3-тарау. Тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар
14. Шағын жинақты мектептегі тәлімгерден басқа, тәлімгер мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:
1) "педагог-зерттеуші" не "педагог-шебер" біліктілік санаты;
2) педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтауы;
3) соңғы үш жыл ішінде оқытатын пән бойынша білім алушылардың білім сапасы кемінде 60% - 70%.
15. Шағын жинақты мектептегі тәлімгер мынадай талаптарға сай болуы қажет:
1) "педагог-зерттеуші" не "педагог-шебер" біліктілік санаты;
2) педагогикалық этиканың негізгі қағидаттары мен нормаларын сақтауы;
3) соңғы үш жыл ішінде оқытатын пән бойынша білім сапасы кемінде 50% - 60%.
Достарыңызбен бөлісу: |