Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



бет49/91
Дата10.09.2022
өлшемі209,22 Kb.
#38793
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91
Байланысты:
№338 БҰЙРЫҚ ЛАУАЗЫМ

7-параграф. Аккомпаниатор
174. Лауазымдық міндеттері:
репетициялар мен концерттерде вокалистер мен аспапшыларды сүйемелдейді, спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу, аэробика, шейпинг бойынша спорттық жарыстарда, балдық және спорттық билерде, білім беру ұйымдарында түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларда көрсетілімдік қойылымдарда музыкалық сүйемелдеудің кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді;
білім алушылардың жеке деректерін ескере отырып, қозғалыстардың жекелеген элементтеріне музыканы таңдайды, музыкалық шығармаларды көшіреді, білім алушыларға ансамбльдік ойын дағдыларын дағдыландырады;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау жөніндегі ережелерді сақтайды.
175. Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика, психология, еңбек заңнамасы негіздерін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
әр түрлі дәуірдегі, стильдегі және жанрдағы музыкалық шығармалар, музыка тарихы мен теориясы, көркемөнерпаздар репертуарын қалыптастыру принциптерін;
сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін;
педагогика, психология, еңбек заңнамасы негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау ережелерін, санитариялық ережелер мен нормаларды.
176. Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім педагогикалық немесе музыкалық білім немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл.
177. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог-модератор":
"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
парақтан еркін оқып, дайындықсыз сүйемелдеуге;
қысқа мерзімде музыкалық шығармаларды жаттауға, транспондау, орындаушылардың репертуарын білу және зерделеуге;
музыкалық фрагменттерді құрастыру дағдыларына ие болуға;
әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысуға тиіс;
2) "педагог-сарапшы":
"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
көлікте парақтан сүйемелдеу;
музыкалық шығармаларды өңдеуге және паритуралардан аударуға;
жұмыста жоғары кәсіпқойлық пен тұрақты концерттік тәжірибеге ие болуға, конкурстарда, фестивальдарда үздік концертмейстер дипломдары болуға тиіс;
3) "педагог-зерттеуші":
"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
концертмейстерлік және аккомпаниаторлық мамандықтар (мамандандырулар) бойынша сабақтар жүргізуге;
практикалық, әдістемелік тәжірибені жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуға;
ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға;
оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды жасауға және сынақтан өткізуге қатысуға тиіс;
4) "педагог-шебер":
"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуға, сондай-ақ:
концертмейстерлік және аккомпаниаторлық мамандықтар (мамандандырулар) бойынша сабақтар жүргізуге;
практикалық, әдістемелік тәжірибені жинақтауға, жариялауға материалдар дайындауға, пәндерді (пәндерді)оқыту тақырыптарын, курстарын әзірлеуге қатысуға;
ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстармен айналысуға;
оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік құралдарды жасауға және сынақтан өткізуге қатысуға;
облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет