Мектептегі жұмыстардың нәтижесі (мұғалімдер, оқушылар)
- Халықаралық және республикалық зияткерлік конкурсының жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері – 4
- Жаратылыстану-математика циклі бойынша Аймақтық олимпиаданың жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері – 5
- Қалалық пән олимпиадасының сыйлық иегерлер саны — 9.
- Аймақтық ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары мен сыйлық иегерлер саны - 2.
- қалалық ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары мен сыйлық иегерлер саны- 8.
- Облыстық инновациялық-педагогикалық идея фестивалінің жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері – 2.
- «Жыл мұғалімі» қалалық конкурсының жеңімпаз номинациясы - 2
- ИКТ облыстық конкурстың жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері - 3
- Қазақстандық ғаламтор-олимпиадасының жеңғімпаздары мен сыйлық иегерлері - 6.
- «Заманауи-сабақ» қалалық ғаламтор-фестивалінің жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері - 5
- «Ең үздік мектеп кітапханашысы» облыстық фестивалінің сыйлық иегері - 2
- «Орыс қонжығы» халықаралық конкурстың жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері - 12
- BRITISH BULLDOG ағылшын тілі бойынша халықаралық конкурстың жеңімпаздары мен сыйлық иегері – 12
- «Ақбота» республикалық интеллектуалды марафонның жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері - 15
- «Кірпі» халықаралық конкурстың жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері - 15
- Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары мен сыйлық иегерлері - 258.
- Қазақстан Республикасы Кіші академия ғылымының халықаралық ғылыми-тәжірибе конференциясы -3
- «Кенгуру- лингвист» халықаралық интеллектуалды конкурстың - 2 сыйлық иегері
2.1. Мемлекеттік стандарттың орындалуы.
Нәтижелілік пен тиімділік есепті кезең бойынша мектептің әрекеті жоспарын іске асыру болып табылады. 2015 – 2016 оқу жылында педагогикалық ұжым әрекеті «ҚР Білім туралы заңына», «Тілдер туралы заңына», ҚР БҒМ бұйрығына, «Оқу жылын бастау» туралы нұсқау хатқа сәйкес, сонымен 2014-2015 оқу жылында мектеп жұмысының анализіндегі ұсыныстар мен шешімдерге негізделе құрастырылды.
Мектептің 2015-2016 оқу жылындағы жұмыс жоспарлары типтік жоспарға және әдістемелік нұсқау хатқа негізделе жасалды. Оқушыға арналған апталық оқу жүктеме деңгейі шамадан тыс болмады. 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспары толығымен іске асырылды.
2015-2016 оқу жылы бойы мектепте педагогикалық мониторинг жүргізілді, мұнда оқыту сатысында жасалған жұмыстар негізгі кезеңдері бойынша сапалы білім беруді қадағаланды, оқушыларды пәндер бойынша аралық және қорытынды аттестаттауда пед ұжымның жеткіліксіз жұмысын тауып оның себептерін ашуда анализ жасалды.
2015-2016 оқу жылында 46 сынып комплектісі қалыптастырылды, оның ішінде бастапқы оқу баспалдағында 24 сынып, негізгі баспалдақта 18 сынып, жоғары оқу баспалдағында 4 сынып оқытылды.
2014-2015 оқу жылы қазақ тілі, ағылшын тілдері бойынша төрт сыныптарда негізгі ғылымды тереңнен үйрену жалғасын тапты. Жеке пәнді тереңнен үйрену бағдарламасы бойынша барлығы бесінші сыныптарда 99 оқушы оқып үйренді. Сонымен қатар 2а; 3б; 4б; 4а гимназиялық сыныптарда оқу жалғастырылды. Барлығы – 100 оқушы.