Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие процесінде оқушыларды педагогикалық қолдау



бет1/10
Дата05.04.2023
өлшемі173,19 Kb.
#79688
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Пед қолдау №8

Қазіргі таңдағы мектептің тәрбие процесінде оқушыларды педагогикалық қолдау

ЖОСПАРЫ

  • Педагогикалық қолдаудың мәні.
  • Педагогикалық қолдау қазіргі заманғы педагогиканың гумандық тұлғалық-бағдарланған парадигмасы ретінде.
  • Педагогикалық қолдаудың тиімді жағдайлары (тұлғаралық қатынастар атмосферасы, қарым-қатынас стилі, педагогикалық әдеп және т.б).
  • Педагогикалық қолдау тактикасы мен этаптары.

Педагогикалық қолдаудың мәні.

Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы өзгерді. Қазіргі гуманистік білім беру парадигмасына тәрбе үдерісінің субъектісі оқушы. Себебі, тәрбие оқушының өзін-өзі дамытуына, өз қабілеттерін бағалай білуіне, оқу, тәрбиеде өздігінен алдыға жылжуға ұмтылуға деген мүмкіндігіне бағытталуы керек. Ол үшін педагог пен оқушының қарым –қатынасы гуманизмге негізделеді. Барлық оқушыны тәрбиелеу, ұжымда қалыптастыру мүмкін емес. Әр оқушының дербес ерекшеліктері болады. Сіздер психологиядан дербес ерекшелікке қабілеті, қызығушылығы, темпераменті т.б. жататынын өттіңіздер.

Гуманистік бағыттағы барлық педагогтар Ш.Амонашивли, А.В.Сухолминский, Я.А.Коменский, Әл-Фараби т.б. адамды өздігінен дамуға қабілетті субъекті ретінде қарастырған. Ш.Амонашивли Педагогикалық процестің ізгілікті болуын жақтаушы жəн оны дамытушы. Оның ізгілік (гуманистік) педагогикасы педагогикалық қолдауда маңызды. -----

Оның басты еңбектерінің бірі «Ізгілік педагогикасы жайлы ойлар» деп аталады. Бұл еңбегінде ол авторитарлы білім беруді қатты сынға алады. Ол өз еңбегінде көп жағдайда экперименталды-педагогикалық процеске жəне оның нəтижесіне сүйенеді. Авторитарлы жүйенің қалыптасуын тарихи салдармен байланыстырады, яғни консерватизмнің басымдылығы. Сондықтан да ол көптеген идеялардың, бастамалардың дамуына тосқауыл болды. Əр бала туылғаннан бастап белгілі бір миссиямен туылады деп санайды, яғни əр бала өзіне тəн қабілет, нышан,белгілермен туылады дейді. Сол ерекшеліктерді дамыту үшін авторитарлы білім беруді жойып, ізгілендіру арқылы жүргізіледі деп атап өткен. Сонымен гумандық педагогика баланы өзіндік табиғи ерекшеліктерімен қабылдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет