Педагогика – педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым



бет1/3
Дата16.10.2023
өлшемі0,79 Mb.
#115508
  1   2   3

Педагогика педагогикалық үдерістің мақсатын, заңдылықтарын, принциптерін, әдістері мен құралдарын, формаларын, мазмұны мен технологиясын адам дамуының құралы мен факторы ретінде зерттейтін ғылым
Педагогика нысаны ретінде кең мағынасында білім беруді танимыз, яғни тұтас педагогикалық үдерістегі адамның дамуы мен қалыптасуы, білім алуы мен тәрбиеленуі
Педагогика пәні ретінде тұтас педагогикалық үдерісі саналады, оған оқыту мен тәрбие үдерістері кіреді
Педагогикада негізгі категорияларға жататындар: білім беру, тәрбие, оқыту, педагогикалық үдеріс, өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу
Оқыту арнайы ұйымдастырылған, мақсатты бағытталған үдеріс, оның жүргізілу барысында білім алушылар белгілі бір көлемде білім, іскерлік пен дағдылар жүйесін игеріп, табиғи қабілеттері дамиды, әлеуметтік және тұлғалық мәнге ие қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады
Тәрбие тұлғаның дамуына және қалыптасуына негізгі жағдайларды жасауға бағытталған мақсатты үдеріс
Білім беру білім алушылардың білімдер жүйесін қалыптастырудағы білім, іскерлік пен дағдыларын меңгертудің үдерісі, олардың негізінде дүниетанымдық, адамгершілік және т.б. тұлға қасиеттері, адамға тән көзқарастардың қалыптасуы, шығармашылық күш пен қабілеттерінің дамуы
Педагогикалық үдеріс тұлғаның білім алуы мен дамуы, оқуы мен тәрбиеленуі туралы міндеттер шешілетін арнайы ұйымдастырылған педагогтар мен білім алушылардың өзара әрекеттестігі
Өздігінен білім алу – білімді іздеу мен игеру жолындағы адамның мақсатты әрекеті мен нысаналы бағытталған жұмысы
Өзін-өзі тәрбиелеу – адамның өзіне қажетті мінез-құлық сапаларын қалыптастыру үшін мақсатты бағытталған саналы жұмыс түрі
Педагогикалық теория – сипаттау, түсіндіру, болжалдау және сәйкес келетін педагогикалық шынайылықты қайта құрайтын педагогикалық нысандардың обьективті және заңнамалық қасиеттері мен байланыстары туралы ретке келтірілген білімдер жүйесі
  • 1924-1940 жылдары құрастырылған педагогика оқулықтары педагогика курсы жүйесінің берік негізін қалады. Соғыстан кейінгі жылдары Б.П. Есипов пен Н.К. Гончаровтың «Педагогика: учебник для учащихся педагогических училищ» (1948 ж.); авторы П.Н. Шимбирев болып табылатын «Педагогика: учебник для студентов педагогических институтов» (1954 ж.), И.А. Каировтың «Педагогика: учебник для студентов педагогических институтов» (1956 ж.) үш оқулықтары жарық көрді.
  • 1960-1980 жылдары С.И. Зиновьевтің «Учебный процесс в советской высшей школе» (1975 ж.), С.И. Архангельскийдің «Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы» (1980 ж.) және т.б. еңбектері шықты.
  • 1969 жылы Б.П. Есиповтың «Основы дидактики» (1967 ж.), Ф.Ф. Королевтің, В.Е. Гмурманның «Общие основы педагогики» (1967 ж.), В.А. Сластениннің, И.В. Исаевтің, Е.Н. Шияновтың «Основы педагогики» (1974 ж.), Т.А. Ильинаның «Педагогика» (1977 ж.) еңбектері жарық көрді.
  • 80-жылдары педагогикалық институттардың студенттеріне арналған М.Н. Скаткиннің (1982 ж.), Т.А. Ильинаның (1984 ж.), Ю.К. Бабанскийдің (1988 ж.) оқулықтары мен оқу құралдары жарық көрді.
  • 90-жылдар педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерін белсенді зерттеумен ерекшеленді. Оның қорытындысы И.Ф. Харламовтың «Педагогика» (1990 ж.), И.П. Подласыйдың «Педагогика» (1996 ж.), И.П. Пидкасистыйдың «Педагогика» (1996 ж.), Б.Т. Лихачевтің «Педагогика: курс лекций» (1997 ж.), В.И. Сластениннің, И.Ф. Исаевтің, Е.Н. Мищенконың «Педагогика» (1997ж.), Б.З. Вульфовтың, В.Д. Ивановтың «Основы педагогики в лекциях, ситуациях, первоисточниках» (1997 ж.), Т.А. Стефановскаяның «Педагогика: наука и искусство» (1998 ж.) деген еңбектерінен көрініс тапты.
  • ХХІ ғасыр «Жаңа ғасыр оқулығы» атты оқулықтар сериясының пайда болуының бастамасы еді. Бұл серияға келесі авторлардың басылымдары кірді: Н.В. Бордовская, А.А. Реан «Педагогика» (2001 ж.), А.В. Хуторской «Современная дидактика» (2001 ж), С.Д. Смирнов «Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности» (2003 ж.), В.В. Краевский «Общие основы педагогики» (2003 ж.), В.И. Сластенин, И.Ф. Исаев, Е.Н. Мищенко «Педагогика» (2006 ж.), А.М. Столяренко «Общая педагогика» (2006 ж.), И.П. Пидкасистый «Педагогика» (2008 ж.), В.И. Загвязинский «Общая педагогика» (2008 ж.), В.Г. Виненко «Общие основы педагогики» (2009 ж.), О.Ю. Ефремов «Педагогика» (2010 ж.) және т.б. Аталған оқулықтар базалық педагогикалық білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес дайындалып, жоғары оқу орындарының студенттеріне ұсынылды.
  • Қазақстанда шығарылған педагогика саласындағы оқулықтар мен оқу құралдарын екі топқа бөлуге болады:
  • Бірінші топқа Т.Т. Тәжібаевтің «Абай Құнанбаевтың педагогикалық, психологиялық, философиялық көзқарастары» (1957 ж.), «ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстандағы ағартушылық-педагогикалық ойлардың дамуы» (1958 ж.), Р.Г. Лембергтің «Дидактические очерки» (1960 ж.), Ә. Сембаевтің «Қазақ совет мектебінің тарихы» (1967 ж.), Н. Көшекбаевтің «Оқыту теориясы» (1967 ж.), М.М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі» (1980 ж.), К.Б. Жарықбаевтың «Аталар сөзі-ақылдың көзі» (1980 ж.), К.Б. Бержановтың, С.М. Мусиннің «Педагогика тарихы» (1984 ж.) және т.б. авторлардың еңбектері кірді.
  • 1990 жылдары Ж.Б. Қоянбаевтың «Педагогика» (1992 ж.), М. Жұмабаевтың «Педагогика» (1993 ж.), К.Б. Жарықбаев пен С. Қалиевтың «Қазақ тәлім-тәрбиесі» (1995 ж.) кітаптары жарық көрді.
  • Екінші топқа профессор Н.Д. Хмельдің редакциялауымен «Педагогика» (2003 ж.), Ж. Әбиевтің «Педагогика» (2004 ж.), Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаевтың «Педагогика» (2004 ж.) оқулықтар мен оқу құралдары кірді. Педагогика ғылымдарының докторы, ресейлік ғалым П.И. Пидкасистыйдың «Педагогика» атты оқулығы отандық ғалымдар Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаевамен қазақ тіліне аударылып (2006 ж.), Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігімен педагогикалық жоғары оқу орындарына және педагогикалық колледждерде оқылатын оқулық ретінде ұсынылды.

Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
- сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
- анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
- болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет