Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары



бет31/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

3-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
108. Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді тәрбиелеу және әлеуметтік қорғау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
білім алушылар, тәрбиеленушілер тұлғасының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін зерделейді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделерін, қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжал жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;
тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлейді, тәрбие процесінің, тәрбие жұмысының басқа да түрлерінің сапасын бақылауды жүзеге асырады;
қосымша білім беру педагогтарының, аға тәлімгерлердің, тәрбиешілердің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
тәрбие жұмысы бойынша қажетті құжаттаманы жүргізуді, мәдени-тәрбие іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етеді;
білім беру ұйымдарындағы тәрбие процесінің проблемаларын, тәрбие жұмысының жай-күйі мен перспективаларын талдайды;
тәрбие процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
педагог кадрларды іріктеуге қатысады, тәрбие жұмысының бағыттары бойынша педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыруды ұйымдастырады;
қоғамның, құқық қорғау органдарының және қамқоршылық кеңестің өкілдерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді;
факультативтердің, үйірмелер мен секциялардың жұмысын үйлестіреді;
жүргізілетін әлеуметтік жобалар мен бағдарламалардың ықтимал салдарларын болжайды;
балаларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жәрдемақылары мен зейнетақыларының уақтылы тағайындалуына бақылауды жүзеге асырады;
кәмелетке толмағандардың әлеуметтік қорғалуын, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын (білім алушылар (тәрбиеленушілер) мүлкінің сақталуын, олардың тұрғын үй алу құқықтарының уақтылы іске асырылуын) қамтамасыз етеді;
білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша тәрбиешілердің жұмысын үйлестіреді және жоспарлайды;
тәрбиеленушілер арасында кәсіби бағдар беру жұмысын және интернаттан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастырады;
түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бақылауды қамтамасыз етеді;
тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды енгізеді;
тәрбиешілердің неғұрлым нәтижелі тәжірибесін тарату жөнінде шаралар қабылдайды;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау және өртке қарсы қорғау жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
белгіленген тәртіппен есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
мектеп ұжымының қатысуымен білім беруде құндылықты тәсілдемені енгізеді;
"Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмысын ұйымдастырады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет" атты қоғамдық пайдалы жұмысты ұйымдастырады;
адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "Өзін-өзі тану" пәнінің педагогімен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
мұражай жұмысын ұйымдастырады;
пікірсайыс қозғалысын дамытады;
туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
109. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, арнаулы әлеуметтік қызметтердің мемлекеттік стандарттары;
педагогикалық этиканың нормалары;
тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибені;
экономика негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормалар.
110. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
білім беру ұйымының "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы не педагог – сарапшы немесе педагог – зерттеуші немесе педагог - шебер біліктілігінің болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет