Қорытынды Бүгінгі таңда дін ұстанып, оның шариғи үкімдерін орындаушылардың басым бөлігі жастар екенін ескерсек, жастардың діни сауатына мән беру, олардың діни тәрбие мен діни білім алу қажеттілігін қанағаттандыру мәселесі стратегиялық тұрғыдан аса маңызды сала. Себебі мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін діни негіздегі әртүрлі құқық бұзушылықтардың, дін атын жамылған түрлі теріс пиғылды ағымдар ісәрекетінің белең алуы, олардың тұрғын халықты, әсіресе жастарды өз идеологиясына белсенді түрде тартуы, жастар арасында рухани дерттердің көбеюі діни сауаттылықтың ауадай қажет екенін айғақтайды. Бүкіл адамзат тарихы дәлелдеп отырғандай, дінді дұрыс пайдалану қоғамдағы сан алуан қылмыстардың алдын алудың, сонымен қоса әр түрлі теріс пиғылды, экстремистік және террористік идеологиялардың ықпалынан сақтанудың ең тиімді тәсілі болып қала бермек. Сондықтан қазіргі заман талабы дүниетанымдық әралуандық пен көпконфессиялылыққа тән Қазақстан қоғамындағы рухани-танымдық білім беру мәселелерін шешудің әлеуметтік-мәдени, ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық бастамаларын айқындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі ислам дінінің тарихи және мәдени негіздерін оқытуды көздейтін, заман талабына үйлесімді аталмыш Тұжырымдаманы қабылдау қажеттілігін негіздеп отыр. Тұжырымдамада ұсынылған шешімдер Қазақстан Республикасындағы діни білімді ел халқының дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес қалыптастыруға, оқушылардың рухани мәдениетін, соның ішінде ислам мәдениетін, ұлттық құндылықтар жүйесін және діни білім негіздерін жүйелі түрде меңгеруіне мүмкіндік береді.
Қазақ халқында діни тәрбие мен діни білім беру жүйесі ғасырлар бойы тарихи ахуалдарға орай, оңтайлы үлгілерде жалғасып келген. Рухани ілімге деген халық сұранысы қазақ жерінде діни білім беру жүйесінің жартылай отырықшы, жартылай көшпелі тұрмыс-салтына тән өзіндік үлгілері қалыптасқан. Ірі қалаларда жалғасын тапқан медреселер қызметімен қатар ауқатты адамдардың балаларын оқытатын «аталық» институты және көшпелі жұрт арасында молда ұстап, бала оқыту дәстүрі де кең тарағанын атап айтуға болады. Жаз жайлауда, қыс қыстауда жағдайлы отбасылар көмегімен ел ішіндегі діни білімді рухани тұлғалар бала оқыту арқылы халықтың діни сауатын көтеріп, қазақ балаларының хат танып, сауат ашуына ықпалын тигізіп отырған
Ислам оқу-ағарту тарихында әрі мәдениет дамуында мешіттердің рөлі ерекше. Мешіттердің салынуына байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бірінші көзқарастағылар көрші халықтардың синагок, шіркеу сияқты құлшылық орындарын көріп, соларға еліктей отырып салынғанын айтады. Екіншісі, әрі шындыққа жақынырағы, қасиетті Қағбаға қарай отырып салынғаны жайындағы көзқарас[21, 83 б.].
Мұсылмандар өздеріне бағынған жерлеріне мешіт салу үлкен үрдіске айналды. Мешіт салу арқылы бұл өлкенің Ислам мемлекетіне қосылғаны жарияланатын. Уақыт өте мешіттер көбейе түсті.
Қазақ халқында діни тәрбие мен діни білім беру жүйесі ғасырлар бойы тарихи ахуалдарға орай, оңтайлы үлгілерде жалғасып келген. Рухани ілімге деген халық сұранысы қазақ жерінде діни білім беру жүйесінің жартылай отырықшы, жартылай көшпелі тұрмыс-салтына тән өзіндік үлгілері қалыптасқан. Ірі қалаларда жалғасын тапқан медреселер қызметімен қатар ауқатты адамдардың балаларын оқытатын «аталық» институты және көшпелі жұрт арасында молда ұстап, бала оқыту дәстүрі де кең тарағанын атап айтуға болады. Жаз жайлауда, қыс қыстауда жағдайлы отбасылар көмегімен ел ішіндегі діни білімді рухани тұлғалар бала оқыту арқылы халықтың діни сауатын көтеріп, қазақ балаларының хат танып, сауат ашуына ықпалын тигізіп отырған
Ислам оқу-ағарту тарихында әрі мәдениет дамуында мешіттердің рөлі ерекше. Мешіттердің салынуына байланысты екі түрлі көзқарас бар. Бірінші көзқарастағылар көрші халықтардың синагок, шіркеу сияқты құлшылық орындарын көріп, соларға еліктей отырып салынғанын айтады.
Мұсылмандар өздеріне бағынған жерлеріне мешіт салу үлкен үрдіске айналды. Мешіт салу арқылы бұл өлкенің Ислам мемлекетіне қосылғаны жарияланатын. Уақыт өте мешіттер көбейе түсті.
Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті болып табылады. Олардың дұрыс тәрбиесі әр азаматтың саналы түрде өз Отанының бірден бір ертеңі мен бүгініне жауапты тұлғасы ретінде тәрбиелеу үлкен жауапкершілігі барлығына жүктеледі. Қорыта айтсақ, біз дінтану пәнін оқытқанда оның тарихи кезеңдерін сол кездегі қоғамның ауқымды сапалық ерекшелігі әрі өркениетімен сабақтастыра отырып үйретуіміз өзекті болып табылады. Халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған рухани құндылықтарын жаңғыртып, жандандырып, қоғам өміріне кеңінен енгізілуі қажет. Қазақстанның ұлттық-мәдени мемлекеттілігін нығайту үшін Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жастарды сан ғасырлы рухани құндылықтар мен әлемдік және дәстүрлі діндердің жасампаздығына тәрбиелеу. Павлодар өңірінің мешіттерін, ерте кезден келе жатқан діни орталықтарымыздың пайда болуын болашақ ұрпаққа зерттеп көрсету біздің борышымыз деп білеміз.