49-1)
такси – Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау
қағидаларына сәйкес жабдықталған жолаушылар мен багажды автомобильмен
тасымалдауға арналған жеңiл автомобиль;
50)
тәуліктің қараңғы уақыты — кешкі қара
көлеңкеден таңертеңгі елең-
алаңға дейінгі уақыт аралығы;
51)
теміржол өтпесі — жолдың темір жолдармен бір деңгейде қиылысуы.
Жақын жердегі рельстен 10 м арақашықтықта жорамалданған сызықпен
шектелген жол учаскесі өтпенің шекарасы болып табылады;
52)
тоқтап тұру - көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға
немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес
себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату;
53)
тротуар - жолдың жүру бөлігіне қосылған немесе одан газонмен
бөлінген, жаяу жүргіншінің жүруіне
арналған жол бөлігі;
54)
тұрғын аймақ - 5.38 белгісімен белгіленген учаске, құрылыс салынған
аумақ немесе алқап;
55)
тіркеме - қозғалтқышпен жабдықталмаған және механикалық көлік
құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы.
Ұғым жартылай
тіркемелер мен ұзартылмалы тіркемелерге де қолданылады;
56)
ұйымдасқан жаяу жүргіншілер легі - осы Қағидалардың 3-бөлімі 2-
тармағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған және белгіленген жолмен
жүріп бара жатқан жаяу жүргіншілер тобы;
57)
ұйымдасқан көлік легі - көк түсті жарқылдақ маягі немесе көк және
қызыл түсті маягі іске қосылған бас көлік құралы ілесіп жүретін, фаралары
үнемі
жанып тұрған, бір жүру жолағымен тікелей бірінің артынан бірі жүріп
келе жатқан үш немесе одан да көп механикалық көлік құралдарының тобы;
57-1)
шектеулі көріну – жүргізушіге жергілікті жердің бедерімен, жолдың
геометриялық
параметрлерімен,
өсімдіктермен,
салынған
үйлермен,
құрылыстармен немесе өзге де объектілермен, оның ішінде көлік құралдарымен
шектелген жүріс бағытындағы жолдың 100 метрден кем көрінуі;
57-2)
іргелес аумақ – жолға тікелей іргелес және көлік құралдарының тура
жүруіне арналмаған аумақ. Іргелес аумақ бойымен жүру осы Қағидаларға сәйкес
жүзеге асырылады;
58)
ірі көлемді көлік құралы - көлемі нормативтік
құқықтық актілерде
белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы.
Достарыңызбен бөлісу: