Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Арнайы білім беру ұйымының директоры



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата06.03.2017
өлшемі241,98 Kb.
#7882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Арнайы білім беру ұйымының директоры

      Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнама мен білім беру ұйымдарының жарғысына сәйкес

оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметтерін

басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірлесіп, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу

процесінің күнтізбелік кестесін, ішкі тәртіп ережесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес

психикалық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындылары бойынша білім алушылардың

(тәрбиеленушілердің) санын қалыптастырады, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік

қорғауды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және

жетілдіреді.

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан

тәрбиеленушілердің мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек) қорғайды, арнайы әлеуметтік

қызмет көрсетулерді бағалауды және олардың қажеттілігін анықтауды қамтамасыз етеді,

ата-аналармен (олардың орнын басатындармен) жүргізілетін жұмыстарды үйлестіреді. Белгіленген



нормаларға сәйкес білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) жағдайларын қамтамасыз етеді. 

      Нормативтік талаптарға сәйкес оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және

толықтырылуын, ішкі тәртіп ережелерінің, санитарлық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және

қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етеді. Белгіленген заңнама шегінде ұйымның

мүліктері мен құралдарына иелік етеді. Педагог кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және

орналастыруды жүзеге асырады. Олардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін жағдайлар жасайды.

Педагогикалық кеңесті басқарады. Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады. Балалардың өмірі мен

денсаулығын қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. Қызмет туралы қажетті

есептілікті дауындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты,

ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының

Конституциясын

Еңбек 


, Қазақстан Республикасының 

кодексін



«Білім туралы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл



туралы»



«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы



күрес туралы»



«Неке және отбасы туралы»

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша,

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік

, «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», 

жәрдемақылар туралы»

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»



«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық

 Заңдарын және әлеуметтік

бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»

психологияның даму бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

әлеуметтік педагогиканың, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін,

еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін,

өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелері, санитарлық ережелер мен

нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білім немесе

арнайы (түзеу) білім беру ұйымдары қызметінің бейіні бойынша «Әлеуметтік педагогика» мамандығы

бойынша қосымша білімімен бірге жоғары педагогикалық білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы

педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Арнайы білім беру ұйымы басшысының орынбасары

      Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжымның ағымдағы және алдағы қызметін жоспарлауды

ұйымдастырады. Педагогтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау және қажетті оқу,

оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік, ғылыми және бейінді құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.

Білім беру процесінің сапасына және білім алушылардың білім дайындығы нәтижелерінің

объективтілігіне, факультативтерге, үйірме және секция жұмыстарына бақылау жасайды. Білім

алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Оқу сабақтарының және басқа да оқу

қызмет түрлерінің кестесін жасайды. Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.

Әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын үйлестіреді.

Оқу-әдістемелік жұмыстың жай-күйіне талдау жасайды. Эксперименттік жұмыс нәтижелеріне талдау

жасайды, оқытушылардың анағұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату бойынша шаралар қабылдайды. 

      Педагог қызметкерлерді аттестаттаудан өткізуге даярлауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, оқытудың көрнекі және техникалық

құралдарымен жарақтау, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем

әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын үйлестіреді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге медициналық

қызмет көрсету жағдайын бақылауға алады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, білім алушылар мен

тәрбиеленушілерді тәрбиелеудің арнайы бағдарламаларын құруды қамтамасыз етеді. Мәдени-тәрбиелеу

іс-шараларын дайындау және өткізу жұмыстарын, арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулердегі

қажеттіліктерді бағалау және анықтау жүргізу жұмыстарын үйлестіреді. Педагог кадрларды іріктеу

және орналастыру жұмыстарына қатысады. Жергілікті және денсаулық сақтау органдары өкілдерімен,

ата-аналармен (және оларды алмастырушы тұлғалармен) тәрбие процесін қамтамасыз етуші әкімшілік

және бөлімшелер өкілдерімен өзара іс-қимылды үйлестіреді. Пайдаланылатын жабдықтардың,

аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Белгіленген


есеп құжаттамаларын сапалы және уақытылы жасауды және беруді қамтамасыз етеді. Педагог кадрларды

іріктеуге және орналастыруға қатысады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық

құзыреттілікті меңгерген.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының 

Конституциясын



«Білім туралы»



«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»

«Қазақстан Республикасындағы баланың



құқықтары туралы»



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

«Неке (ерлі-зайыптылық) және

отбасы туралы»



«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы

, «Арнаулы

бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»

әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу

арқылы қолдау туралы»



«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың

 Заңдары және басқа да білім берудің даму бағыттары мен

қараусыз қалуының алдын алу туралы»

болашағын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология

негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, әлеуметтік педагогиканың,

педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамалар,

қаржылық-шаруашылық қызмет, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және

өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық

білім. Арнайы білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.



Арнайы (түзету) интернат ұйымының тәрбиешісі (аға тәрбиеші)

      Лауазымдық міндеттері: баланың жеке тұлғасының даму мақсатында баланың жеке қабілеттерін,

бейімділігі мен қызығушылығын зерделейді, оның негізінде психологтардың кеңесімен

түзете-дамытушылық жұмысты (топпен және жеке) жоспарлайды және жүргізеді. Әлеуметтік және

еңбекке бейімдеу, әлеуметтік-психологиялық оңалту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету, күнделікті

жұмыс жүргізеді. Пайдалы қоғамдық еңбекке қатысу, үй жұмыстарын, күн тәртібін ұйымдастырады.

Білім алуға көмектеседі, бос уақыттарын ұйымдастыру мен қосымша білім алуды ұйымдастырады.

Сабақтан тыс уақыттарда тәрбиеленушілермен тәрбиелік жұмыс жүргізеді. Тәрбиеленушілердің жас

ерекшеліктерін ескере отырып өз-өзіне қызмет жасауға, жеке гигиеналық тазалықты сақтауды

ұйымдастырады. Тәрбиеленушілердің денсаулықтарын нығайту және сақтау бойынша медициналық

қызметкерлермен қамтамасыз етеді, психикалық және дене дамуына септігін тигізетін іс-шаралар

жүргізеді, баланың мекемеде болу мерзіміне дейін денсаулықтарына жауап береді. Дәрігерлік

тексеріс алдындағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Топқа бекітілген арнайы құралдарға,

оқу-әдістемелерге, оқулықтарға, ойыншықтарға, арнайы әлеуметтік қызметке қажеттіліктерін

анықтайды және бағалау жүргізеді, оған қажетті жағдайлар құрады, баланың арнайы әлеуметтік

қызметке қажеттіліктерін анықтауға талдау жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті,

компьютерлік коммуникативтік құзыреттілікті меңгерген. 

      Интернаттың ұйымның аға тәрбиешісының міндетін атқару кезінде тәрбиешінің жұмыстарын

басқаруды ұйымдастырады. Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетеді, бастапқы педагогикалық

тәжірибені жалпылауға септігін тигізеді, тәрбиешілердің біліктіліктерін көтеруге қолдау

көрсетеді.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының 

Конституциясын



«Білім туралы»



«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»

«Қазақстан Республикасындағы баланың



құқықтары туралы»



«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

«Неке (ерлі-зайыптылық) және

отбасы туралы»



«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы

, «Арнаулы

бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»

әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу

арқылы қолдау туралы»



«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың

 Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын

қараусыз қалуының алдын алу туралы»

анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін,

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың

жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек туралы заңнамаларды, қаржылық-шаруашылық қызмет,

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары


мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса жоғары педагогикалық білім.

      «Арнаулы педагогика» қосымша білімімен қоса техникалық және кәсіптік білім.

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруге,

сонымен қатар: оқыту мен тәрбиелеудің жеке бағдарлаушылық технологиясын меңгеруі, білім беру

ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы, оны практикада қолдана білуі қажет. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары

педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші

санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі, оған қоса тәрбиеленушінің жас

ерекшіліктерін ескере отырып тәрбиелеудің әдістерін өз бетінше құрастыруы, тәрбиелеу жұмыстарын

талдаудың әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларына басшылық жасауі, диагностикалық жұмысты

ұйымдастырудың формаларын меңгеруі қажет. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары

педагогикалық білім немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 

      біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: 

      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі,

оған қоса ғылыми-зерттеу әдістерін игеруі, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, жаңа

бағдарламаларды және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, әзірлей білуі,

оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер

бойынша мақалалардың болуы, өзінің өткізетін пәні бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік

жасауы қажет.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» мамандығы бойынша жоғары

педагогикалық білім немесе педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

      тәрбиешіге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруге, сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеудің

жеке бағдарлаушылық технологиясын меңгеруі, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің

жұмысына қатысуы, оны практикада қолдана білуі, тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін

меңгеруі қажет. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық

және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. 

      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: 

      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі,

оған қоса тәрбиеленушінің жас ерекшіліктерін ескере отырып тәрбиелеудің әдістерін өз бетінше

құрастыруы, тәрбиелеу жұмыстарын талдаудың әдістерін меңгеруі, шығармашылық семинарларына

басшылық жасауы, диагностикалық жұмысты ұйымдастырудың формаларын меңгеру қажет.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық

және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 

      біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: 

      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын талаптарға жауап беруі,

сонымен қатар: оған қоса ғылыми-зерттеу әдістерін игеруі, оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін, жаңа

бағдарламаларды және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, әзірлей білуі,

оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер

бойынша мақалалардың болуы, өзінің өткізетін пәні бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік

жасауы қажет. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Арнаулы педагогика» қосымша біліммен қоса техникалық

және кәсіптік білім педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.



Арнайы білім беру ұйымдарының басшысы

      Лауазымдық міндеттері: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес

психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) және

психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (бұдан әрі - ППТК) жұмыстарын жоспарлайды және

ұйымдастырады. Арнайы мекеменің түрін, оқыту мен тәрбиелеу нысанын талқылау және анықтау кезінде

консультация берудің алқалық жұмысын ұйымдастырады, әдістемелік жұмысты басқарады, құжаттаманың

дұрыс жүргізілуіне, ПМПК, ППТК-ны арнайы оқу және медициналық жабдықтармен, компьютерлік

техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді. Бұқаралық ақпарат

құралдарының көмегі арқылы тұрғындар арасында семинарлардағы, педагогтарды даярлау және

біліктіліктерін арттыру курстарындағы педагог қызметкерлердің, медициналық және басқа да

қызметкерлердің арасында дефектологиялық білімді тарату жұмыстарын; білім беру және денсаулық

сақтау ұйымдарымен бірлесіп, балалардың ауытқушылық дамуының алдын алу мәселелері бойынша

сақтандыру жұмыстарын ұйымдастырады. Балаларды тексеруден өткізудің жоғары деңгейін, ПМПК және

ППТК мамандарының сапалы жұмысын қамтамасыз етеді. Ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету,

олардың кәсіби білімдерін дамыту, өмірлері мен денсаулықтары үшін қауіпсіздік жағдайларын жасау,

ұжымда қолайлы психологиялық орта қалыптастыру шараларын қабылдайды. Өзіне бағынысты құрылымдық

бөлімшелердің қызметін үйлестіреді. ПМПК, ППТК-ның мүдделерін барлық органдарда қорғайды.

Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Қажетті есепті

дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының

Конституциясын

Еңбек 


, Қазақстан Республикасының 

кодексін



«Білім туралы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл



туралы»



«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы



күрес туралы»



«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»

«Қазақстан Республикасында

мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін

, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 

мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»

«Кемтар


балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»

«Кәмелетке

толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»

Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен болашағын анықтайтын басқа да нормативтік

құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім

беру стандарттарын, педагогика ғылымы мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, еңбек

туралы заңнамалары, қаржылық-шаруашылық қызметін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі,

өндірістік санитарлық және өртке қарсы күрес нормалары мен ережелерді, санитарлық ережелер мен

нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология», «Психология» мамандығы бойынша жоғары

педагогикалық білім «Арнаулы педагогика» немесе қосымша мамандандырумен «Арнаулы психология»

мамандықтары бойынша қосымша білімімен қоса медициналық білім және арнайы білім немесе денсаулық

сақтау ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.



Дефектолог-мұғалім (сурдопедагог, олигофренопедагог,

тифлопедагог)

      Лауазымдық міндеттері: Мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-түзету жұмысын жүзеге асырады.

Оқушыларды тексереді, ауытқушылықтың құрылымы мен деңгейін анықтайды балалардың психологиялық

және дене қалпын есепке ала отырып, сабақ жүргізуге топ жинақтайды. 

      Бала бойында зақымдалған функцияны қайта қалпына келтіру бойынша жеке және топтық

түзету-дамыту сабақтары жүргізіледі. Оқушылардың әлеуметтенуіне және білім беру бағдарламасын

меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудың әртүрлі құралдары мен амалдарын, әдістерін, түрлерін

қолданады. Арнайы білім беру мекемелерінде пәннің ерекшеліктерін есепке ала отырып оқушылардың

бойындағы ауытқушылықты түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмыс жүргізіледі.

Жүйелі түрде өздерінің кәсіби біліктіліктерін көтереді. Әдістемелік бірлестіктер қызметтеріне

және басқа да әдістемелік жұмыстарға қатысады. Ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) байланыс

жасайды, балаларға арнайы көмек көрсетудің арнайы әдістері мен тәсілдерін қолдану жөнінде кеңес

береді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгереді. Еңбекті

қорғау, техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын орындайды. Оқыту



процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз

етеді.


      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының

Конституциясын

Еңбек 


, Қазақстан Республикасының 



кодексін

«Білім туралы»

«Бала құқықтары туралы конвенция»

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»



«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»



«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»

 Заңдарын және білім беру мәселелері

«Қазақстан Республикасындағы мүгедек балаларды қорғау»

бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, арнайы педагогика, арнайы психология, жас

ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, пәнді оқыту мен тәрбиелік жұмыс әдістемесін,

бағдарламалар мен оқулықтарды, оқытудың құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндігін,

педагогика ғылымы мен білім берудің даму перспективасы мен негізгі бағыттарын, еңбек туралы

заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы күрес ережелері мен

нормаларды. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: жұмыс

өтілінсіз «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі. 

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерін анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптар: 

      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:

      Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалім-дефектологқа қойылатын талаптарға жауап

беруі, сонымен қатар: озық тәжірибелерді зерделеуі, оны практикада қолдана білуі, балалар

кемістігінің көрсетілген дәрежесін талдау, дағдыларының болуы, даму ауытқуларын түзеу, бұзылған

функцияларды қалыптастыру бойынша топтық және жеке сабақтар жүргізуі, білім беру ұйымдарының

әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық

білімі және мұғалім дефектолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. 

      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: дефектолог мұғалімге, біліктілігі

жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар даму

мүмкіндігі шектеулі балалармен оқу-түзету жұмыстарын талдау әдістерін меңгеруі, шығармашылық

семинарларға жетекшілік жасай білуі, озық тәжірибелерді енгізуі, дефектологияның қазіргі

әдістерін игеруі, оларды пайдалану құқығына сертификаттарының болуы, білім беру ұйымдарының

әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі және мұғалім-дефектолог

лауазымында жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 

      біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:

      Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалім дефектологқа қойылатын талаптарға

жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін игеруі, жаңа

оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық технологияларды, оқыту және

тәрбиелеу әдістерін, әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, өз пәні

бойынша эксперименттік тапсырма құру, арнайы білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша

шығармашылық топтарға жетекшілік етуі, арнайы білім беру проблемалары бойынша педагогикалық

басылымдарда жарияланымдардың болуы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық

білімі және мұғалім-дефектолог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет