Пдд қазақстан Жол жүрісі қағидалары Жалпы ережелер


 Ақпараттық-нұсқағыш белгілер



Pdf көрінісі
бет27/35
Дата31.10.2022
өлшемі1,97 Mb.
#46414
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
ПДД 2022 - Жаңа формат @baizhumaev

 
5. Ақпараттық-нұсқағыш белгілер 
Ақпараттық-нұсқағыш белгілер жүрістің белгілі бір режимдерін енгізеді 
немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да объектілердің 
орналасуы туралы хабарлайды.
5.1 "Автомагистраль". Автомагистральмен жүру тәртібін белгілейтін Қағида 
талаптары қолданылатын жол.
5.2 "Автомагистральдің аяқталуы".


5.3 "Автомобильдерге арналған жол". Автомобильдер мен мотоциклдердің 
жүруіне ғана арналған жол.
5.4 "Автомобильдерге арналған жолдың аяқталуы".
5.5 "Біржақты жүру жолы". Көлік құралдарының жүрісі бір бағытта бүкіл ені 
бойынша жүзеге асырылатын жол немесе жүру бөлігі.
5.6. "Біржақты жүру жолының аяқталуы".
5.7.1, 5.7.2 "Біржақты жүру жолына шығу". Біржақты жүру жолына немесе 
жүру бөлігіне шығу.
5.8.1 "Жолақтар бойынша жүру бағыттары". Жолақтардың саны және 
олардың әрбіреулерінде рұқсат етілген жүру бағыттары.
5.8.2 "Жолақ бойынша жүру бағыттары". Жолақ бойынша рұқсат етілген 
жүру бағыттары.
Шеткі сол жолақтан сол жаққа бұрылуға рұқсат ететін 5.8.1 және 5.8.2 
белгілері осы жолақтан кері бұрылуға да рұқсат етеді.
Жол қиылысының алдында орнатылған 5.8.1. және 5.8.2. белгілер, егер онда 
орнатылған басқа 5.8.1 және 5.8.2 белгілері өзге нұсқаулар бермесе, бүкіл жол 
қиылысына қолданылады.
5.8.2а "Жолақтар бойынша жүру бағыты";
5.8.3а "Әртүрлі жүру жолақтарындағы міндетті ең төменгі жылдамдық";
5.8.4а "Жолақтың басталуы";
5.8.8а "Жолақтар бойынша жүру бағыттары.
5.8.3 "Жолақтың басталуы". Өрге көтерілуде қосымша жолақтың немесе 
тежеу жолағының басталуы.
Егер қосымша жолақтың алдында орнатылған белгіде "Ең төменгі 
жылдамдықты шектеу" деген 4.7. белгісі бейнеленген болса, онда көрсетілген 
немесе одан көп жылдамдықпен негізгі жолақ бойынша жүрісін жалғастыра 
алмайтын көлік құралының жүргізушісі қосымша жолаққа ауысады.
5.8.4 "Жолақтың басталуы". Осы бағытта жүруге арналған үш жолақты 
жолдың орта жолағы учаскесінің басталуы.
5.8.5 "Жолақтың аяқталуы". Өрге көтерілуде қосымша жолақтың немесе 
екпінді жүру жолағының аяқталуы.
5.8.6 "Жолақтың аяқталуы". Осы бағытта жүруге арналған үш жолақты 
жолдың орта жолағы учаскесінің аяқталуы.
5.8.7, 5.8.8 "Жолақтар бойынша жүру бағыты".
5.8.9 "Әртүрлі жүру жолақтарында қолданылатын жылдамдықты шектеу.
Егер 5.8.7. белгісінде қандай да болмасын көлік құралдарының жүруіне 
тыйым салатын белгі бейнеленсе, онда осы көлік құралдарының тиісті жолақ 
бойынша жүруіне тыйым салынады.


Бағыттауыштардың тиісті саны бар 5.8.7. және 5.8.8. белгілері төрт және 
одан да көп жолағы бар жолдарда қолданыла алады.
Ауыстырмалы суреті бар 5.8.7. және 5.8.8. белгілерінің көмегімен реверстік 
жүріс ұйымдастырылуы мүмкін.
5.9 "Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ". Көлік құралдарының 
жалпы легімен жол-жөнекей жүретін маршруттық көлік құралдарының және 
басқа да қоғамдық көліктің жүруіне ғана арналған жолақ.
5.9.1 "Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақтардың аяқталуы". 
Маршруттық көлік құралдары мен көлік құралдарының жалпы ағынымен жүріп 
келе жатқан басқа да қоғамдық көліктің ғана жүруіне арналған жолақтың 
аяқталуы.
5.10.1 "Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жол". Маршруттық 
көлік құралдарының және басқа да қоғамдық көліктің жүрісі көлік 
құралдарының жалпы легіне қарсы арнайы бөлінген жолақта жүзеге 
асырылатын жол.
5.10.2, 5.10.3 "Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жолға шығу".
5.10.4 "Маршруттық көлік құралдары үшін жолағы бар жолдың аяқталуы".
5.11.1 "Кері бұрылу үшін орын". Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.11.2 "Кері бұрылу үшін аймақ". Кері бұрылу аймағының ұзындығы. Солға 
бұрылуға тыйым салынады.
5.12 "Автобус және (немесе) троллейбус тоқтайтын орын".
5.13 "Трамвай тоқтайтын орын".
5.14 "Жеңіл таксилердің тұрақ орны".
5.15 "Тұрақ орны".
5.16.1, 5.16.2 "Жаяу жүргінші өткелі". 
Өткелде 1.14.1 - 1.14.3 таңбалары болмаған кезде 5.16.2 белгісі жолдан оң 
жақта өткелдің жақын шекарасына, ал 5.16.1 белгісі - жолдан сол жаққа өткелдің 
алыс шекарасына орнатылады.
5.17.1, 5.17.2 "Жер асты жаяу жүргінші өткелі".
5.17.3, 5.17.4 "Жер үсті жаяу жүргінші өткелі".
5.18 "Ұсынылатын жылдамдық". Жолдың осы учаскесінде жүруге 
ұсынылатын жылдамдық. Белгінің қолданылу аймағы жақын жол қиылысына 
дейін, ал 5.8 белгісін ескерту белгісімен бірге қолдану кезінде қауіпті учаскенің 
ұзындығымен айқындалады.
5.19.1. — 5.19.3. "Тұйық". Толассыз өтуі жоқ жол.
5.20.1 "Бағыттарды алдын ала нұсқағыш", 5.20.2. "Бағытты алдын ала 
нұсқағыш". Белгіде белгіленген елді мекендер мен басқа да объектілерге қарай 
жүру бағыттары. Белгілерде 5.29.1 белгісінің суреті, автомагистральдардың, 


әуежайдың символдары, спорттық және өзге де пиктрограммалар салынуы 
мүмкін. 5.20.1 белгісінде жүру ерекшеліктері туралы хабарлайтын басқа 
белгілердің суреті салынуы мүмкін. 5.20.1 белгісінің төменгі бөлігінде белгіні 
орнату орнынан бастап жол қиылысына немесе тежеу жолағының басталуына 
дейінгі арақашықтық көрсетіледі.
5.20.1 белгісі, сондай-ақ 3.11 - 3.15 тыйым салу белгілерінің бірі орнатылған 
жолдардың учаскелерін айналып өтуді нұсқау үшін де қолданылады.
5.20.3 "Жүру схемасы". Жол қиылысында жекелеген маневрлерге тыйым 
салу кезіндегі жүру маршруты немесе күрделі жол қиылысында рұқсат етілген 
жүру бағыттары.
5.21.1 "Бағытты нұсқағыш", 5.21.2 "Бағыттарды нұсқағыш". Маршрут 
пункттеріне жүру бағыттары. Белгілерде онда белгіленген объектілерге дейінгі 
арақашықтық (км) көрсетілуі, автомагистральдардың, әуежайдың символдары, 
спорттық және өзге де пиктрограммалар салынуы мүмкін.
5.22 "Елді мекеннің басталуы". Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін 
белгілейтін талаптары қолданылатын елді мекеннің атауы және басталуы.
5.22а "Елді мекеннің басталуы".
5.23 "Елді мекеннің аяқталуы". Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін 
белгілейтін талаптарының күші жоғалатын осы жолдағы орын.
5.23а "Елді мекеннің аяқталуы".
5.24 "Елді мекеннің басталуы". Қағидалардың елді мекендерде жүру тәртібін 
белгілейтін талаптары осы жолда қолданылмайтын елді мекеннің атауы және 
басталуы.
5.25 "Елді мекеннің аяқталуы". 5.24. белгісімен белгіленген елді мекеннің 
аяқталуы.
5.26 "Объектінің атауы". Елді мекенге қарағанда өзге объектінің атауы (өзен, 
көл, асу, назар аударарлық орындар және соған ұқсастар).
5.27 "Арақашықтықтарды нұсқағыш". Маршрутта орналасқан елді 
мекендерге дейінгі арақашықтық (км).
5.28 "Километрлік белгі". Жолдың басына немесе аяғына дейінгі 
арақашықтық (км).
5.29.1, 5.29.2 "Маршруттың нөмірі". 5.29.1 - жолға (маршрутқа) берілген 
нөмір; 5.29.2 — жолдың (маршруттың) нөмірі мен бағыты. 
5.30.1 — 5.30.3 "Жүк автомобильдері үшін жүру бағыты". Егер жол 
қиылысында бағыттардың біреуімен олардың жүруіне тыйым салынса, жүк 
автомобильдері, тракторлар мен өздігінен жүретін машиналар үшін ұсынылатын 
жүру бағыты.


5.31 "Айналып өту схемасы". Жүру үшін уақытша жабық жол учаскесін 
айналып өту маршруты.
5.32.1 - 5.32.3 "Айналып өту бағыты". Жүру үшін уақытша жабық жол 
учаскесінің бағыты.
5.33 "Тоқтау сызығы". Бағдаршамның (реттеушінің) тыйым салатын сигналы 
кезінде көлік құралдарының тоқтау орны.
5.34.1, 5.34.2 "Басқа жүру бөлігіне ауысудың алдын ала нұсқағышы". Бөлу 
жолағы бар жолда жүру бөлігінің жүру үшін жабық учаскесін айналып өту 
бағыты немесе оң жақтағы жүру бөлігіне қайту үшін жүру бағыты.
5.35 "Реверстік жүріс". Бір немесе бірнеше жолақта жүру бағыты қарама-
қарсыға өзгеруі мүмкін жол учаскесінің басталуы.
5.36 "Реверстік жүрістің аяқталуы".
5.37 "Реверстік жүру жолына шығу".
5.38 "Тұрғын аймақ". Қағидалардың тұрғын аймақта жүру тәртібін 
белгілейтін талаптары қолданылатын аумақ.
5.39 "Тұрғын аймақтың аяқталуы".
5.40 "Ең жоғары жылдамдықты жалпы шектеулер".
5.41 "Авариялық тоқтауға арналған алаң".
5.42 
"Фотобейнетіркеу". 
Қағидаларды 
бұзуларды 
стационарлық 
сертификатталған арнайы техникалық құралмен және аспаппен тіркеу жүзеге 
асырылады.
Елді мекеннен тысқары орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 5.21.2 
белгілеріндегі жасыл немесе көк рең көрсетілген елді мекенге немесе объектіге 
жүру 
тиісінше 
автомагистральмен 
немесе 
басқа 
жолмен 
жүзеге 
асырылатындығын білдіреді. Елді мекенде орнатылған 5.20.1, 5.20.2, 5.21.1 және 
5.21.2 белгілеріндегі жасыл немесе көк рең көрсетілген елді мекенге немесе 
объектіге жүру осы елді мекеннен шыққаннан кейін тиісінше автомагистральмен 
немесе басқа жолмен жүзеге асырылатындығын білдіреді; ақ рең көрсетілген 
объекті осы елді мекенде екендігін білдіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет