Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы


-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының педагог-ұйымдастырушысы



бет33/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

5-параграф. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымының педагог-ұйымдастырушысы
114. Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымдары білім алушыларының жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды;
таланттарды, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
клубтар, үйірмелер, секциялар жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, балалармен және жасөспірімдермен жеке жұмысты ұйымдастырады;
ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік бағыттардың бірін басқарады;
қосымша білім беру бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастырады;
"Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын, дебаттарды, мектеп парламентін ұйымдастырады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;
бос уақытты, мерекелерді, жорықтарды, экскурсияларды, ойын-сауықтарды ұйымдастырады, білім алушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;
балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
іс - шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді;
тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
115. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы", "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы", "тұрғын үй қатынастары туралы", "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы" білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және психология, физиология, гигиена, білім алушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерінің даму ерекшелігін, олардың шығармашылық қызметінің негіздерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
тәрбие жұмысының әдістемесін, балалар ұжымдары, ұйымдар мен қауымдастықтар қызметінің негіздерін;
еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
116. Біліктілікке қойылатын талаптар:
"Педагогика" бағыты бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін педагог-ұйымдастырушы лауазымындағы жұмыс өтілі – 5 жыл.
117. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
балалармен және жасөспірімдермен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық формаларын қолдануға, білім беру процесінде тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуге;
әдістемелік бірлестіктердің, озық тәжірибе мектептерінің жұмысына қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
тәрбие жұмысын талдау әдістерін қолдануға;
балалар мен жасөспірімдерге сараланған көзқарасты ескере отырып, оларды тәрбиелеу әдістемесін дербес әзірлеуге;
жұмыста озық педагогикалық тәжірибені қолдануға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге, оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуге тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін қолдануға;
жаңа педагогикалық технологияларды, мақсатты бағдарламаларды әзірлеуге;
оларды апробациялау бойынша жұмыс жүргізуге;
Әлеуметтік педагогиканың өзекті мәселелерін әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуге;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдар болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет