Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет87/91
Дата14.02.2023
өлшемі150,25 Kb.
#67875
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
19-параграф. Педагог-ассистент

312. Лауазымдық міндеттері:


психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;


ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтардың баланы тексеруіне, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;


білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;


оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;


ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздік шарттарын сақтайды;


белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.


313. Білуге тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заңдарын және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерін;


ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;


педагогикалық этиканың нормалары;


еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар.


314. Біліктілікке қойылатын талаптар:


жоғары педагогикалық білім және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;


немесе біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер мамандығы бойынша жұмыс өтілі-6 жыл;


орта және жоғары біліктілік деңгейі болған жағдайда, мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог – зерттеуші үшін кемінде 5 жыл.


315. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:


1) "педагог":


эмоциялық-еріктік саласы, ақыл-ой, көру, есту, тірек-қимыл аппараты бұзылған білім алушыларға ұйымдасқан оқу және түзету-дамыту қызметінің барлық түрлерінде орын ауыстыру, өзіне-өзі қызмет көрсету кезінде сүйемелдеу көрсете білуі тиіс;


әр түрлі нанымдар мен көзқарастарға төзімділік, білім беру процесіне қатысушылардың мәдени алуан түрлілігіне ашықтық таныту және инклюзивті білім беруді, оның ішінде қоғамның ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарға толерантты көзқарасын насихаттауды жүзеге асыру;


2) "педагог-модератор":


дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;


мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;


тәрбиешінің басшылығымен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – ПМПК), консилиумның ұсынымдарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;


3) "педагог-сарапшы":


"педагог-модератор" біліктілігіне ұсынылатын кәсіби құзыреттіліктерді, сондай-ақ:


дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;


білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;


мұғалімнің басшылығымен ПМПК, мектеп консилиумының ұсынымдарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;


дамуында ауытқушылықтарды психологиялық-педагогикалық диагностикалау әдістерін қолдана білу, психологиялық-педагогикалық тексеру нәтижелерін талдау және жүргізу;


білім алушылардың білім алу қажеттіліктеріне байланысты білім беру бағдарламаларын бейімдеудің, жеке-дамытушы (мінез-құлық) бағдарламаларды әзірлеу мен іске асырудың кәсіби құзыреттеріне ие болу;


ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу, дамыту және оқыту мәселелері бойынша консультация беру;


4) "педагог-зерттеуші":


дамуындағы ауытқуларды психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың заманауи әдістерін білу;


мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін бағалау дағдысының болуы;


тәрбиешінің басшылығымен ПМПК, консилиум ұсынымдарын орындай білу және білім беру және түзету-дамыту процесінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру.


ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу;


мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагог-ассистенттің жұмысын үйлестіру дағдысының болуы (жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру, ұйымдастырылған қызметтің барлық түрлерінде түзету-дамыту қолдауын көрсету бойынша);


педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізуді білу;


инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу;


барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу;


5) "педагог-шебер":


"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің мазмұны мен технологиялары бойынша кәсіби құзыреттілікке ие болу;


педагог-ассистенттер қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізуді білу;


инновациялық педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, мотивациялық, диагностикалық, түзету, коммуникативтік, консультациялық, әдістемелік қызметті жүзеге асыру, жеке білім беру және түзету-дамыту бағдарламаларын сынақтан өткізу бойынша жұмысты жүргізу;


барлық деңгейдегі инклюзивті білім берудің озық тәжірибесін зерделеу және енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет