Қосымша білім беру педагогы
Лауазымдық міндеттері: Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық
қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар
бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу
мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін
оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын
жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің
педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін
анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты
кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке
қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды
қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің
жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің
тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере
отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға
ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде
мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына
қатысуын (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.) ұйымдастырады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады. Оқу сабақтарын
жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын
сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ата аналары мен
олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі. Әдістемелік
бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін
жүйелі арттырады.
Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының
мен Еңбек
, «Неке
Конституциясын
кодексін
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының
, Қазақстан
Кодексін
Республикасының
,
,
«Білім туралы»
"Қазақстан Республикасының тілдер туралы"
"Қазақстан
,
Республикасындағы бала құқықтары туралы"
"Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" «Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»
Заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
Қазақстан Республикасының бiлiм беруді дамытудағы басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын,
педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін әдiстемелiк
қамтамасыз ету қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік
тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім
алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, оларды ауыстыратын тұлғалармен,
жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін сараптау
технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес компьютермен, электронды
пошта және браузерлермен, мультимедиалық жабдықтармен жұмыс істеу негіздерін, білім беру
ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: үйірме, секция, студия және өзге де балалар
бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің немесе үйірме, секция,
студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес техникалық және кәсіптік бiлiм, жұмыс
өтіліне талап қойылмайды;
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ
педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, зерттеу, эксперименттік жұмыстары дағдаларын
меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе білуі, өңірлік (қалалық)
көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары ұжымын басқаруы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің
бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі немесе тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейлі бiрiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші
санатты педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар зерттеу, эксперименттік жұмыстар
әдістерін меңгеруі, облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың,
жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, педагогикалық басылымдарда әдiстемелiк
жарияланымдардың болуы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: тиісті бейіні мен балалар бірлестігі бойынша жоғары
педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші
санатты қосымша білім беру педагогына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар:
халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар
ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс
өтілі кемінде 5 жыл немесе балалар бірлестігінің тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
біліктілігі орта деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі санатсыз
педагогке қойылатын талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдаларын меңгеруі,
жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмысты жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің,
олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік бiлiмі
және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік
бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты
педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін
меңгеруі, облыстық көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы
тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік
бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және
кәсіптік білімі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты
педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сонымен қатар халықаралық, республикалық
конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.
Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік
бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе техникалық және кәсіптік бiлiмі және
педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
Ұйымдастырушы педагог
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы білім алушыларының жас ерекшелігі мен
психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері бойынша
оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене даму
ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Клубтардың, үйірмелердің,
секциялардың, әуесқой бірлестіктердің жұмыстарын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен
қызметтерін ұйымдастырады. Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді: ғылыми-техникалық,
көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы да басқа.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін баланың
құқықтарын іске асыруға ықпал етеді. Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды,
балалардың каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың бос уақыт, демалыс, ойын-сауық
саласындағы маңызды әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды. Балалардың мәдени-бұқаралық
іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен
денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
мен Еңбек
, «Неке
Конституциясын
кодексін
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының
, Қазақстан
кодексін
Республикасының
,
,
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»
«Қазақстан
,
Республикасындағы бала құқықтары туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» «Кәмелетке
толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»
Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша басқа да құқықтық нормативтік актілерді, жас
ерекшелігі мен арнайы педагогика және психология, физиология, гигиена мәселелерін, білім
алушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін дамыту ерекшеліктерін, олардың шығармашылық
қызметтерінің, таланттарды іздеу және қолдау әдістерінің негіздерін, тәрбие жұмысының әдістерін,
оқыту құралдары мен олардың дидактикалық мүмкіндіктерін, үйірмелер, секциялар, студиялар,
клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын, балалар ұжымдары, ұйымдары мен қауымдастықтар
қызметінің негіздерін, еңбек туралы заңнама негіздерні, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейлі санатсыз маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні
бойынша жоғары кәсіптік білімі.
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар: балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру
нысандарын меңгеруі, тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, әдістемелік
бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және ұйымдастырушы педагог
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістемесін меңгеруі, балалар мен
жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін өз
бетінше білуі, жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және ұйымдастырушы педагог
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, жаңа
педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды сынақтан өткізу бойынша
жұмыстарды жүргізуі; әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық
топтарға жетекшілік етуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және ұйымдастырушы педагог
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және ұйымдастырушы
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман:
жұмыс өтілісіз педагогикалық бейінінің техникалық және кәсіптік білімі.
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар, балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмысты ұйымдастыру
нысандарын меңгеруі, тәрбиелеу процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, әдістемелік
бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі
және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеруі, балалар мен
жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу әдістемесін
өзбетінше білуі, жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі
және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты педагогке қойылатын талаптарға жауап беруі,
сонымен қатар: жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, оларды
сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу
жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік етуі, өз жұмысында оқыту мен тәрбиелеудің озық
педагогикалық тәжірибесін және инновациялық технологияларын пайдалануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік білімі
және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Әлеуметтік педагог
Лауазымдық міндеттері: Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық
ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмірлік жағдайын, зерделейді, білім алушылардың
мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалдық жағдайын, мінез-құлық ауытқуларын
анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді. Баланың жеке және әлеуметтік
проблемаларын шешу тәсілдерін, міндеттерін, нысандарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әдістерін
анықтайды, білім алушы балалардың жеке құқығы мен еркіндігін іске асырудағы әлеуметтік қорғау
мен көмек бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, балалар және мекемелер, отбасылар, орта,
әртүрлі әлеуметтік қызметтер, ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал
болады. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту мен әлеуметтік
қорғау бойынша және қоғамдағы өмірге жеке тұлғаны бейімдеуді қамтамасыз ететін тұрғылықты жері
бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды
патронатқа алу, тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен, мүліктік және мүліктік емес
құқықтармен қамту бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Сабақтан тыс уақытта білім алушылардың
талантын, ойлау және дене мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды. Әлеуметтік ортада
ізгілікті, адамгершілікті, дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал етеді. Бала мен
мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімдермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара әрекеттеседі. Оқыту процесі
кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді. Білім беру
ұйымдарындағы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
мен Еңбек
, «Неке
Конституциясы
кодексін
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының
, Қазақстан
кодексі
Республикасының
,
,
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»
«Сыбайлас
,
жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен
Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі
балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»
басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат, жалпы және әлеуметтік педагогика,
педагогикалық, әлеуметтік, жасерекшелік және балалар писхологиясы негіздерін, валеология және
әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалау әдістерін, тәрбие
жұмысы әдістемесін, педагогикалық ғылымды дамытудың, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды талдау
және бағдарламалаудың негізгі бағыттарын, еңбек туралы заңнамалар негізі, еңбекті қорғау және
техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтау нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер
мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні
бойынша жоғары білімі.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар озық тәжірибені зерделеуі, оны практикада қолдануы, оқу-тәрбие
жұмыстарын талдау дағдыларының болуы, білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің
жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік педагог
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша жоғары білімі және әлеуметтік
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбиелеу жұмыстарын талдау әдістерін меңгеруі,
шығармашылық семинарларға жетекшілік ете білуі, озық тәжірибені қолдануы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік педагог
лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және
әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын жалпы
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін
меңгеруі, жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық технологияларды әзірлей
білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті
проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына жетекшілік ете білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік педагог
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және әлеуметтік
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
Музыка жетекшісі
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес
тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық аспапта
орындау техникасын кәсіби шеберлікпен меңгереді. Музыкалық және басқа да мәдени-бұқаралық
іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; балалармен дербес жұмыстар жүргізеді, музыкалық
жағынан дарынды балаларды анықтайды.
Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Балалармен ойын
жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, әртүрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды өткізеді.
Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады. Балалармен
жұмыс істеу практикасына озық тәжірибелерді енгізеді.
Ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңестер
береді. Тәрбиеленушілердің музыкалық жетілуін бақылап отырады. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік
техникасы және өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
мен Еңбек
, «Неке
Конституциясы
кодексі
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының
, Қазақстан
кодексін
Республикасының
,
,
«Білім туралы»
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»
«Қазақстан
,
Заңдарын
Республикасындағы бала құқықтары туралы»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әр кезеңдегі музыкалық туындылар, стиль мен жанр,
дәрістер мен репетициялар өткізу әдістемесін, педагогика мен психология негіздерін, әр жастағы
баланың музыкалық қабылдауы, эмоциясы, моторикасы және музыкалық қабілетін, балалар
репертуарының музыкалық шығармалары, музыкалық тәрбиелеудің әдістемесін, музыка аспаптарын
кәсіби орындау, дәрігер келгенге дейінгі медициналық көмек негіздерін, экономика негіздерін,
еңбек туралы заңнамалар, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтау
нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары музыкалық білімі.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары музыкалық білімі және музыка
жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын талаптарға жауап
беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі қазіргі заманғы
әдістерін меңгеруі, баланың музыкалық қабілетінің даму диагностикасының элементтерін білуі,
баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білімі және музыка жетекшісі
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін
қолданудың өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік
ерекше әдістерін білуі тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары музыкалық білімі және музыка жетекшісі
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: музыка жетекшісіне қойылатын жалпы
талаптарға жауап беруі тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және музыка
жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін
қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балалардың музыкалық қабілетінің даму
диагностикасының элементтерін білуі, баланың даму ортасының қалыптасуына белсенді қатысуы тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және музыка
жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын жалпы талаптарға
жауап беруі, сонымен қатар: балаларды музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы әдістерін
қолдануға өзінің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық дамытудың өзіндік
ерекше әдістерін білуі тиіс.
біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (музыкалық) білімі және музыка
жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |