6-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының әлеуметтік педагогі 118. Лауазымдық міндеттері:
жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның микроорталарын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға уақтылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді;
әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;
білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады;
тәрбиеленушілерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
аймақтағы балалардың өмір сүру жағдайларын зерттеу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады, олардың әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктерін, қиындықтар мен проблемаларды, жанжалды жағдайларды, мінез-құлықтағы ауытқуларды анықтайды;
білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;
тәрбиеленушілердің әлеуметтік мәртебесін растау үшін отбасына орналастыру мақсатында органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жолымен олардың құжаттарын дайындауды жүзеге асырады;
тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;
тәрбиеленушілердің мәртебесі бойынша жұмыс жүргізеді, олардың мәртебесі бойынша жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) өзгерістер енгізеді;
республикалық деректер банкіне бару кестесін уақтылы толтырады;
республикалық деректер банкінде бала асырап алуға үміткерлердің танысу не болмауы, екі апталық қарым-қатынас фактілерін растайды.
119. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы" заңдарын, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы";
әлеуметтік саясат, психология, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалық әдістерді;
тәрбие жұмысының әдістемесін, педагогикалық ғылымды дамытудың бағыттарын;
әлеуметтік-педагогикалық жұмысты талдауды;
еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
120. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары педагогикалық білім немесе "Әлеуметтік педагог" педагогикалық білімі, әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог – зерттеуші және педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.
121. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
озық тәжірибені үйрену, оны тәжірибеде қолдануға;
оқу-тәрбие жұмысын талдау дағдысының болуы;
білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдануға;
шығармашылық семинарларға жетекшілік етуге, озық тәжірибені енгізуге тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды әзірлеуге, оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық етуге тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәжірибелік-эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларды, педагогикалық технологияларды әзірлеуге, оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
республикалық деңгейде әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың жұмысына басшылық етуге;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиі.