Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата31.12.2016
өлшемі469,69 Kb.
#844
  1   2   3

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

                                                                       

 

Педагог кадрлардың біліктілігін  

арттыруды ұйымдастыру  

жөніндегі нұсқаулықты  

бекіту туралы 

 

«Білім  туралы»  2007  жылғы  27  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  



Заңының  5-бабының  38) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 

1. Қоса  беріліп  отырған  Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыруды 

ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 

2. Мектепке  дейінгі  және  орта  білім,  ақпараттық  технологиялар  

департаменті (Ж.А. Жонтаева) белгіленген заңнамалық тәртіппен: 

1) осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде 

мемлекеттік тіркелуін; 

2) Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде  мемлекеттік  тіркеуден 

өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;  

3) осы 


бұйрықты  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін. 

3. «Педагог  кадрлардың  біліктілігін  арттыруды ұйымдастыру  жөніндегі  

нұсқаулықты  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрі  міндетін  атқарушының  2013  жылғы  4  қаңтардағы  № 1  бұйрығының 

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8287 болып 

тіркелген,  «Егемен  Қазақстан»  газетінің  2013  жылғы  20  ақпандағы  №  71 

(28010) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 

4. Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау  Қазақстан  Республикасы  Білім 

және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  күнтізбелік он 

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Министр 



                                                                                 А. Сәрінжіпов 

   


 

 

 

                                                                  Қазақстан Республикасы 



Білім және ғылым министрінің 

                                                                 2015 жылғы «9» шілдедегі 

                                                                            № 447 бұйрығымен бекітілген 

 

 



Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі 

нұсқаулық 

  

1. Осы Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі 



нұсқаулық  (бұдан  әрі  -  Нұсқаулық)  «Білім  туралы»  2007  жылғы  27  шілдедегі 

Қазақстан  Республикасы  Заңының  5-бабының  38)  тармақшасына  сәйкес 

әзірленді. 

2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының педагог кадрларын:   

1) «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  дербес  білім  беру  ұйымының 

Педагогикалық  шеберлік  орталығы  (бұдан  әрі  -  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО)  мен 

Кембридж  университетінің  Білім беру  факультеті бірлесіп дайындаған үшінші 

(базалық),  екінші  (негізгі),  бірінші  (ілгері)  деңгейлеріндегі  (бұдан  әрі  –

Деңгейлік  бағдарламалар  бойынша  курстар)  деңгейлік  бағдарламалары  және 

Қазақстан  Республикасының  жалпы  білім  беру  ұйымдары  басшыларының 

біліктілігін  арттыру  бағдарламасы  бойынша  (бұдан  әрі  -  Басшылар 

бағдарламасы бойынша курстар); 

2)  «Бөбек»  Ұлттық  ғылыми-практикалық,  білім  беру  және  сауықтыру 

орталығы Адамның үйлесімді даму институты (бұдан әрі -  «Бөбек» ҰҒПББСО 

АҮДИ)  әзірлеген  үшінші  (базалық),  екінші  (негізгі),  бірінші  (ілгері) 

деңгейлердегі  «Өзін-өзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  беру  деңгейлік 

бағдарламалары  (бұдан  әрі  –  «Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік    бағдарламалар 

бойынша курстар) бойынша біліктілікті арттыру курстарына іріктеу, қабылдау, 

оқытуды жүргізу, қорытынды бағалау және курстан кейінгі қолдау шарттарын  

белгілейді. 

3. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 

 1)  педагог  қызметкерлердің  біліктілігін  арттыру  -  бұрыннан  алған  кәсіби 

білім, білік пен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге мүмкіндік беретін 

кәсіби оқыту түрі;  

 2) сертификатталған тренер:  

-  Кембридж  университетінің  Білім  беру  факультетімен  бірлесе  отырып, 

«НЗМ»  ДББҰ  ПШО  дайындаған  деңгейлік  бағдарламалар  және/немесе 

Басшылар  бағдарламасы  бойынша  оқытудан  өткен  және  Кембридж 

университетінің 

Халықаралық 

емтихан 

кеңесінің 

тиісті 

деңгейдегі 



сертификатын алған; 

 

 

- «Бөбек»  ҰҒПББСО  АҮДИ  дайындаған  «Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  



бағдарламалары  бойынша  оқытудан  өткен  және  тиісті  деңгейде  сертификат 

алған педагог қызметкер; 

3) сертификатталған  педагогикалық  қызметкер  –  тиісті  бағдарламаға 

сәйкес курстарда оқуды табысты аяқтаған педагог; 

4)  Орта  білім  мазмұнын  жаңартуды  қолдау  бойынша  мектеп  (бұдан  әрі  – 

Жетекші  мектеп)  өңірлердегі  орта  білім  мазмұнын  жаңарту  бойынша 

ұйымдастырушы  ретінде  қызмет  жасайтын  мектеп  және  кәсіби  қоғамдастық 

құру барысында көшбасшылық қызмет атқаратын  ұжым; 

5) «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламалары бойынша білім берудің пилоттық 

ұйымы  –  өңірлердегі  «Өзін-өзі  тану»  РАББ-ді  тұтас  педагогикалық  процеске  

интеграциялау  бойынша  ұйымдастырушы  ретінде  қызмет  ететін  білім  беру 

ұйымы; 


6) мектеп практикасын қайта құру және Бағдарламаның  негізгі идеяларын 

тиімді  енгізудің  курстан кейінгі мониторингі  – мектеп  практикасының қазіргі 

жағдайы  мен  күтілетін  нәтижелерін  салыстыру  мақсатында  сертификатталған 

педагог қызметкерлердің курстан кейінгі қызметін бақылау, бағалау және білім 

беру  процесінің  сапасын  басқаруға  бағытталған  арнайы  ұйымдастырылған, 

ғылыми негізделген, үздіксіз, мақсатты диагностикалық жүйе; 

7) сертификатталған  педагог  кадрларды  курстан  кейінгі  қолдау  – 

қазақстандық  мектеп  оқушыларының  табысты  оқуына  жәрдем  көрсететін 

Қазақстан  Республикасының  сертификатталған  педагог  кадрларының  оңтайлы 

кәсіби  дамуына  және  мектеп  практикасын  қайта  құруды  қамтамасыз  ететін  

ресурстардың, нысандар мен әдістердің бірыңғай жүйесі. 

4. Деңгейлік  бағдарламалар  бойынша  және  Басшылар  бағдарламасы 

бойынша курстарды Қазақстан Республикасының келесі білім беру ұйымдары: 

1) «НЗМ» ДББҰ ПШО және  оның филиалдары - үшінші (базалық), екінші 

(негізгі),  бірінші  (ілгері)  деңгейлердегі  бағдарламалар,  сондай-ақ  Басшылар 

бағдарламасы бойынша;  

 2) «Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық  орталығы»  акционерлік  қоғамы 

(бұдан  әрі  -  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ)  және  оның  филиалдары  үшінші  (базалық), 

екінші (негізгі) деңгейлердегі бағдарламалар бойынша; 

3)  педагогикалық  мамандықтар  бойынша  мамандар  даярлауды  жүзеге 

асыратын жоғары оқу орындары - үшінші (базалық) деңгейлер бағдарламалары 

бойынша өткізеді. 

5.  «Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  курстарды   

Қазақстан Республикасының келесі білім беру ұйымдары:  

1) «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ - екінші (негізгі) деңгей және бірінші (ілгері) 

деңгей бағдарламалары бойынша;   

2)  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ-ның  облыстық  филиалдары  -  үшінші  (базалық) 

деңгей бағдарламасы бойынша өткізеді. 

6. Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстардың ұзақтығы:  


 

 

-  Бірінші  (ілгері)  деңгейдегі  курс  ұзақтығы  кемінде  464  сағатты,  оның 



ішінде: 

1) аудиториялық оқыту - кемінде 200 академиялық сағатты; 

2) мектептегі практика - кемінде 144 академиялық сағатты; 

3) аудиториялық оқыту - кемінде 120 академиялық сағатты құрайды. 

-  Екінші  (негізгі)  деңгейдегі  курс  ұзақтығы  кемінде  440  академиялық 

сағатты, оның ішінде: 

1) аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты; 

2) мектептегі практика - кемінде 120 академиялық сағатты; 

3) аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты құрайды. 

-  Үшінші  (базалық)  деңгейдегі  курс  ұзақтығы  кемінде  416  академиялық 

сағатты, оның ішінде: 

1) аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты; 

2) мектептегі практика - кемінде 96 академиялық сағатты; 

3) аудиториялық оқыту - кемінде 160 академиялық сағатты құрайды. 

7. Басшылар  бағдарламасы  бойынша  курс  ұзақтығы  кемінде  640 

академиялық сағатты, оның ішінде: 

1)  аудиториялық  оқытудың  бірінші  кезеңі  -  кемінде  160  академиялық 

сағатты; 

2) «Мектептегі практика» бірінші кезеңі - кемінде 80 академиялық сағатты; 

3)  аудиториялық  оқытудың  екінші  кезеңі  -  кемінде  160  академиялық 

сағатты; 

4) «Мектептегі практика» екінші кезеңі - кемінде 240 академиялық сағатты 

құрайды.  

8.  «Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  курстардың 

ұзақтығы: 

 - Бірінші  (ілгері)  деңгейдегі  курс  ұзақтығы  кемінде  440  академиялық 

сағатты, оның ішінде: 

1) «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту - кемінде 120 

академиялық  сағатты; 

2) «Құндылықтар  практикасы»  екінші  кезеңі,  мектептегі  практика  - 

кемінде 240 академиялық сағатты; 

3)  «Жүректен жүрекке»  үшінші кезеңі,  аудиториялық оқыту - кемінде 80  

академиялық сағатты құрайды. 

- Екінші  (негізгі)  деңгейдегі  курс  ұзақтығы  кемінде  420  академиялық 

сағатты, оның ішінде: 

1) «Жүректен жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту - кемінде 160 

академиялық  сағатты; 

2) «Құндылықтар  практикасы»  екінші  кезеңі,  мектептегі  практика  - 

кемінде 180 академиялық сағатты; 

3)  «Жүректен жүрекке»  үшінші кезеңі,  аудиториялық оқыту - кемінде 80  

академиялық сағатты құрайды. 


 

 

- Үшінші  (базалық)  деңгейдегі  курс  ұзақтығы  кемінде  420  академиялық 



сағатты құрайды, оның ішінде: 

1)  «Жүректен  жүрекке» бірінші кезеңі, аудиториялық оқыту  - кемінде 160 

академиялық  сағатты; 

2) «Құндылықтар  практикасы»  екінші  кезеңі,  мектептегі  практика  - 

кемінде 180 академиялық сағатты; 

3)  «Жүректен жүрекке»  үшінші кезеңі,  аудиториялық оқыту - кемінде 80  

академиялық сағатты құрайды. 

9. Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды. 

10. Деңгейлік 

бағдарлама 

курстарын 

Кембридж 

университеті 

сарапшыларының  қатысуымен  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО-да  тиісті  деңгейдегі 

бағдарлама бойынша даярланған, сертификатталған тренерлер жүргізеді. 

11. Басшылар  бағдарламасы  бойынша  курсты  Кембридж  университеті 

сарапшыларының қатысуымен «НЗМ» ДББҰ ПШО-да Басшылар бағдарламасы 

бойынша даярланған, сертификатталған тренерлер жүргізеді. 

12. «Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша    курстарды 

«Бөбек»  ҰҒПББСО  АҮДИ-да  тиісті  деңгей  бойынша  даярланған, 

сертификатталған тренерлер жүргізеді. 

13. Сертификатталған тренерлер  құрамы білім беру  саласындағы  уәкілетті 

органның  тізімі  мен  «НЗМ»  ДББҰ  және  «Бөбек»  ҰҒПББСО  АҮДИ  тізімінің 

негізінде құрылады. 

14. Деңгейлік бағдарламалар курстарында оқуға үміткер болып табылатын 

педагог  қызметкерлерге  осы  Нұсқаулыққа  1-қосымшада  көрсетілген  талаптар 

қойылады. 

15. Басшылар  бағдарламасы  бойынша  курста  оқуға  үміткер  болып 

табылатын педагог қызметкерлерге осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген 

талаптар қойылады. 

16. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша курста оқуға 

үміткер  болып  табылатын  педагог  қызметкерлерге  осы  Нұсқаулыққа                   

3-қосымшада көрсетілген талаптар қойылады. 

17. Деңгейлік  бағдарламалар  бойынша  курста  оқуға  үміткер  болып 

табылатын  педагог  қызметкер  білім  беру  ұйымдарының  педагогикалық 

кеңесінің қарауына келесі құжаттарды ұсынады: 

1) осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініш; 

2) осы   Нұсқаулыққа  7-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  толтырылған 

Қазақстан  Республикасы  педагог  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру 

курсына сауалнама; 

3) жеке куәліктің көшірмесі;  

4) лауазымы  және  жұмыс  өтілі  көрсетілген  жұмыс  орнынан  алынған 

анықтама; 

5) оқу  және  қоғамдық  өмірдегі  жетістіктерді  растайтын  грамоталар, 

дипломдар, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмесі. 


 

 

18. Білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі: 



1)  жыл  сайын  20  қыркүйекке  дейін  осы  Нұсқаулықтың  17-тармағында 

көрсетілген Деңгейлік бағдарламалар бойынша курстарда оқуға үміткер болып 

табылатын педагог қызметкерлердің құжаттарын қарайды; 

2)  жыл  сайын  1  қазанға  дейін  осы  Нұсқаулыққа  10-қосымшаға  сәйкес 

нысан  бойынша  Біліктілікті  арттыру  курстарына  педагог  кадрларды  бағыттау 

туралы хаттамамен (бұдан әрі - Хаттама) рәсімделген Деңгейлік бағдарламалар 

бойынша курстарына педагог қызметкерлерді жіберу туралы шешімді аудандық 

(қалалық) білім бөліміне келісуге ұсынады. 

Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес Деңгейлік бағдарламалар бойынша 

курстарда  оқуға  үміткер  болып  табылатын  педагог  қызметкерлердің  лайықты 

болуына/болмауына  жолдама  берген  білім  беру  ұйымының  басшысы  жеке 

жауапкершілікте болады. 

19. Басшылар  бағдарламасы  бойынша  курста  оқуға  үміткер  болып 

табылатын  педагог  қызметкер  жыл  сайын  1  қазанға  дейін  аудандық  (қалалық) 

білім бөлімінің қарауына келесі құжаттарды ұсынады: 

1) осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазылған өтініш; 

2) осы  Нұсқаулыққа  8-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  толтырылған 

Басшылар бағдарламасы курсына сауалнама; 

3) жеке куәліктің көшірмесі; 

4) лауазымы мен жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан анықтама; 

5) оқу  және  қоғамдық  өмірдегі  жетістіктерді  растайтын  грамоталар, 

дипломдар, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмелері. 

20. Аудандық  (қалалық)  білім  бөлімі  Хаттаманы  жыл  сайын  1  қарашаға 

дейін  қарайды  және  Басшылар  бағдарламасы  бойынша  курста  оқуға  үміткер 

болып  табылатын  педагог  қызметкерлердің,  Хаттамамен  рәсімделген 

тыңдаушылардың  тізімдерін  осы  Нұсқаулықтың  24-тармағының  2)  және  3) 

көрсетілген білім беру ұйымдарын қоспағанда, облыстық, Астана және Алматы 

қалаларының білім басқармаларына (бұдан әрі – ОББ) бекітуге жібереді. 

21. «Өзін-өзі  тану»  РАББ    деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  курста 

оқуға  үміткер  болып  табылатын  педагог  қызметкер  білім  беру  ұйымдарының 

педагогикалық кеңесінің қарауына келесі құжаттарды ұсынады: 

1) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға  сәйкес нысан бойынша өтініш; 

2) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға

 

сәйкес нысан бойынша сауалнама;   



3) жеке куәліктің көшірмесі; 

4) лауазымы және жұмыс өтілі көрсетілген жұмыс орнынан  анықтама; 

5) кәсіби және қоғамдық қызметіндегі жетістіктерді растайтын грамоталар, 

дипломдар, сертификаттар мен басқа да құжаттардың (бар болса) көшірмесі. 

22.«Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  курс  

тыңдаушысының  кандидатурасын бекітудің тәртібі: 

1)   «Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  курстарын 

оқуға  үміткерлердің  немесе  осы  Нұсқаулықтың  22-тармағында  көрсетілген  



 

 

«Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ сертификатталған тренерлер ұсынған  мамандардың 



құжаттарын  білім  беру  ұйымдарының  педагогикалық  кеңесі  жыл  сайын 

ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін қарастырады;  

2) әрбір үміткер өз өңіріндегі «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ сертификатталған 

тренерінен әңгімелесу және келісуден өтеді; 

3) тыңдаушының  келісілген  кандидатурасы  30  қазанға  дейін  ОББ-на 

жіберіледі. 

23. ОББ жыл сайын 15 қарашаға дейін тыңдаушылардың тізімін білім беру 

саласындағы уәкілетті органға жолдайды. 

24. Білім  беру  саласындағы  уәкілетті  орган  курстарға  оқуға  үміткер 

педагог  қызметкерлердің  тізімін  (бұдан  әрі  –  Тізім)  қалыптастырады  және 

бекітеді  және  жыл  сайын  30  қарашаға  дейін  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО-ға,  «Өрлеу» 

БАҰО» АҚ-ға және «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ-ға (бұдан әрі - Ұйымдар):   

1)  Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  беру  ұйымдарының  ОББ 

бекіткен; 

2) республикалық мамандандырылған орта білім беру ұйымдарының, білім 

беру ұйымдарының педагогикалық кеңестері бекіткен; 

3) Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің,    «НЗМ»  ДББҰ  бекіткен  тізімдерін 

жолдайды.  

25. Ұйымдар Деңгейлік бағдарламалар, Басшылар бағдарламасы бойынша, 

«Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  курстар    өткізуді 

Ұйымдар  бекіткен  оқу  кестесіне  сәйкес  келесі  күнтізбелік  жылдың  басынан 

бастайды. 

26. Тыңдаушыларды 

Курстарға 

қабылдау 

осы 


Нұсқаулықтың                             

24-тармағының 1), 2) және 3)  тармақшаларында көрсетілген Тізімдер негізінде 

біліктілік  арттыру  курстарын  өткізетін  Ұйымдар  басшыларының  бұйрығымен 

рәсімделеді.  

Осы  Нұсқаулықта  көрсетілген  педагог  қызметкерлерге  қойылатын 

талаптарға  үміткер  сай  болмаған  жағдайда,  сондай-ақ  белгілі  бір  себептерге 

байланысты  үміткердің  курсты  өтуге  мүмкіншілігі  болмаған  жағдайда 

(денсаулық  жағдайы,  басқа  кәсіби  саладағы  қызметке  ауысуы  және  т.б.)  білім 

беру саласындағы уәкілетті органның ұсынысы мен келісімі бойынша тізімдегі 

тыңдаушыларды Ұйымдар  алмастырады.  

27. Деңгейлік  бағдарламалар  және  Басшылар  бағдарламасы  бойынша 

курстарда  оқу  кезеңінде  тыңдаушыға  тиісті  қаржылық  жылға  сәйкес 

республикалық  бюджеттен  қарастырылған  қаражат  көлемінде  жол  жүру,  тұру 

және тамақтану үшін өтемақы шығыстары төленеді. 

28. Тыңдаушыларға  өтемақы  шығыстарын  төлеу  үшін  Ұйымдардың 

Деңгейлік  бағдарламалар  және  Басшылар  бағдарламасы  бойынша  курстарға 

қабылдау туралы  бұйрықтары негіз болып табылады. 

29. «НЗМ»  ДББҰ  ПШО  мен  оның  филиалдары  үшін  өтемақы 

шығыстарының  мөлшерін  «НЗМ» ДББҰ-ның  Қамқоршылық кеңесі бекітеді. 


 

 

30. «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  мен  оның  филиалдары,  «Бөбек»  ҰҒПББСО  



тыңдаушылардың 

іссапар 


шығыстарын 

Қазақстан 

Республикасының 

қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өтеуді жүзеге асырады.  

31. Іссапар шығыстарын төлеу шарттарын Ұйымдар дербес бекітеді. 

32. Деңгейлік 

бағдарламалар  бойынша  курстарды  аяқтаған  соң 

тыңдаушылардың дайындық деңгейіне қорытынды бағалау жүргізіледі.  

33. «НЗМ»  ДББҰ  Педагогикалық  өлшемдер  орталығы  (бұдан  әрі  -  «НЗМ» 

ДББҰ ПӨО) тыңдаушылардың дайындық деңгейіне қорытынды бағалауды:  

1) Деңгейлік 

бағдарламалар 

бойынша 

курстарда 

оқу 

кезеңінде 



дайындалған портфолио; 

2)  қашықтықтан  оқыту  кезеңінде  Ұйымда  өткізілген  сабақтар  негізінде 

дайындалған презентациялар; 

3) тестілеу түрінде біліктілік емтиханын тапсыру (жазбаша түрде) негізінде 

жүргізіледі. 

34. «Бөбек»  ҰҒПББСО  АҮДИ    тыңдаушылардың  дайындық  деңгейіне 

қорытынды  бағалауды  аудиториялық  оқыту,  мектеп  практикасы  және  ауызша 

түрде  біліктілік  емтиханын  тапсыру  кезеңінде  дайындалған  портфолия, 

презентациялар негізінде жүргізеді.  

35. Біліктілік  емтиханы  өту  балының  шекті  деңгейі:  ең  жоғарғы  шаманың 

үшінші (базалық) деңгейі бойынша – 40 %, екінші (негізгі) деңгейі бойынша – 

50%, бірінші (ілгері) деңгейі бойынша – 60%-ды құрайды.  

36. «НЗМ»  ДБҰ  ПӨО  Басшылар  бағдарламасы  бойынша  курсты  аяқтаған 

тыңдаушыларға  қорытынды  бағалауды  Басшылар  бағдарламасы  бойынша 

курсты оқу кезеңінде дайындаған портфолиосы бойынша жүргізеді.  

37.


 

Қорытынды  бағалаудың  нәтижесі  бойынша  «НЗМ»  ДББҰ  ПӨО, 

«Бөбек»  ҰҒПББСО  АҮДИ  сертификаттауға  ұсынылған  тыңдаушылардың 

тізімін  анықтайды  және  оны  Ұйымдарға,  сондай-ақ  осы  Нұсқаулықтың                     

24-тармағының  1),  2)  және  3)  тармақшаларына  сәйкес  тізімдерді  бекіткен 

ұйымдарға жібереді. 

38. Курстарды 

аяқтаған, 

қорытынды 

бағалаудан 

сәтті 

өткен 


тыңдаушыларға Ұйымдар тиісті бағдарламалар бойынша: 

1) осы  Нұсқаулыққа  11-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  үшінші 

(базалық) деңгей; 

2) осы Нұсқаулыққа  12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екінші (негізгі) 

деңгей; 

3) осы Нұсқаулыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірінші (ілгері) 

деңгей; 

4)  осы  Нұсқаулыққа  14-қосымшаға  сәйкес  нысан  бойынша  Басшылар 

бағдарламасы; 

5) осы Нұсқаулыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Өзін-өзі тану» 

РАББ үшінші (базалық) деңгей;  


 

 

6) осы Нұсқаулыққа 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Өзін-өзі тану» 



РАББ  екінші  (негізгі)    және  бірінші  (ілгері)  деңгейлер  бойынша  сертификат 

береді. 


39. Сертификат  бағдарламаның  тиісті  деңгейін  растайды  және  берілген 

күннен бастап 5 жыл бойы жарамды болады.  

Қазақстан  Республикасында  орналасқан  білім  беру  ұйымдарына  жаңа 

жұмыс  орнына    орналасқан    педагог  қызметкерлердің  бастауыш,  негізгі  орта 

және  жалпы  орта  білім  беру  бағдарламалар  деңгейлері  бойынша  лауазымдық 

жалақысына  қосымша ақы сақталады. 

40. Көрсетілген  мерзім  аяқталған  соң  педагог  қызметкерлер  қайталау 

курстарынан  өтпей-ақ  бағдарлама  деңгейін  «НЗМ»  ДББҰ  ПӨО-да  қорытынды 

бағалаудан өту арқылы растайды.  

41. «Өзін-өзі  тану»    РАББ  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  педагог 

өзінің біліктілігін «Бөбек» ҰҒПББСО АҮДИ - да (негізгі және ілгері деңгейлер) 

дәлелдеп  немесе  «Өрлеу»  БАҰО АҚ  - да (базалық деңгей) қайталау курсынан 

өтпей-ақ  бағдарлама  бойынша  деңгейін    қорытынды  бағалаудан  өту  арқылы 

растайды. 

42. Сертификатқа Курсты өткізген Ұйымның басшысы қол қояды. 

43. «Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  бағдарламалары бойынша  курстардың 

базалық  деңгейінің  сертификаттарына  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ-ның  бірінші 

басшысы және «Бөбек» ҰҒПББСО-ның  бірінші басшысы қол қояды. 

44. Деңгейлік  бағдарламалар  бойынша  сертификат  ала  алмаған  курс 

тыңдаушыларына: 

1)  Деңгейлік  бағдарламалар  бойынша  қайталау  курстарынан  өтпей-ақ  бір 

жылда бір реттен артық емес өз қаражаты есебінен біліктілік емтиханын қайта 

тапсыруға; 

2) Деңгейлік бағдарламалар бойынша келесі курс тыңдаушыларымен бірге 

портфолионы қайта тапсыруға;   

3)  белгілі  бір  себептерге  байланысты  растайтын  құжаттарын  ұсына 

отырып, Деңгейлік бағдарламалар бойынша үзілген курсты аяқтауға; 

4) белгілі бір себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір лектен 

екінші лекке ауысуға мүмкіндіктер беріледі. 

45. Басшылар  бағдарламасы  бойынша  сертификат  ала  алмаған  курс 

тыңдаушыларына: 

1)  Басшылар  бағдарламасы  бойынша  қайталау  курсынан  өтпей-ақ  бір 

жылда  бір  реттен  артық  емес  өз  қаражаты  есебінен  портфолионы  қайта 

тапсыруға;   

2)  белгілі  бір  себептерге  байланысты  растайтын  құжаттарын  ұсына 

отырып,  Басшылар  бағдарламасы  бойынша  үзілген  курсты  аяқтауға 

мүмкіндіктер беріледі. 

46. «Өзін-өзі тану» РАББ деңгейлік бағдарламалары бойынша  сертификат 

ала алмаған курс тыңдаушыларына: 


 

 

1) қайталау  курсынан  өтпей-ақ  бір  жылда  бір  реттен  артық  емес  өз 



қаражаты есебінен біліктілік емтиханын қайта тапсыруға; 

2)  курстың  келесі  легінің  тыңдаушыларымен  бірге  портфолионы  қайта 

тапсыруға;   

3) белгілі   бір   себептерге   байланысты  үзілген  курсты  растайтын 

құжаттарын  ұсына  отырып,  білім  беру  саласы  бойынша  уәкілетті  орган 

шешімінің негізінде ағымдағы жылдың ішінде аяқтауға;  

4) белгілі бір себептерге байланысты ағымдағы жылдың ішінде бір лектен 

екінші лекке ауысуға мүмкіндіктер беріледі. 

47. Оқудан  шығарылған  тыңдаушылар  Ұйым  басшысының  бұйрығына 

және  Ұйым  құрған  курс  тыңдаушыларының  өтініштері  мен  арыз-шағымдарын 

қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес Ұйым шығындарын өтейді. 

48. Сертификатталған педагог кадрларды курстан кейінгі қолдауды «НЗМ» 

ДББҰ  ПШО  мен  оның  филиалдары,  «Өрлеу»  біліктілік  арттыру  ұлттық 

орталығы»  АҚ  және  оның  филиалдары  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО  басшылығымен 

жүзеге асырады.  

Курстан  кейінгі  қолдауды  жүзеге  асыру  үшін  әдістемелік  ресурстар  мен 

құралдарды «НЗМ» ДББҰ ПШО әзірлейді және бекітеді.  

49. «Өзін-өзі  тану»  РАББ  деңгейлік  бағдарламалары  бойынша  курстарды 

аяқтаған  педагогикалық  қызметкерлерді  курстан  кейінгі  қолдауды  «Бөбек»  

ҰҒПББСО    АҮДИ,    «Өрлеу»  БАҰО    АҚ    және  оның  филиалдары    «Бөбек» 

ҰҒПББСО АҮДИ-ның басшылығымен жүзеге асырады.  

Курстан  кейінгі  қолдауды  жүзеге  асыру  үшін  әдістемелік  ресурстар  мен 

құралдарды «Бөбек» ҰҒПББСО  АҮДИ әзірлейді және бекітеді. 

50. Курстан  кейінгі  мониторингті  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО,  «Өрлеу»  БАҰО  

АҚ,    «НЗМ»  ДББҰ  ПӨО,  ОББ,  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігінің  Білім  және  ғылым  саласындағы  бақылау  комитеті  (бұдан  әрі- 

БҒСБК) бірлесіп жүзеге асырады. 

51. Курстан  кейінгі  мониторингті  «Бөбек»  ҰҒПББСО    АҮДИ,  «Өрлеу» 

БАҰО АҚ, ОББ, БҒСБК бірлесіп жүзеге асырады. 

52. «НЗМ» ДББҰ ПШО мен  «НЗМ» ДББҰ ПӨО «Өрлеу» БАҰО АҚ, ОББ, 

БҒСБК және  «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-мен (бұдан әрі - АТО) келісе 

отырып,  мектеп  практикасын  қайта  құрудың  тиімділігін  анықтауды,  мектеп 

практикасы  жағдайларында  күтілетін  нәтижелерге  қол  жеткізуге  және 

Деңгейлік бағдарламалар мен Басшылар бағдарламаларының мазмұнына тиісті 

өзгерістерді уақтылы енгізуге әсер ететін факторларды айқындауды қамтамасыз 

ететін  курстан  кейінгі  диагностикалық  және  мониторингтік  бірыңғай  жүйені 

әзірлеу және қамтамасыз ету бойынша жұмысты бірлесіп үйлестіреді. 

53. «Бөбек»  ҰҒПББСО    АҮДИ  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ,  ОББ,  БҒСБК  мектеп 

практикасын  қайта  құрудың  тиімділігін  қамтамасыз  ететін  «Өзін-өзі  тану» 

РАББ деңгейлік бағдарламаларды іске асыруды курстан кейінгі диагностикалау 



 

 

мен мониторингтеудің бірыңғай жүйесін әзірлеу және қамтамасыз ету бойынша  



жұмыстарын үйлестіреді.  

54. «НЗМ»  ДББҰ  ПӨО  сертификаттың  қолданысын  растау  бойынша 

негізделген  шешімдерді  қабылдау  үшін  мектеп  практикасы  жағдайында 

Бағдарламаның  негізгі  идеяларын  меңгеру  және  іске  асыруды  қамтитын 

факторлар  туралы,  курстық  оқыту  мен  педагог  кадрларды  курстан  кейінгі 

қолдау  жағдайлары  туралы  бірыңғай  кіріктірілген  көрініс  алу  үшін  ақпарат 

жинау мен талдауды жүзеге асырады. 

55. ОББ  және  БҒСБК  және  ОББ  Қазақстан  Республикасы  білім  беру 

ұйымдарының саны мен сапа көрсеткіштеріне арналған Бағдарламаның негізгі 

идеяларына  ықпал  ету  тиімділігін  бағалау  бойынша,  қазақстан  мектептердегі 

оқушылардың бәсекеге қабілеттілігі мен табысты оқу жетістіктері үшін мектеп 

практикасындағы  Бағдарламаның  негізгі  идеяларының  нәтижелілігін  енгізуді 

анықтау  бойынша  білім  беру  ұйымдарында  жыл  сайынғы  есеп  түрлерін, 

жоспарлы  тексерулерді,  білім  беру  ұйымдарында  мемлекеттік  аттестаттауды 

өткізу  тәртібін  регламенттейтін  нормативтік  құжаттарға  сәйкес  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізуге ұсынымдар әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізеді. 

56. Курстан кейінгі қолдауды іске асыратын субъектілер арасындағы өзара 

іс-қимыл  мына  схема  бойынша  жүргізіледі:  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО  мен  оның 

филиалдары  -  «НЗМ»  ДББҰ  ұжымдары  -  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  және  оның 

филиалдары  -  Жетекші  мектептер  ұжымдары  -  желілік  қоғамдастықтың 

көшбасшы мұғалімдері. 

57. Курстан  кейінгі  мониторингті  іске  асыратын  субъектілер  арасындағы 

өзара іс-қимыл мына схема бойынша жүргізіледі: «НЗМ» ДББҰ ПШО мен оның 

филиалдары  -  «Өрлеу»  БАҰО»  АҚ  және  оның  филиалдары  –  «НЗМ»  ДББҰ 

ПӨО – ОББ - БҒСБК – АТО. 

58. Курстан  кейінгі  қолдау  көрсету  және  курстан  кейінгі  мониторингті 

жүргізу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады: 

1-кезең: «НЗМ» ДББҰ ПШО және оның филиалдарының, «Өрлеу» БАҰО» 

АҚ және оның филиалдарының оқуды аяқтаған сәттен бастап жыл сайын 5 жыл 

көлемінде  қыркүйек-мамыр кезеңдерінде курстан кейінгі қолдау көрсетуі және 

курстан 

кейінгі 


мониторингті 

өткізуі. 

«НЗМ» 

ДББҰ 


ПӨО-ның 

сертификатталған  педагог  кадрлардың  курстан  кейінгі  екінші  жылғы 

қызметінен бастап, жыл сайын 4 жыл көлемінде қыркүйек-мамыр кезеңдерінде 

курстан  кейінгі мониторингті өткізуі;  

2-кезең:  оқу  жылының  аяқталуы    бойынша  ОББ  -ның  курстан  кейінгі 

мониторингті  іске  асыруы  және  БҒСБК-ның  білім  беру  ұйымдарында 

мемлекеттік  аттестаттау  өткізу  кезінде  Қазақстан  Республикасы  білім  беру 

ұйымдары  қызметінің  саны  мен  сапасы  көрсеткіштеріне  арналған  

Бағдарламаның  негізгі  идеяларына  ықпал  ету  тиімділігін  анықтау  бойынша 

жоспарлы тексеруі; 



 

 

3-кезең:  курстан  кейінгі  мониторингті  жүзеге  асыратын  ұйымдардың 



бекітілген  бағыттарға  сәйкес  оқуды  аяқтау  кезінен  бастап  жыл  сайын  5  жыл 

көлемінде  маусым-тамыз  кезеңіндегі  жинақтау,  пысықтау  және  талдау 

нәтижелері; 

4-кезең:  АТО-ның  оқуды  аяқтау  кезінен  бастап  жыл  сайын  5  жыл 

көлемінде  қыркүйек-қараша  аралығында  (  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО,  «НЗМ»  ДББҰ 

ПӨО,  ОББ  мен  БҒСБК  жыл  сайын  қыркүйектің  бірінші  онкүндігінде  іске 

асырылатын  және    ұсынылатын)  курстан  кейінгі  мониторинг  нәтижелерінің 

объективтілігін  жалпы  жинақтау, өңдеу, талдау және қамтамасыз  етуді жүзеге 

асыруы; 

5-кезең:  «НЗМ»  ДББҰ  ПШО  мен  «НЗМ»  ДББҰ  ПӨО-нің  бағдарламалар 

бойынша оқуды аяқтаған сәттен бастап 5 жыл бойы әр жылдың желтоқсанында 

барлық  қызығушылық  танытқан  адамдар  мен  сыртқы  қолданушылар, 

Бағдарламалар  бойынша  біліктілікті  арттыру  курстарының  сертификатталған 

педагог  қызметкерлері үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, АТО 

ұсынған  курстан  кейінгі  мониторинг  нәтижелері  туралы  ақпараттарды  тарату 

бойынша іс-шараларды ұйымдастыруы. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                                  2015 жылғы «9» шілдедегі 



                                                                             № 447 бұйрықпен бекітілген 

Педагог кадрлардың біліктілігін  

арттыруды  ұйымдастыру  

жөніндегі нұсқаулыққа 

1-қосымша 

нысан 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет