Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі



бет26/91
Дата14.02.2023
өлшемі150,25 Kb.
#67875
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91
14-параграф. Білім беру ұйымы жанындағы интернат меңгерушісі

92. Лауазымдық міндеттері:


интернаттың қызметін басқарады, тұтас оқу-тәрбие процесі шеңберінде тәрбиешілер мен басқа да қызметкерлердің жұмысын бақылауды жүзеге асырады, оқу-әдістемелік құжаттаманы жүргізу бойынша жұмысты үйлестіреді;


білім беру процесінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;


тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді, педагогикалық тәжірибені таратуға, тәрбиешілердің біліктілігін арттыруға, педагогтар мен білім алушылардың шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал етеді;


тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;


оқу-тәрбие, әдістемелік, мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады;


тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету жағдайын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қағидаларын, санитариялық және өртке қарсы қағидаларды сақтауды бақылауды жүзеге асырады;


интернатта тұратын тәрбиеленушілерді тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен, тамақтандыруды ұйымдастырумен қамтамасыз етеді;


интернаттың, білім беру ұйымының және білім алушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың өзара іс-қимылын ұйымдастырады;


интернат қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;


білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.


93. Білуге тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді;


педагогика және психология негіздерін;


педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;


экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;


педагогикалық этиканың нормаларын;


еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.


94. Біліктілікке қойылатын талаптар:


жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;


немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім, педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жылдан кем емес;


және (немесе) педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілігінің болуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет