Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту аға шебері



бет83/91
Дата14.02.2023
өлшемі150,25 Kb.
#67875
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   91
15-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту аға шебері

296. Лауазымдық міндеттері:


техникалық шығармашылық үйірмелер жетекшілерінің, өндірістік оқыту шеберлерінің өндірістік оқытудың сабақ беретін сабақтарының жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын үйлестіреді, нұсқау береді, жеке-әдістемелік жұмыс жүргізеді;


білім беру ұйымдарында өндірістік оқытуды және кәсіпорындарда кәсіптік практиканы ұйымдастырады;


оқу (өндірістік) практикасын өткізу бойынша әлеуметтік әріптестермен жұмысқа қатысады;


өндірістік оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады;


оқытудың инновациялық, дамытушы элементтерін, өндірістік оқытудың үздік шеберлері жұмысының жаңа техникалық жетістіктері мен озық әдістерін зерделейді, таратады және практикаға енгізеді;


өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;


оқу шеберханаларын жабдықтармен, материалдармен, аспаптармен, техникалық құралдармен, көрнекі құралдармен жарақтандыру, станоктарды, машиналарды, жабдықтарды, құрал-саймандарды, айлабұйымдарды баптау және жөндеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;


білім беру ұйымының өндірістік қызметін ұйымдастырады;


шеберханалар мен жабдықтардың қауіпсіз жай-күйін, оқу шеберханаларында, зертханаларда, цехтарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;


білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;


қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаманың өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады;


өндірістік оқыту журналдарының жүргізілуін бақылайды, есептілікті ұсынады;


білім алушылардың өндірістік жұмыстарды орындау нәтижелерін талдайды;


еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау және өртке қарсы қорғау жөніндегі талаптарды орындайды;


белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.


297. Білуге тиіс:


Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және білім алушыларға білім беру мен тәрбие беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;


оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;


педагогика, психология, физиология, гигиена негіздері;


педагогикалық этиканың нормалары;


жұмыстың технологиялық процестері, жабдықта жұмыс істеу әдістері мен тәсілдері, жаңа техникалық жетістіктер;


еңбек туралы заңнама;


еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.


298. Біліктілікке қойылатын талаптар:


жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдарда орта басшы құрам лауазымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;


және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог – зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.


299. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:


1) "педагог":


білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;


білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;


білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;


білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;


кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;


цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;


2) "педагог-модератор":


"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;


білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;


білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;


3) "педагог-сарапшы":


"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;


тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;


аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;


аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;


4) "педагог-зерттеуші":


"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;


білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;


аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;


облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);


облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);


5) "педагог-шебер":


"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:


Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;;


ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;


тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;


республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет