Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата06.03.2017
өлшемі241,98 Kb.
#7882
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының

педагог-психологы

      Лауазымдық міндеттері. Оқушылардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және

түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау конвенциясына сәйкес

тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Балалардың тұлғасын дамуына кедергі келтіретін

факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес

беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе

оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды

шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностикасын

жүргізеді. 

      Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларының

бағдары мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың

тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды.

Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады. 

      Оқушылардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескерумен білім беру қызметінің дамытушы

және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, өмірдегі әртүрлі жағдайларда

бағдарлануына балалардың дайындығын дамытуына көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық

дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі. 

      Оқушылардың даму дәрежесін анықтайды балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік даму

бұзушылықтарын диагностикалайды, оларға педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын жүргізеді.

Оқушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің әлеуметтік-психологиялық біліктілігін

арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының

қызметкерлеріне консультация береді. Педагогикалық, әдістемелік кеңес жұмыстарына, ата-аналар

жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да

шараларға қатысады. Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар.

Өзінің кәсіби деңгейін арттырады. Тәрбие-білім беру үдерісінде балалардың өмірін, денсаулығы мен

құқықтарын қорғауын қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника

қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныс техникасын сақтайды.

      Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының 

, ҚР Еңбек 

, Қазақстан

Конституциясы

кодексін


Республикасының 

«Білім туралы»



"Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және

,  



медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"

«Қазақстан Республикасы тіл туралы»



 

"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", «Қазақстан Республикасы жемқорлыққа

 Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша



қарсы күрес»

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жалпы психология, педагогикалық

психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық психология мен диференсалдық психология, балалар

мен жас ерекшелік психологиясын, әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар

нейропсихологиясы, патопсихология, психосоматиканы, дефектология, психотерапия,

психодиагностика, психологиялық кеңес және психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынастың

әлеуметтік-психологиялық тренингтер, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби кеңес

берудің қазіргі заманғы әдістерін, балалардың дамуында ақауы бар балаларды диагностикалау және

түзетуді, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен

ережелерін және санитарлық қағидалар мен нормаларды. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: 

      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: еңбек өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті

бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім. 

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғарғы деңгейдегі екінші санатты маман: 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ педагог-психологке қойылатын барлық талаптарға

жауап беруі, сонымен қатар: қазіргі заманғы психологиялық әдістерді меңгеруі, мектепке дейінгі

жастағы балалармен нақты психологиялық жұмыс жасаудағы басымдықтарды айқындай алуы, мектеп

жасына дейінгі балалармен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын дайындауға

қатысуы, білім беру мекемелеріндегі жетекші психологиялық-педагогикалық тәжірибені игеру бойынша

әдістемелік семинар жұмысына қатысуы тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және

педагог-психолог қызметіндегі еңбек өтілі кемінде 2 жыл. 

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман: 

      біліктілігі екінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай

болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен әртүрлі психологиялық жұмыстарды

атқаруы тиіс, үнемі өзінің біліктілігін арттыруы керек, жетекші тәжірибені игеру бойынша

семинарларға жетекшілік етуі тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және

педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл.

      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санаттағы маман: 

      біліктілігі бірінші санаттағы жоғары деңгейлі педагог-психологқа қойылатын талаптарға сай

болуы тиіс, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша жаңа

психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес дайындауы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары кәсіптік білім және

педагог-психолог лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының

дефектолог-мұғалімі, логопеді

      Лауазымдық міндеттері. Мүмкіндігі шектеулі балалармен және жасөспірімдермен түзету

жұмыстарын жүзеге асырады. Тәрбиеленушілердің психикалық, физиологиялық бұзылыстарын тексеру

жүргізеді, олардың құрылымы және көрініс дәрежесін анықтайды. Тәрбиешілер және басқа да

мамандармен бірлесіп түзету, бұзылған қызметтерін қалпына келтіру және мүмкіндігі шектеулі

тәрбиеленушілердің әлеуметтенуіне арналған топтық және жеке жұмыстарды жүзеге асырады.

      Педагог қызметкерлерге, оқушылардың ана-аналарына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға

дамуында ауытқуы бар балаларға көмек көрсетуде пайдаланатын әдіс-тәсілдерді қолдану туралы кеңес

береді. 

      Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес оқытудың түрлі әдіс, тәсілдерін қолданады. Арнайы

білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. 

      Компьютерлік сауаттылығы, ақпаратты-коммуникациялық құзырлығы бар. Өзінің кәсіби


біліктілігін жүйелі түрде арттырады. Әдістемелік бірлестік және әдістемелік жұмыстардың басқа да

түрлеріне қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Қоғамда мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен

толерантты қатынас орнатуға арналған ағарту жұмыстарын жүргізеді. Еңбекті қорғау нормалары мен

тәртіптерін, қауіпсіздік техникасын және өрттен қорғауды орындайды. Оқу үрдісінде балалардың

өмірлерін, денсаулықтарын және балалардың еркіндігін сақтауды қамтамасыз етеді.

      Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының 

Конституциясын





«Білім туралы»

«Балалар құқықтары конвенциясы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»

«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзете қолдау»



«Қазақстан

, «Арнайы әлеуметтік стандарттар туралы» Заңдарын және Қазақстан

Республикасында балалар құқығы»

Республикасының білім беруді дамыту болашағын және бағыттарын анықтайтын нормативті құқықтық

актілерді, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызметтің

мемлекеттік стандартын, жас ерекшелік және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның

анатомиялық-физиологиялық және клиникалық негіздерін, тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды

түзетіп және алдын-алу әдіс-тәсілдерін, кәсіби және іс жүзіндегі әрекеттері мәселесі бойынша

нормативті және әдістемелік құжаттарды, дамуында ауытқулары бар оқушылар мен тәрбиеленушілермен

жұмыс жүргізуге арналған бағдарламалы-әдістемелік әдебиеттерді, дефектология ғылымының жаңа

жетістіктерін, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау тәртібі мен нормаларын, қауіпсіздік

техникасын және өртке қарсы қорғау, санитарлық қағиданы.

      Лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары

педагогикалық білім. 

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтаумен қоса біліктілікке қойылатын талаптар:

      санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейлі маман: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша

жоғары педагогикалық білім, еңбек өтіліне талап қойылмайды.

      екінші санатты жоғары деңгейлі маман: 

      санаты жоқ жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопедке қойылатын жалпы талаптарға

сәйкес болуы, сонымен қатар: оқытудың жаңа әдістерін тексеруден өткізуі, озық тәжірибелерді

игеруі, оларды қолданып, тәрбиеленуші тұлғалардың жалпы мәдениетін, әлеуметтенуін қалыптастыруды

сараптау икемінің болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары

педагогикалық білім, дефектолог-мұғалім (логопед) лауазымында жұмыс стажы кемінде 2 жыл. 

      бірінші санатты жоғары деңгейлі маман: біліктілік деңгейі жоғары екінші санатты

дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, екінші санатты жоғары деңгейлі логопедке қойылатын

жалпы талаптарға сәйкес болуы, сонымен қатар оқытуда тәрбиеленушілердің ауытқуларын барынша

түзеуге бағытталған сараптау әдістерін меңгерген, шығармашылық семинарларды басқара білу,

педагогикалық озық тәжірибені ендіру, дефектологияның заманауи әдістерін меңгерген, қолдануға

құқылы сертификаттары бар, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысу, өз

кәсіби құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы керек.

      лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары

педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек

өтілі кемінде 3 жыл. 

      жоғарғы санатты жоғары деңгейлі маман: 

      бірінші санатты жоғары деңгейлі дефектолог-мұғалімге, логопед-мұғалімге, қойылатын жалпы

талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік жұмыстардың әдістерін білуі,

жаңа бағдарламаларды құрастырып, оларды енгізуге жұмыстар атқару керек, арнайы педагогика

саласындағы өзекті мәселелерді қарастырудағы шығармашылық топтың жұмысын басқару, өз кәсіби

құзырлығы саласына қажетті теориялық және практикалық білімінің болуы қажет.

      лауазымға қойылатын талаптар: «Дефектология» «Логопедия» мамандығы бойынша жоғары

педагогикалық білімі немесе мамандыққа сәйкес жоғары білімі, логопед-мұғалім қызметінде еңбек

өтілі кемінде 5 жыл.

Әлеуметтік педагог


      Лауазымдық міндеттері: Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке

психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру

жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі

ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді. 

      Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың әдістерін, түрлерін, міндеттерін анықтайды, баланың

әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен

тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және

әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік

органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру

ұйымдары арасында байланыс орнатады. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін,

баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды. Тұлғаның қоғамдағы өмірге

бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім

алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша

іс-шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған

балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды

мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен,

зейнет ақымен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен

әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды

өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге,

бекітуге және іске асыруға қатысады. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық

біліктілікке ие.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының

Конституциясын

Еңбек 

, Қазақстан Республикасының 



кодексін


«Білім туралы»

«Қазақстан Республикасындағы тілдер



туралы»



«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және

медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»



«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді

, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», 

әлеуметтік қорғау туралы»

«Кәмелетке толмағандар

арасындағы құқық бұзушылықтың және балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»



«Қазақстан

 заңдарын және



Республикасындағы бала құқығы туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

басқа білім беру мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік саясат

негіздерін, жалпы және әлеуметтік педагогиканы, педагогикалық, әлеуметтік, жас ерекшелік және

баланың психологиясын, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, әлеуметтік-педагогикалық

және диагностикалық әдістерді, тәрбие жұмысы әдістері, педагогикалық ғылымның негізгі

бағыттарын, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау және талдауды, еңбек туралы заңнамалар

негізін, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі

техникасын, санитарлық ережелер мен нормаларды. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім.

      Тиісті санатты алуы үшін міндеттерді анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:

      Жоғары деңгейлі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын барлық талаптарға жауап беруі,

сонымен қатар: озық іс-тәжірибелерді зерттеп оны практикада қолдана білуі, оқу-тәрбие жұмысына

талдау жасау дағдыларын, білім беру ұйымдарындағы әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуы

тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, әлеуметтік педагог



лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 3 жыл;

      біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман:

      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық

талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасау әдістемесін, шығармашылық

семинарларды басқара білуі, озық тәжірбиелерді енгізуі тиіс.

      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог

лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 4 жыл;

      біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғары санатты маман:

      бірінші санатты әлеуметтік педагогқа қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен

қатар: ғылыми-әдістемелік, эксперименттік жұмыстарды білуі; әлеуметтік-педагогикалық



бағдарламалардың, педагогикалық технологиялардың құрастыра білуі және олардың жұмысы бойынша

апробация жүргізуі, әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерімен айналысатын шығармашылық

топтың жұмысын басқаруы тиіс.

      біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және әлеуметтік педагог

лауазымындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл.

Тәлімгер, аға тәлімгер

      Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің дамуына ықпал етеді.

Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауда оларға көмектеседі,

олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Ұжымдық-шығармашылық қызметті

ұйымдастырады. Қолданыстағы ұйымдар мен бірлестіктер туралы балалар мен жасөспірімдерді кеңінен

ақпараттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге азаматтық және

рухани ұстанымын танытуға, өзінің мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға, бос уақыттарын

пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында

мәдени-бұқаралық патриоттық жұмыстарды жүргізеді. Оған сеніп тапсырылған білім алушылар мен

тәрбиеленушілердің, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қамқорлық танытады. Каникул

кезінде олардың демалысын ұйымдастырады. Балалармен және жасөспірімдермен озық жұмыс

тәжірибелерін зерделейді және қолданады.

      Балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің алғашқы ұжымдары басшыларын іріктеу және дайындау

жұмыстарын жүргізеді.

      Тәрбиеленушілердің (білім алушылардың) отбасылық жай-күйін зерделейді және

баспаналық-тұрмыстық жағдайын, жеке қабілеттілігін, балалардың қызығушылығы мен баланың жеке

тұлға болып қалыптасуын психологтардың нұсқаулары бойынша (топтық және жекелей) дамыту-түзету

жұмыстарын жоспарлайды және ұйымдастырады. Әлеуметтік-психологиялық оңалту, әлеуметтік және

еңбекке бейімделу жағдайларын жасау үшін күнделікті жұмыстар жасайды. 

      Өзін-өзі басқару органдарымен және білім беру ұйымдарының педагог ұжымдарымен, қоғамдық

ұйымдармен, оқушылар ата-аналарымен немесе оларды алмастырушылармен тығыз байланыста жұмыс

жасайды. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық білітілікке ие.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының 

Конституциясын



«Білім туралы»

«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

 Заңдары және басқа білім беру мәселелері жөніндегі



күрес туралы»

«Неке және отбасы туралы»

нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын,

педагогика, психология, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасының негіздерін, тәрбие жұмысының

теориясы мен әдістемесін, еңбек туралы заңнамалар негізін, еңбекті қорғау ережелері мен

нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі техникасын, санитарлық қағидалар мен

нормаларды. 

      біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім; 

      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық

білім. 

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді айқындаумен қатар біліктілікке қойылатын талаптар: 



      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты

жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар балалармен жеке және

топпен жұмыс жасауды дербес ұйымдастыра білуі тиіс. 

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымындағы

жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап

беруі, сонымен қатар балалармен диагностикалық жұмыс жасаудың ұйымдастыру нысандарын білуі,

балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарының дағдыларының

болуы, өткізілетін тәрбие іс-шараларын талдау әдістерін білуі, өз жұмысында озық педагогикалық

тәжірибені қолдана білуі тиіс.


      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және аға тәлімгер

лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл; 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші

санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі, сонымен қатар:

ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын білуі қажет.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша

жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; 

      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: 

      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап беруі,

сонымен қатар балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдарды дербес әзірлей білуі тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі

педагогикалық білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; 

      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: 

      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты тәлімгерге қойылатын барлық талаптарға жауап

беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысына талдау жасаудың әдістерін меңгеруі, диагностикалық

жұмыстың ұйымдастырылған нысандарын меңгеруі; өз жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді

пайдалана білуі тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және

кәсіптік білім және тәлімгер лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: 

      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешіге қойылатын барлық талаптарға жауап

беруі, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар әдістерін меңгеруі, өз

жұмысында педагогикалық озық тәжірибелерді пайдалана білуі тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті педагогикалық мамандығы бойынша техникалық және

кәсіптік білім және тәрбиеші лауазымы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Білім беру ұйымының зертханашысы

(физика, химия, биология, информатика кабинеттері)

      Лауазымдық міндеттері: Мұғалімдерге сабақтардың, сыныптан тыс сабақтарды жүргізуге

көмектеседі. Күн сайын сабақтың басталу уақытына дейін оқушылардың жұмыс орнын, газдың және

судың, электр жүйелері мен электр құрал-жабдықтарының жай-күйін тексереді, анықталған

кемшіліктер немесе жөнделмеген ақаулар туралы мұғалімге баяндайды. Зертхананың жұмыс істеуін,

мүлкінің сақталуын, оқу және зертхана кабинеттерінің тазалығы мен тәртібін, жанатын, улы

заттарды, зертханалық жабдықтарды оқу процесінде пайдалану және сақтау кезінде қауіпсіздік

техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Кабинетте зертханалық жабдықтардың барлық

түрлерін пайдалану дағдыларын меңгереді, жарақаттанушыға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді,

өртке қарсы жұмыс жүргізеді, өртке қарсы пайдаланылатын құралдар мен мүліктердің жай-күйіне және

сақталуына, желдетпе жүйесінің, газбен жабдықталудың жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады.

Зертханалық және практикалық жұмыс жүргізудің қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз

етеді. Эксперименттерді орындау барысында дайындық және көмекші операцияларды, бақылауды,

өлшемдер нәтижелерін, жұмыс журналдарын толтыруды, талдаулар, зерттеулерді әдістемелік

құжаттарына сәйкес жүйелейді және ресімдейді. 

      Информатика кабинетінің зертханашысы: сынып жұмысы басталғанға дейін сабақ өткізу үшін

компьютерлік жабдықтарды дайындайды, оны бірінші тексеруді және пайдалануды жүзеге асырады,

аяқталған соң жүйе жұмысының дұрыс аяқталуын және компьютерді өшіруді жүргізеді. Компьютер

залдарында жұмыс тәртібінің орындалуына бақылау жасайды. Оқу кезінде, сондай-ақ өзіндік жұмыс

жасау кезінде компьютерлік вирустарды тасымалдағыштарды сканерлеуді жүргізеді, тасымалдағыштар

мен локальді желілер арасындағы ақпарат алмасу жұмыстарын орындайды. 

      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

      Жоспарлы, күнделікті, апталық, жартыжылдық профилактикалық жұмыстарға қатысады.

Компьютерлік жабдықтардың дұрыстығын бақылайды, оны тазартуды жүзеге асырады. Регламентке сәйкес

жұмыс журналдарын жүргізеді. Пайдаланушыларға жүйеге ену кілт сөзі, оқытушылар берген оқу


материалдарын орналастыру, бар инструментарияларды пайдалануы бойынша кеңестер береді. Жүйедегі

жұмыс дұрыс жүргізілмеген жағдайда компьютерлердің істен шығуын тіркейді және басшылыққа

хабарлайды. Оқу процесін ұйымдастыруға байланысты әртүрлі есепті және графикалық жұмыстарды

орындайды. Информатика мұғалімінің жеке қызметтік тапсырмаларын орындайды.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Еңбек 



кодексі

«Білім туралы»

«Қазақстан



Республикасындағы бала құқықтары туралы»

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»

«Сыбайлас

» Қазақстан Республикасының Заңдары және басқа білім беру мәселесі

жемқорлықпен күрес туралы

жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, тестілеу сынақтарын тексеру әдістерін, педагогика мен

психология негіздерін, пән бойынша негізгі оқу-бағдарламалық құжаттарды, зертханалық және

практикалық жұмыстарды жүргізудің техникасын, дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді, еңбек туралы

заңнамаларды, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау және өртке қарсы ережелерді, санитарлық

ережелер мен нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі білім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет