Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бөлімшесінің меңгерушісі



бет77/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91
9-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары бөлімшесінің меңгерушісі
272. Лауазымдық міндеттері:
педагогикалық ұжым қызметінің ағымдағы және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады;
оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша оқытушылардың, тәрбиешілердің, өндірістік оқыту шеберлерінің және басқа да педагогтердің жұмысын, сондай-ақ әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді үйлестіреді;
білім алушылардың оқу жүктемесінің орындалуын, білім беру ұйымының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
білім беру және тәрбие процестерінің сапасын және білім алушылардың білім беру даярлығы нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
педагогтерге инновациялық бағдарламалар мен технологияларды игеруге және әзірлеуге көмек көрсетеді;
педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
оқу-материалдық базаны нығайту, оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдайды;
жабдықтардың сақталуын, санитариялық-гигиеналық талаптардың, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
оқытушылардың есептілікті уақытылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуін қамтамасыз етеді.
273. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары;
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
басқарудың инновациялық әдістері;
экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
274. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 1 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 2 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 3 жыл; педагог-шебер үшін – 4 жыл.
275. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;
білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;
білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;
аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;
аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;
білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындайды;
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;
ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;
тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;
республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет