87. Эстетикалық тәрбиенің мәні: А) Эстетикалық мінез-құлық нормаларын қалыптастыру.
В) Еңбексүйгіштік пен тәртіптілікке тәрбиелеу .
С) Оқушыларды әртүрлі көркем-эстетикалық іс-әрекетті ұйымдастыру.
D) Әлеуметтік жауапкершілікке және өз Отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Е) Оқушыларды идеялық бағыттылыққа тәрбиелеу.
{Дұрыс жауап }= А
88. Дене тәрбиесінің міндеттері болып табылады: А) Дененің дұрыс дамуына әсер ету, организмді шынықтыру, қозғалыс сапасын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
В) Білім, біліктілік пен дағдылар жүйесін қалыптастыру.
С) Ақыл-ой дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру.
D) Жүйелі оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
Е) Эстетикалық талғамын қалыптастыру.
{Дұрыс жауап }= А
89. Оқушылардың экономикалық тәрбиелілігінің көрсеткіші болып табылады: А) ҚР-дағы экономикалық саясат, негізгі экономикалық ұғымдар мен жетекші идеялар туралы білімі.
В) Табиғатты қорғауға саналы жауапкершілік сезімі.
С) Экономикалық мәдениетті меңгеруі.
D) Табиғатты қорғау бойынша тәжірибелік іс-әрекеті.
Е) Математикалық білімі.
{Дұрыс жауап }= С
90. Эстетикалық тәрбие бойынша сыныптан тыс жұмыстың түрлері: А) Музыкалық студия, өнер қайраткерлерімен кездесу, өнер лицейіне экскурсия.
В) Сынып сағаттары, сыныптан тыс оқу.
С) Өлкетану музейлеріне экскурсия, спорттық жарыс.
D) Ата-аналар жиналысы, дамыта оқыту бойынша семинар.
Е) Олимпиада, әңгімелесу, жарыс.
{Дұрыс жауап }= А
91. Мінез-құлықпен іс-әрекетті ынталандыру әдістер тобына жатады: А) Мадақтау.
В) Сендіру.
С) Үйрету.
D) Жаттығу.
Е) Әңгіме.
{Дұрыс жауап }= А
92. Тәрбие әдісіне жатады: А) Сынып сағаты.
В) Сабақ.
С) Педагогикалық талап.
D) Орта.
Е) Ұжым.
{Дұрыс жауап }= С