жерде орналасуымен, ұстанушыларының саны жөнінен салыстырмалы азшылықты құрайтындығымен байланысты деуге болады. Христиандық ДББҰ қызметі белсенділігінің біршама төмендеуі 2012 жылдың өн бойында жүргізілген діни бірлестіктерді қайта тіркеу үдерісімен де байланысты болды. Бұрын діни бірлестік ретінде қызмет атқарып келген ДББҰ қызметі тоқтатылып, жаңа заң талабына сәйкес оқу мекемесі нысанында қайта құрылуы тиіс болатын. Мұндай мекемелерді тек өңірлік және республикалық діни бірлестіктер құра алатындықтан, аталған мәртебеге ие бола алмаған діни бірлестіктердің ДББҰ құру мүмкіндігі шектелді. Қазіргі христиандық ағартушылық қызмет негізінен жексенбілік мектептердің белсенділігімен сипатталады. Дегенмен соңғы кезеңде христиандық конфессиялар тарапынан ДББҰ қызметін жандандыру әрекеттері жасалуда.
Қазақстандағы білім беру саласында тәуелсіздіктен кейін қарқын алған жағымды әрі қажетті үрдістердің бірі дінтану мамандарын даярлау болып табылады. Дінтанушы мамандарды еліміздегі Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің дінтану кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия ғылымдары және дінтану кафедрасы, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасы, «Нұр» Қазақ-египет ислам университетінің дінтану кафедрасы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дінтану және теология кафедрасы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтану факультеті даярлайды. Отандық жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған дінтанушылар ғылыми-педагогикалық, сарапшылық қызметке араласып, игі нәтижелерді көрсетіп келеді. ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Дінтану» мамандығына жыл сайын 60 мемлекеттік грант бөлінеді. Жекелеген оқу орындары өз гранттары арқылы дінтанушылардың белгілі бір бөлігінің ақысыз білім алуын қамтамасыз етеді. «Дінтану» мамандығы барлық оқу орнында мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес бекітілген бағдарлама бойынша жүреді. Дегенмен оқу үдерісінде басшылыққа алатын әдістемелік құралдардың әр алуан болуы және оқытушылардың дайындық деңгейінің әркелкілігі бірізділіктің болмауына алып келуде. Еліміздің жоғары оқу орындарында «дінтану» мамандығы бойынша білікті мамандар дайындау үшін мемлекеттік білім тапсырысын бөлуді қарастыру барысында назар аударылатын мәселелер аз емес. Қазіргі грант мөлшерінің елімізді білікті дінтанушылармен қамтамасыз етуге аздық ететіні белгілі. Грант негізінде даярланған маманның оқу бітіргеннен кейін тапсырыс беруші мемлекетке өтем ретінде белгіленген орындарда қызмет атқаратыны мемлекеттік гранттың басты артықшылығы болып табылады. Осы орайда дінтану мамандығы бойынша мемлекеттік білім грантын 2-3 есеге дейін көбейту мүмкіндігін қарастыру орынды болмақ. Бұл мәселені болашақ дінтанушы маманға қай мекемелерде сұраныс бар екендігін зерделей отырып жүзеге асыру қажет. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дінтану магистранттары болашақта өндіріске жіберілетін бейіндік бағыт бойынша және ғылыми қызмет пен жоғарғы оқу орындарына оқытушылыққа жіберілетін ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша даярланады. Бұл тәжірибені жетілдіріп, дінтанушылар даярлайтын басқа да оқу орындарына енгізу оң нәтиже берері сөзсіз. Қазір орта мектептегі дінтану пәні міндетті және баға қойылатын факультатив пәні ретінде бекітілгені белгілі. Дегенмен аталған пәннің сағат саны өзгеріссіз қалып отыр. Дінтану пәнінің апталық жүктемесі – 1 сағат, жылдық жүктемесі – 34 сағат. Ал орта мектеп мұғалімінің бір штаттық мөлшерлемесі бойынша бекітілген апталық жүктемесі – 18 сағат, жылдық жүктемесі – 612 сағат. Яғни дінтану пәнінің қазіргі сағат саны мектеп мұғалімінің 0,25 мөлшерлемесін де (мұндай мөлшерлемемен мұғалімнің жұмысқа алынуы мүмкін еместігін ескермегенде) құрай алмайды. Бұл жағдайда дінтанушы маман тек тоғыз бірдей параллель сынып оқитын мектепте ғана 0,5 жүктемемен жұмысқа қабылдануы мүмкін. Мұндай мектептер ел аумағында санаулы ғана. Сондықтан дінтанушы мамандардың орта мектепте қызмет атқарып, өз әлеуетін тиісті орнына пайдалануы үшін дінтану пәнінің сағат санын көбейту немесе оны 9-11 сыныптардың бағдарламаларына енгізу арқылы тұрақты жұмыс орындарын қалыптастыру мәселесін шешу қажет. Дінтану пәнінің оқытылу аясын кеңейту еліміздегі қазіргі діни ахуал және конфессиялық кеңістіктің алуан түрлілігі жағдайында да өте маңызды. Орта мектепте дінтану бағытында жүйелі әрі сапалы білімнің берілуі болашақта еліміздің ішкі тұрақтылығына септігін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан аталған пәннің сағат санын көбейту мәселесіне мүмкіндігінше тереңірек маңыз берген жөн. Дінтанушы мамандарға қосымша мамандық беру мүмкіндігін қарастыру да осы мәселені шешудің екінші бір тетігі болмақ. Қазір орта мектептерде тәжірибе жүзінде дінтану пәнін тарихшылардың жүргізуі қалыптасқан. Осы жағдайды және аталған пәндердің салалық шектестігін ескере отырып, дінтанушыларға «дінтанушы-тарихшы» қос мамандығын беру мүмкіндігін қарастыру барлық жағынан тиімді болып табылатыны сөзсіз. Сонымен қатар «дінтану» пәнінің орта мектептегі қолданыс аясын кеңейту үшін оны «дін тарихы» деген атпен жаңа пән ретінде қалыптастырып, сәйкес бағдарлама жасақтау мүмкіндіктерін де қарастырған жөн. Елімізде 2009 жылдан бастап Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи атындағы университетте «теология» мамандығы бойынша діни және дінтанулық салаларды астастырған жоғары білім беріле бастады. Бұл мамандықтың ерекшелігі дінді тек сырттай талдау, бағалау, пайымдау арқылы тану және танытумен шектелмей, діндердің ішкі болмысын зерделей оқытатын курстардың үлес салмағы басым болуында [19, 274 б.]. Дін ұстанушының сана сезімінің динамикасын зерттейтін, түсіндіретін пәндер тағылымын тәжірибемен ұштастыруға, дінтану ғылымын өз кезегінде екінші бір шетін көзқарас болып табылатын атеизм ұстанымдарымен біржақты қаруландырудан сақ болуға мүмкіндік беретін аталған мамандықтың еліміздің діни және дінтанулық білім жүйесінде өзіндік орны болары сөзсіз. Қазіргі күні болашақ отандық теологтардың алғашқы буыны соңғы курста білім алуда. Отандық білім жүйесіндегі 2013 жылғы жаңалықтардық бірі «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында «дінтану», «теология» және «шығыстану» мамандықтарына грант бөлінгендігі болып отыр. Бұл қадам отандық мамандардың діни және дінтанулық білім саласындағы біліктілігін арттырып, әлемдік тәжірибемен жете танысуға септігін тигізері анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет