3-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары 253. Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады; тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді, кәсіптік бағдар беру жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын үйлестіреді, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады; оқу жылына тәрбие жұмысының жоспарын әзірлейді; педагог-психологтың, әлеуметтік педагогтің, оқу-тәрбие жұмысы мәселелері жөніндегі топ басшыларының қызметін басқарады; дене шынықтыру-сауықтыру және көркем-эстетикалық бағыттағы топтар басшыларының, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, қосымша білім беру оқытушыларының қызметін үйлестіреді; тәрбие жұмысына талдау жүргізеді; тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, тәрбие процесінің сапасына, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылармен және девиантты мінез-құлықты балалармен жеке жұмысқа жүйелі бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді; дене тәрбиесі процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмысты дамытуды үйлестіру бойынша, білім алушыларға салауатты өмір салты нормаларын дарыту бойынша жұмысты жүзеге асырады; педагогтар мен білім алушылар арасында тәрбие жұмысы бойынша семинарлар, конференциялар, конкурстар және басқа да іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады; білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен имандылықты қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту бойынша жұмысты жүзеге асырады; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды; жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады; қоғам және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді; білім беру ұйымдарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуал жасауды қамтамасыз етеді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді; білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады; тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есеп береді; жастар мен жұмыспен қамтылмаған халық арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсынымдар әзірлейді; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары орынбасарларының біліктілікті беру (растау), арттыру кезінде қойылатын тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келеді; білім алушылар, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 254. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексі, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары; білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; басқарудың инновациялық әдістері; педагогикалық этиканың нормалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары. 255. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; немесе 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.