Сонымен бірге әдістемелік жұмыста шешілмеген мәселелер бар:
Оқушылардың қабілеті мен дайындығына қарамастан олардың танымдық әсерін қамтамасыз ететін әдіс-амалдарды сабақтарда барлық мұғалімдер пайдалана бермейді (көрнекі-құралдар, өмірмен байланысты, өздігінен танымдық шығармашылық қызметін танытатын тапсырмалар және т.б.),.
Сабақта оқушылардың оқу материалын толықтай игеруді қамтамасыз ететін, танымдық қызметі, ойлау жүйесін дамытуды ұйымдастыру түрі табылған жоқ. Ол материалын дайындауына және оқу әдісіне сәйкес таңдауына байланысты болып табылады.
Тәрбиелеу және дамыту, эмоционалды көңіл-күйін көтеру мен оқу бірлестігін қамтамасыз ету, тақырып бойынша оқушылардың танымдық қызығушылығын оятып, оқу мотивациясын қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжым жұмысы тиімсіз болып тұр.
Әдістемелік жұмыстың дәстүрлі емес формасының жаңашылдықтарын ізденуге, басқа да жұмыс түрлерін табуға мұғалімдердің толық қамтымауы және т.б..
Мұғалімдердің өзара талдау және оқушылардың өзара бақылау деңгейі жоғары емес.
Көрсетілген мәселелерге байланысты келесі жылға әдістемелік қызметтің міндеттерін анықтау: - сабақ беру барысында интерактивті, ұжымдық, шығармашылық, техникалық оқу жағын кеңінен пайдалау;
- сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бойынша мақсатты түрде жұмыс жасау;
- педагогикалық тәжірибемен алмасу бойынша жұмысын бақылау;
- орта және бастауыш мектепте пән апталығын бірге өткізуді жоспарлау, пән апталығын өткізу кезінде бастауыш мектепке жоғары сынып оқушыларын тарту;
- мұғалімдерге көмек көрсету ретінде әдістемелік ұсыныс пен құрал қорын талдау және картотека бойынша жұмысын жалғастыру.
- жаңа оқу технологиясы бойынша жұмысты жалғастыру: жобалау қызметі, оқу және дайындау жобасына ақпараттық-компьютерлік технологияны пайдалану;
- математика, физика, химияны оқу кезіндегі білім беру процесінде ИКТ енгізу бойынша бағдарламаны іске асыру;
- гимназиялық білім беруді одан әрі дамыту;
- профильді оқуға ауысу үшін жағдай жасау.