Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым ретінде


Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі



бет3/3
Дата20.12.2022
өлшемі189,57 Kb.
#58442
1   2   3

Тәрбие - мақсатты, арнайы ұйымдастырылған жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру процесі.

Тәрбие - мақсатты түрде, адамзаттың өмір сүру барысында жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін, ұрпақтан - ұрпаққа алмастыру процесі.

Тәрбие - тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қоғамдық институттардың (отбасы, балабақша, мектеп, қоғамдық бірлестік) балаға әсер ету процесі.


Іс-әрекеттің тұлға дамуының орны
Іс - әрекет мақсатқа жетуге бағытталған қимылдар мен әрекет жүйесі.
Іс әрекет түрлері: ойын, оқу еңбек.
Ойын әрекеті баланың бұлшық еттерінің қалыптасуын және таным процестерінің дамуын, бастапқы қарым-қатынас тәжірибесін меңгеруі қамтамасыз етеді.
Оқу әрекеті баланың ғылыми дүниетанымын, ойлау тәсілдерін, шығармашылық әреке тәсілдерін, қарым-қатынас тәжірибесін дамытады.
Еңбек әрекеті баланың бойында әлеумметтік маңызды қасиеттердің өмірлік маңызды қабілеттіліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.



Іс-әрекеттің тұлға дамуындағы орны
Іс-әрекет негізінде:
  • адам өмірінің материалдық жағдайын жасауды қамтамасыз етеді, адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады;
  • адамның рухани әлемінің дамуының факторына айналады, оның мәдени қажеттіліктерін іске асырудың жағдайы мен формасы болып табылады;
  • адамның өз мүмкіншілігін іске асырудың, өмірлік мақсатына жетудің сферасы болып табылады;
  • адамға қоғамдық қатынастар жүйесінде өзін-өзі дамытуға жағдай жасайды;
  • қоршаған әлемді тануды және өзгертуді қамтамасыз етеді.




Бекіту сұрақтары:
1. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы қандай?
2. Адамның биологиялық және әлеуметтік дамуының арақатынасы қандай?
3.Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін негізгі факторлар олардың өзара байланысы қандай?
4. Іс-әрекет және қарым-қатынас тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторы ретінде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет