22-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жастар ісі жөніндегі инспекторы 324. Лауазымдық міндеттері: басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісілген оқу жылына арналған Жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарын бекітуге ұсынады; білім беру ұйымдарының барлық алқалық органдарының жұмысына қатысады. жастардың қызметіне қатысты мәселелерді қарайды, студенттік бірлестіктердің баяндамаларын, есептерін тыңдайды; мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен байланысты жүзеге асырады; студенттердің мүдделерін қозғайтын білім беру ұйымдарының ережелерін, жұмыс жоспарларын әзірлеуге және жетілдіруге қатысады; студенттердің тұрмысы мен демалысын ұйымдастыруға қатысады; студенттердің мүдделерін қозғайтын әлеуметтік-тұрмыстық және қаржылық мәселелерді шешуге қатысады;; студенттердің білім беру ұйымдарында, сондай-ақ студенттік жатақханаларда оқу тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін бұзуына байланысты мәселелерді қарауға қатысады; білім беру ұйымының жастар ісі және қоғамдық өмір комитетінің қызметіне белсенді қатысатын студенттерді оқу және оқудан тыс қызметтің әртүрлі салаларындағы жетістіктері үшін көтермелеу жүйесін әзірлеуге және іске асыруға қатысады; студенттердің ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мен үй-жайларын пайдалану мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар енгізеді; білім беру ұйымының басшылығына студенттердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізеді; оқудан тыс іс-шараларды жоспарлауға, дайындауға, өткізуге және талдауға тікелей қатысады; білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережелері мен жарғысын орындау бойынша студенттермен жұмыс жүргізеді; жастар ісі жөніндегі комитетке оқуға түсетін студенттердің ұсыныстары мен өтініштерін қарайды; студенттердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды; студенттердің демалуына жағдайлар жасауға жәрдемдеседі; ТжКБ ұйымдары, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар мен мекемелер басшыларының алдында студенттердің мүдделерін білдіреді және қорғайды; студенттік өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамытуға ықпал етеді; жастардың волонтерлік қызметін дамытуды үйлестіреді; білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 325. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңдары; білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогикалық этиканың нормалары; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері; қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; басқарудың инновациялық әдістері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары. 326. Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығы бар өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде жастар ісі жөніндегі инспектор лауазымындағы педагог-шебер үшін жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі болуы тиіс. 327. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: білім алушылармен әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өз бетінше ұйымдастыра алады; 2) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: студенттермен жұмысты ұйымдастыру формаларын меңгерген, жастар проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдысы болуы, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалануы; 3) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын меңгерген; 4) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ: ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын меңгерген.