Қалай ойлайсындар, кәсіптік мамандық таңдағанда не бөгет болып табылады?
Әр адам өзіне мамандық таңдағанда ыңғайлы жағдайына, оның қоғамда қаншалықты қажет екеніне көңіл аударады. Балалар, сендердің ойларынша кәсіптік мамандық таңдағанда не маңызды болып табылады?
Біз сендермен кәсіптік мамандық таңдағанда ең маңызды болып табылатын шарттарды таңдап көрейік. 1. Ақша: мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек.
2. Өзін таңдаған мамандықты жақсы көру. 3. Абырой: аула тазалаушы болғаннан гөрі хирург болған жақсы.
4. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан табылады.
Осы көз қарастарды ұстанған оқушылар, таңдаған көзқарастары бойынша топтарға бөлініп отырып, өз таңдауларын қорғау қажет.
5. Видео ролик үзіндісі.Ал енді мен сендерге мамандық таңдауда ең маңызды жақтарын анықтауға жауап ретінде әлемге әйгілі ретінде өмірде өз орындарын тапқан материалдық жағынан ешқандай қиыншылық көрмей өмір сүріп жүрген кәсіпкердің пікірін тыңдап көруді ұсынамын. Келесі кейіпкеріміз барлығымызға белгілі кеңес үкімет кезінде тәрбиелік мәні зор «Москва слезам не верит», кинофильімінен үзіндіні ұсынамын.
Видеороликті талқылау: Қайсы кейіпкердің пікірімен толық келісесіндер? Қайсысының көзқарасы сендерге күмән келтіруде, неліктен?
«Дифференцалды диагностикалық сауалнама»
(Е.А.Климов ) бойынша
ДДС әдістемесі маамндық таңдауға байланысты ең тиімді әдістемелердің бірі. Нұсқау: Кәсіби бағыттылықты анықтау үшін еңбек түрлерін таңдауға мүмкіндік беретін 20 түрлі бекіту сұрақтары беріледі. Сұрақтардың әр қайсысына міндетті түрде жауап беріп, екі мүмкіндіктің біреуін таңдау қажет.
(“а” немесе “б”) қаласаңыз “+” , қаламасаңыз “-” таңбасымен белгілеңіз Жаттығу «Жаңа мамандықтар» Оқушылар сол бөлінген топтарында отыра береді. Жүргізуші жаңа мамандықтар атауы жазылған 2 карточканы таңдап алуды ұсынады. Ол карточкада ол мамандықтар туралы түсініктеме берілмеген. Оқушылардың негізгі мақсаты алған мамандық атауына өмірлік тәжірибелеріне және де сол манадықтың атауына мән бере отырып сипаттама беріп көру. Әр бір мамандықтың атауына оқушылар өз түсініктемелерін бергенен кейін, нақты жауабын жүргізіші слайд арқылы сол мамандық туралы толық түсініктеме, сипаттамасын береді.
Ассистент (англ. - assistant) – белгілі бір фирма басшысының барлық қызметтеріне жекелей көмегін көрсетіп, ұйымдастырып отыратын қызметкер.
Дистрибьютор (англ. – distribute - распределять) – белгілі бір фирманың өнімдерін тікелей сату мен оларды насихаттау жұмысымен айналысатын қызметкер. Сол фирманың келісім шарты бойынша жұмыс атқарады.
Координатор– белгілі бір жұмыс орынында басқада фирмалармен өз ара жұмыс барысын жүйелі жүргізіп отыруға тапсырыстардың орындалуын қадағалап отыратын маман. Және де кіріс шығысты есебін жасаушы.
Логистик – от “логистика” – кеден транспорттарының мендежері. Яғни жүк тасмалдау жұмыстарын ұйымдастырушы, жүк тасмалдаушылармен және жүк жіберуші арасындағы жүк қабылдауларды бақылайды.
Копирайтер – Белгілі бір фирманың тапсырмасы бойынша жарнама шығарушы адам. Ол жарнама аясында жарнамалық мәтіндер, пресс – релиздер т.б. жасайды. Бұндай қызметтегі адамдарға жоғары шығармашылық қабілет және ойлау мен тілдерді жетік меңгерулері қажет.
Мерчандайзер – жекелей тауарлардың сатылуына тікелей жауап беретін маман. Сол өнімдердің бағаларымен жарнамалануына сонымен қоса дүкендердің сөресінде тауарлардың орналастырылуын бақылаушы.
Супервайзер (англ.- supervisor – бақылаушы және қадағалаушы) – өнімдердің таралу бағыттарын беруші және де сол өнімдердің сатылуын бақылап, қадағалап отыратын маман.
Медиатор (сотқа дейінгі арақатынасты шешуші.) – белгілі бір мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туындаған жағдайда сотқа дейін бұл келіспеушіліктің себеп салдарын анықтап беретін маман.