-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы басшысының (директорының) оқу ісі жөніндегі орынбасары
2-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы басшысының (директорының) оқу ісі жөніндегі орынбасары 105. Лауазымдық міндеттері: оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жоспарларын әзірлеуді қамтамасыз етеді; білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады; оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтердің жұмысын, сондай-ақ оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді; білім беру процесінің сапасын және білім алушылардың білім беру дайындығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады; оқу сабақтарының және оқу қызметінің басқа да түрлерінің кестесін жасайды; білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; қорытынды аттестаттауға дайындық және оны өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды; оқу үрдісіне инновациялық технологияларды енгізеді; білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын әзірлеуді жоспарлайды; педагог кадрларды іріктеуге қатысады, олардың біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады; педагогтерге біліктілікті беру, арттыру (растау) рәсімін дайындауға және жүргізуге қатысады; оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттерді, кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің жай-күйін, белгіленген есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын бақылауды жүзеге асырады; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді. 106. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттарын; педагогикалық этиканың нормаларын; тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибені; экономика негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды. 107. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілігінің болуы.