8-тарау. Әдістемелік орталықтар (кабинеттер) 1-параграф. Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) орталықтың (кабинеттің) басшысы (директоры, меңгерушісі) 228. Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады; штаттық кестені анықтайды және бекітеді; даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады; бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді; кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді; республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады; кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады; қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды; қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді; педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс; өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды; әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді; есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. 229. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогика және психология негіздері; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері, қаржы-шаруашылық қызметінің нормалары; педагогикалық этиканың нормалары; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар. 230. Біліктілікке қойылатын талаптар: облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары не "ұйымдастырушы-басшы" немесе "басшы-менеджер" немесе "көшбасшы-басшы" біліктілік санатының болуы; аудандар/қалалар деңгейінде: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; "педагог-сарапшы" немесе "педагог-зерттеуші" немесе "педагог-шебер" немесе "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "білім беру ұйымының" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы.