8-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскері 268. Лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды; озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссияларының, кафедраларының жұмысын үйлестіреді; оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау жұмыс құжаттамасын жасауға қатысады; білім беру ұйымдарының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиялары, кафедралары төрағаларының (меңгерушілерінің) жұмысын басқарады және үйлестіреді; педагог қызметкерлерді аттестаттауды дайындауға және өткізуге қатысады; озық педагогикалық тәжірибені анықтайды және жинақтайды, оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың жұмыс тәжірибесін практикаға енгізеді, педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге жәрдемдеседі; білім беру процесі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді; оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын, конференцияларды, семинарларды дайындауға және өткізуге қатысады; ашық сабақтар өткізуді және оларды талқылауды ұйымдастырады; әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді; белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді. 269. Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"заңдары; білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер; педагогикалық этиканың нормалары; оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; басқарудың инновациялық әдістері; экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері. 270. Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 6 жыл; педагог-шебер үшін – 7 жыл. 271. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар: 1) "педагог": білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс; білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу; білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру; цифрлық білім беру ресурстарын қолдану; 2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау; білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы; 3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру; тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау; аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау; аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы; 4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру; білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау; облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады; ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау; республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.