Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері



Дата22.12.2022
өлшемі26,7 Kb.
#59053
Байланысты:
«Психологическая служба в дошкольных учреждениях» 1


Психокоррекция – бағыты индевидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады. Жеке бас дамуына әсер ету жас және дара психологиялық ерекшелігіне (танымдық, эмоционалды – еріктік, қалыпты мінез-құлық және
қасиеттеріне ) қарай жүретін қалыпты үрдіс.
Оқу құралының құрылымы теориялық деңгейде мазмұн бере отырып, жас ерекшелігіне байланысты қолданылуы, сапасы ретінде психикалық жаңа білім беру қарастырылды.
М.д.к. балаларды сензетивті көрсем-білсем, үйренсем деген кезең болғандықтан бала өз алдына дара қажеттілігін түсінеді. Мен қасиеті арқылы ортаға әлеуметтенуді меңгереді.
М.д.к. баланың жетекші әрекеті ойын болғандықтан түзету жаттығулары осы негізде құрылады.
Ойын жаттығулары жеке және топтық түрде психологтың жұмыс жоспарына байланысты жүргізіледі.
Л.С. Выгодскийдің енгізген «таяудағы даму аймағы » есепке алынып «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» ұстанымы негізінде құрастырылды.
Жеке жаттығу ойын және кеңес беру түрінде ата-ана мен бала өзара қатынасында қарастырылады.
Психокоррекциялық жұмыстың тиімді ерекшеліктері.
Психологиялық коррекция – баланың әлеуетті мүмкіншілігін ынталандыру мен дамытуға бағытталған әдістер жиынтығы Тәжірибелі психолог маман психодиагностикалық өңдеу көрсеткішінен алынған нәтижені негіге ала отырып, жеке бас дамуын қалыптастыруға коррекциялық жаттығуларын қолданады. Психолог маман жұмысының тиімділігін талдау, балалармен нақты өзара әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыру болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыста «коррекция» терминінің кең қолданымға енуі ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарынан басталды, тура аудармасы «исправление-түзету» деген мағынаны береді... Психолог жеке тұлғаның мінез-құлқы мен сапаларына, белгілі әсер етуде түзету жұмысына бағдарлама құрады. Бағдарлама құрылымы психологиялық және педагогикалық екі бөлімде қарастырылады. Психологиялық бөлімінде психолог жеке жұмыс жопарын жасап, оны жүзеге асырады. Ал педагогикалық бөлімінде психолог басқа мамандармен – мұғалім, тәрбиеші және ата-анамен бірігеотырып, психологиялық ұсыныстар құрастырады. Р.С. Немовтың пікірінше «психокоррекция » ерекшелігі – психикасы сау адамның мінез-құлқын реттеуге әсе ету және оның жетіспейтін тұстарын жетілдіруде психологтың қолданатын психологиялық тәсілдерінің жиынтығы.
Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:
Әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
Балада іс-әрекет түрлерін дамыту.
Жас және психологиялық жаңа білімді қалыптасытыру.
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуына қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлық өрістер бірге қарастырылып, субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескере отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Мектепке дейінгі кезеңде психокоррекцияны қолдану ерекшелігі.
Психокоррекциялық жұмыста ойын жаттығулары мінез-құлықтың реттелммеуі, бала қобалжуында, қоқуы мен қарым-қатынас бұзылғанда қолданылады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады. Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде баланы асықтыруға болмайды, бірақ белсенділігін байқатқанда мадақтап отыру шарт.
Бала-бақшада аффектілі: шектен тыс өкпелегіш, жағымсыз тұйық, эмоциясы тұрақсыз балалар кездеседі. Олармен ойынның төрт түрі: сюжетті ролді, ереже бойынша ойын, бейнелі-ролдік және режиссерлік ойындар қарастырылады. Олар мектепке дайындық төңірегінде шоғырланған. Осы тақырып бойынша зор ғылыми – тәжірибелік жұмыстың жүргізілген (Л.А. Венгер, Л.М. Безруких, А.С: Смирнова, Т.В. Торунтаева, В.В. Холмовская, т.б.). психологтардың назарын таза психологиялық мәселелерге аударған жөн. Психикалық процестерді дамытуды жетілдіре отырып мінез-құлықты басқару, алдын алу, анықтау және бала дамуының жеткіліксіз жақтарын түзетуде де көмек көрсетеді, сондай-ақ психолог баланың жеке бас дамуына маңызды үлес қосып, мектептегі табысты оқуға дайындығына көмек көрсетеді.
Бала жүйкесінің дамуына балалар ортасы көп қырлы әсер етеді. Мектепке дейінгі баланың жекелігінің қалыптасуы топтағы эмоционалдық –психологиялық ахуалдың жағымды болу шартында ғана толыққанды болады.
Шынайы өмірде мектепке дейінгі балалар ішінде құрдастарының орнында танымал еместері кездеседі. Олардың қарым-қатынас шеңбері тар, олар ойын ұйымдарының тұрақты мүшелері бола алмайды, ал олардың жеке қасиеттерін балалар төмен бағалайды. Бұл жағдайда коррекция пәні баланың топтағы құрдастары мен танымал болмауы, ал психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыты – балалардың оған деген дұрыс емес кері қатынасын бағдарлау және жағымды бағалау жүйесін зерттеу.
Бала жекелігінің қалыптасуында ауытқуының көрінуінің алғы шарты шет қалуға ұмтылысы, өзге балалармен байланыстың ұзақ болмауы, ойын топтарына қатыспаудан көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда психокоррекциялық жұмыстың мақсаты қарым-қатынасқа аз түсу симптомы болады. Мұнда психолог баланың ішкі ұйымына көңіл аударады. Жұмыстың тиімді тәсілі ретінде ересектердің болып жатқан оқиғаға эмоционалды түсіндірмесін пайдалануға болады, бұл балаға болған жайтты эмоционалды қабылдауға көмектеседі. Мұнан кейін балаға құрдастарының ойынына, таласына, қақтығысына өзінің түсіндіруші болуын ұсынуға болады.
Коррекциялық жұмыс пәні мектепке дейінгі кезеңде ойын әрекетінің операционалды жағының ақауы болуы мүмкін, ойын дағдысының дамымауы, әріптестіктің жағымды тәсілдерін игермеуі, ойын әрекеті тәсілдерінің тепе-теңдігі (тым жайбарақаттылық, қозғалыстағы мазасыздану, моторлы импульсивтілік).
Балаларды құрдастарының ойын түсінуге, өз пікірін айта білуге, ортақ ойынды жоспарлауға, әрекет бірізділігін анықтауға үйрету қажет. Қимыл әрекеті баяу дамыған балаларда шапшаң мазмұны ойындарға қызығушылығын оятқан маңызды, олардың ойын операцияларын ең жоғарғы деңгейде жетілдіріп, сәйкесінше мұндай баланың әрекетін мадақтап отырған дұрыс.
Қимыл белсенділігі жоғары балаларға өздерінің қозғалысын мазасыздығын басқара алуға мүмкіндік беретін жағдай туғызған жөн. Мұндай балалардың қозғалысын жасанды шектеу олардың тек ашу мен қозуын күшейтеді.
Мотивациялық аумақты түзетуде баланың мінез-құлқындағы бұйрық өзімшілдік көзқарастың басым болуынан қарастырылады. Мұндай балаладың белсенді, бастамашыл, қарым-қатынасқа бейім болуы мүмкін. Бірақ оларда ойынға деген ұмтылыс ойнау үшін емес, алғашқы ұту дген секілді жекелік мақсаттар болады. Өзімшілдік мотивтері балалар мінез-құлқында ашық көрінуімен бірге жасырын болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда негізгі түзету жұмысы жекелік маңыздылық пен іс-әрекеттің қоғамдық құнды мотивтері арасында үйлесімділікті орнатуға бағыттайды. Бұл үшін балаларды мақсатқа сай тәсіл әртүрлі әлеуметтік пайдалы іс-әрекетке жұмылдыру. Онда мотивацияға негізделген тәсілдер қолданылуы мүмкін, досқа көмек, өз тобына көмек көрсету, қақтығыста төрелік ету. Ең бастысы бала әлеуметтік маңызды сапасын шынайы көрсете алса және өзінің «басты » болуға қажеттілігін қанағаттандыра алса болғаны. Психокоррекция пәні «ғажайып кешен» ол топтағы шеттетілген балалардың күйін сипаттайды, өзін жағымсыз қабылдау, өзіне деген парықсыз қатынас, дауысының сенімсіз болуы, шешімсіз болуы мүмкін. Психокоррекция бағыты ең қосындысының қалыптасуымен, ортақ іс-әрекетпен жұмылдыру қажет.
Психокоррекцилық жұмыста ойын жаттығулары мінез-құлықтың реттелмеуі, бала қобалжуында, қорқуы мен қарым-қатынас бұзылғанда қолданылады. Мектепке жасына дейінгі кезеңде ойын еркін әдіс ретінде қолданылады. Ойын жаттығулары бағыттау, қайта құру және бекітуге арналады. Ойын үстінде баланы асықтыруға болмайды, бірақ белсенділігін байқатқанда мадақтап отыру шарт.
Бала-бақшада аффектілі: шектен тыс өкпелегіш, жағымсыз тұйық, эмоциясы тұрақсыз балалар кездеседі. Олармен ойынның төрт түрі: сюжетті ролді, ереже бойынша ойын, бейнелі-ролдік және режиссерлік ойындар қарастырылады. Олар мектепке дайындық төңірегінде шоғырланған. Осы тақырып бойынша зор ғылыми-тәжірибелік жұмыстың жүргізілген (Л.А.Венгер, Л.М. Безруких, А.С. Смирнова, Т.Б. Торунтаева, В.В. Холомовская, т.б.). психологтардың назарын таза психологиялық мәселелерге аударған жөн. Психикалық процестерді дамытуды жетілдіре отырып мінез-құлықты басқару, алдын алу, анықтау және бала дамуының жеткіліксіз жақтарын түзетуде де көмек көрсетеді, сондай-ақ психолог баланың жеке бас дамуына маңызды үлес қосып, мектептегі табысты оқуға дайындығына көмек көрсетеді.
Бала жүйкесінің дамуына балалар ортасы көп қырлы әсер етеді. Мектепке дейінгі баланың жекелігінің қалыптасуы топтағы эмоционалдық – психологиялық ахуалдың жағымды болу шартында ғана толыққанды болады.
Шынайы өмірде мектепке дейінгі балалар ішінде құрдастарының орнында танымал еместері кездеседі. Олардың қарым-қатынасы шеңбері тар, олар ойын ұйымдарының тұрақты мүшелері бола алмайды, ал олардың жеке қасиеттерін балалар төмен бағалайды. Бұл жағдайда коррекция пәні баланың топтағы құрдастары мен танымал болмауы, ал психокоррекциялық жұмыстың негізгі бағыты- балалардың оған деген дұрыс емес кері қатынасын бағдарлау және жағымды бағалау жүйесін зерттеу.
Бала жекелігінің қалыптасуында ауытқуының көрінуінің алғы шарты шет қалуға ұмтылысы, өзге балалармен байланыстың ұзақ болмауы, ойын топтарына қатыспаудан көрінуі мүмкін. Бұл жағдайда психокоррекциялық жұмыстың мақсаты қарым-қатынасқа аз түсу симптомы болады. Мұнда психолог баланың ішкі ұйымына көңіл аударады. Жұмыстың тиімді тәсілі ретінде ересектердің болып жатқан оқиғаға эмоционалды түсіндірмесін пайдалануға болады, бұл балаға болған жайтты эмоционалды қабылдауға көмектеседі. Мұнан кейін балаға құрдастарының ойынына, таласына, қақтығысына өзінің түсіндіруші болуын ұсынуға болады.
Коррекциялық жұмыс пәні мектеп жасына дейінгі кезеңде ойын әрекетінің операционалды жағының ақауы болуы мүмкін; ойын дағдысының дамымауы, әріптестіктің жағымды тәсілдерін игермеуі, ойын әрекеті тәсілдерінің тепе-теңдігі ( тым жайбарақаттылық, қозғалыстағы мазасыздануы, моторлы импульсивтілік). Мұнда коррекциялық жұмыстың бір бағыты балалардың ойын әрекеті түсінігін жинақтау болып табылады; олардың зейінін сюжетті ойындарға ойын әрекетінің мазмұнына, бірізділігіне, құрдастарының өмірге құштар, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына аударады. Психологиялық әсер етудің басқа бағыты- ойынның мағынасын түсіндіруге, ойын әрекетін орындауды үйрету.
Балаларды құрдастарының ойын түсінуге, өз пікірін айта білуге, ортақ ойынды жоспарлауға, әрекет бірізділігін анықтауға үйрету қажет. Қимыл әрекеті баяу дамыған балаларда шапшаң мазмұны ойындарға қызығушылығын оятқан маңызды, олардың ойын операцияларын ең жоғарғы деңгейде жетілдіріп, сәйкесінше мұндай баланың әрекетін мадақтап отырған дұрыс.
Қимыл белсенділігі жоғары балаларға өздерінің қозғалысын мазасыздығын басқара алуға мүмкіндік беретін жағдай туғызған жөн. Мұндай балалардың қозғалысын жасанды шектеу олардың тек ашу мен қозуын күшейтеді.
Мотивациялық аумақты түзетуде баланың мінез-құлқындағы бұйрық өзімшілдік көзқарастың басым болуынан қарастырылады. Мұндай балалардың белсенді, бастамшыл, қарым-қатынасқа бейім болуы мүмкін. Бірақ оларда ойынға деген ұмтылыс ойнау үшін емес, алғашқы ұту деген секілді жекелік мақсаттар болады. Өзімшілдік мотивтері балалар мінез-құлқында ашық көрінуімен бірге жасырын болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда негізгі түзету жұмысы жекелік маңыздылық пен іс-әрекеттінің қоғамдық құнды мотивтері арасында үйлесімділікті орнатуға бағыттайды. Бұл үшін балаларды мақсатқа сай тәсіл әртүрлі әлеуметтік пайдалы іс-әрекетке жұмылдыру. Онда мотивацияға негізделген тәсілдер қолданылуы мүмкін; досқа көмек, өз тобына көмек көрсету, қақтығыста төрелік ету. Ең бастысы бала әлеуметтік маңызды сапасын шынайы көрсете алса және өзінің «басты» болуға қажеттілігін қанағаттандыра алса болғаны. Психокоррекция пәні «ғажайып кешен» ол топтағы шеттетілген балалардың күйін сипаттайды, өзін жағымсыз қабылдау, өзіне деген парықсыз қатынас, дауысының сенімсіз болуы, шешімсіз болуы мүмкін. Психокоррекция бағыты мұндай баланы құрдастарымен, тәрбиені ең қосындысының қалыптасуымен, ортақ іс-әрекетпен жұмылдыру қажет.
Балада өзі қабылдау бағдары маңызды: өзінің сыртқы келбетіне қызығушылық тудыру ( киімі, шаш қойып, жекелік ерекшеліктері). Сондықтан педагогтардың белсенді –жағымды қатынасының маңызы зор, баладағы жағымды қасиеттерді көріп өзіне айтып отыру керек. Психолог мектеп жасына дейінгі балалардың агрессивті мінез-құлқына көңіл аударғаны жөн. Ашудың жиі бұрқ етуі, іс-әрекетті бұзуға бағыттылық, ашушаңдық. Бұл жағдайда психокоррекциялық зерттеу пәні мектепке дейінгі баланың мінез-құлқының тартымсыздығын көру арқылы қабылдау мүмкіндігінен қамтамасыз ету.
Көшбасшыға қарсы белгі –тағы бір коррекциялық іс-әрекеттің мүмкін болатын пәні. Көшбасшыға қарсы- бала құрдастарының беделін жетістіктермен емес, басқа себептермен жаулап алумен келеді. Бұл күш көрсету, қоқан-лоқы жасау, алдау т.б. болуы мүмкін. Коррекциялық жұмыс мұндай жағдайда мақсатқа сай мінез-құлықтың жағымсыз түрін түсінуге бағытталады. Шаршау симптомы түзету жұмысының міндеті болуы мүмкін. Ол барлық балаларда қорғаныс реакциясы ретінде көрінуі мүмкін. Бала болып жатқандарды түсінуге қабілетсіз, өзін қорғансыз, әлсіз сезінеді. Бұл көз жасын көрсету. Балада мұндай мінез-құлықты түзету оған тынышталуға көмектеседі. Мектепке дейінгі жастағы балалардың аффектілі мінез-құлқын түзету. Бала бақшада аффектілі деп аталатын жиі, өткір, қиратқыш эмоционалдық реакцияға бейім балалар кездеседі. Мұнда мінез-құлықтың жағымсыз түрлері: жоғары өкпешілдік, бірбеткейлік эмоционалдық, тұрақсыздық. Аффектілі күйден баланы үлкендердің өтініші, жазалуы, сөгіс шағара алмайды. Бұл эмоционалдық дамудың бұзылысы мінез-құлықтағы қиындықтар, қалыпты психаның бұзылуы болып табылады.
2. Мектепалды тобындағы баланы мектепке даярлауда жүргізілетін коррекциялық жұмыстардың түрлері:
сипатына қарай симптомды және каузалды деп бөлініп, дер кезінде дамудағы кедергіні анықтайды.
Ұзақтығына қарай: тым қысқа, қысқа және ұзақ, тым ұзақ болып келеді. Өзекті мәселені шешуге қажетті бір немесе бірнеше сағаттар, айлар сондай-ақ кейде жылға созылуы мүмкін.
Міндеттің ауқымына қарай: жалпы, жеке және арнайы болып бөлінеді. Кешенді ұйымдастырылған жұмыстар жеке, жалпы және арнайы топпен жүргізіледі.
Мазмұнына қарай: танымдық өрісі, жеке тұлғалық, аффектілі-еріктік, мінез-құлық тұрғысынан, тұлғааралық қатынасынан, топ ішілік ата –ана мен бала қатынасынан тұрады.
Жұмыс түріне қарай: жеке топпен табиғи жабық топпен (ұжым, отбасы, ерлі-зайыпты)
Бағдарламаға байланысты: бағдарламалық және жанынан шығарған еркін тақырыптар.
Әсер етудегі басқару: директивті және директивті емес болып қарастырады.
Білім беру мекемелерінде коррекциялық жұмыс психологиялық-педагогикалық әсер тұтастығы оны түзетуде, бала дамуындағы бұзылыс пен жетіспеушілікке ағарту жұмыстарын қолдану. Ол екі байланыста көрінеді: симптомдық жеке ауытқуға және этимологиялық шығу себебіне бағытталған.
Психолог коррекциялық жаттығулармен айналысқанда келесі тізбекпен жұмыс жасайды: а) на бар? Б) не болу керек? В) қажетті нәрсе болук үшін, не істеу керек? Оған жауап беруде психиканың дамуын үш деңгейде қарастыра түсінік беру мен талдаудан тұрады (Г.С. Абрамова).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет