Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының психологы, педагог – психологы



бет35/91
Дата14.02.2023
өлшемі150,25 Kb.
#67875
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   91
7-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының психологы, педагог – психологы

122. Лауазымдық міндеттері:


оқушылардың психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатын сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады;


баланың құқықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияға сәйкес жеке адамның құқықтарын қорғауға жәрдемдеседі;


білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының дамуына кедергі келтіретін факторларды айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психокоррекциялық, оңалту және консультациялық) көрсету бойынша шаралар қабылдайды;


білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, оқушылардың ата-аналарына немесе оларды ауыстыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға нақты психологиялық проблемаларды шешуде көмек көрсетеді;


әртүрлі бейіндегі және арналымдағы психологиялық диагностиканы жүргізеді;


білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке және әлеуметтік даму проблемаларына педагогикалық ұжымды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды;


белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді;


тәрбиеленушілерді отбасына орналастыруға дайындығын анықтау үшін жеке консультациялық-диагностикалық жұмысты, психологиялық даярлауды жүргізеді;


тәрбиеленушілердің жеке және гендерлік ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге қатысады, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда бағдарлануға дайындығын және кәсіби өзін-өзі анықтау мәселелерін дамытуға ықпал етеді;


шығармашылық дарынды тәрбиеленушілерді психологиялық қолдауды жүзеге асырады, олардың дамуына жәрдемдеседі;


құқық бұзушылықтардың, буллингтің, суицидтердің алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;


тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;


тәрбиеленушілердің даму деңгейін анықтайды, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуының бұзылуын диагностикалайды, оларға психологиялық-педагогикалық түзету жүргізеді;


білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің психологиялық мәдениетін қалыптастырады;


білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, оқушылардың ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттыруға бағытталған психологияны практикалық қолдану мәселелері бойынша консультация береді;


педагогикалық, әдістемелік кеңестердің, сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру бағдарламасында көзделген басқа да іс-шаралардың жұмысына қатысады;


кәсіби құзыреттілікті арттырады;


білім беру процесі кезеңінде оқушылардың өмірін, денсаулығын және құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді.


123. Білуге тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" заңдары, білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;


әлеуметтік саясат, педагогика, психология негіздері;


валеология және әлеуметтік гигиена негіздері;


әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістері;


тәрбие жұмысының әдістемесін, педагогикалық ғылымды дамытудың бағыттары;


педагогикалық этиканың нормалары;


әлеуметтік-педагогикалық жұмысты талдау және бағдарламалау.


124. Біліктілікке қойылатын талаптар:


"Педагогика және психология" бағыты бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша жоғары медициналық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;


және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-психолог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.


125. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:


1) "педагог-модератор":


"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:


заманауи психологиялық әдістерді қолдануға;


осы білім беру ұйымы деңгейінде балалармен және жасөспірімдермен нақты психологиялық жұмыста басымдықтарды айқындауға;


балалармен және жасөспірімдермен психологиялық-педагогикалық жұмыстың жаңа технологияларын әзірлеуге қатысуға;


білім беру мекемесінде озық психологиялық-педагогикалық тәжірибені игеру бойынша әдістемелік семинар жұмысына қатысуға;


ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға тиіс;


2) "педагог-сарапшы":


"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:


балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі санаттарымен психологиялық жұмыстың жеке және топтық түрлерін жүзеге асыруға, өз біліктілігін үнемі арттыруға;


озық тәжірибені игеру бойынша семинарлар жұмысына басшылық етуге;


ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға тиіс;


3) "педагог-зерттеуші":


"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:


балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеуге тиіс;


4) "педагог-шебер":


"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:


балалармен және жасөспірімдермен жұмыс бойынша жаңа психологиялық-педагогикалық бағдарламаларды дербес әзірлеуге тиіс, республикалық деңгейде сынақтан өткізеді;


облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет