Пән: «Ұлттық тәрбие»
Дәріс №11
Тақырып: «Қазақ отбасының тәрбие жүйесі»
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Қазақ отбасы. Қазақ отбасының мінездемесі, құрылым және жөн-жоралғылар. Қазақ отбасында отбасылық тәрбиенің психологиялық негіздері және тұқым сабақтастығы.
2. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесінің жүйесі. Қазақ отбасын басқарудың ұстанымдары мен ерекшеліктері. Қазақ отбасында әке-шешенің беделі мен отбасылық құндылықтар.
3. Қазақ отбасында бала тәрбиесі тәсілінің әдістері. Қазақ отбасында қарым-қатынастың құқықтық негіздері және қатынас мәдениеті.
4. Қазақ отбасындағы психологиялық атмосфера. Қазақ отбасындағы ұл мен қыз парызы. Қазіргі жағдайда өскелең ұрпақ азаматтығы мен отаншылдығы (патриотизмі), ұлттық сана құрылымында отбасы жауапкершілігі мен рөлі.
1. Қазақ отбасы. Қазақ отбасының мінездемесі, құрылым және жөн-жоралғылар. Қазақ отбасында отбасылық тәрбиенің психологиялық негіздері және тұқым сабақтастығы.
Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланысты болғандықтан, оның бірқатар функциялары тікелей қоғам талаптарынан туындайды. Бір жағынан, отбасы - бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады
Отбасы қоғамдық қатынастар мен үрдістердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді. Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын ерлі-зайыптылар ие болады.
Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексінде «отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы» - деп анықталады.
Мәселен, Р.Н.Нұрғалиевтің философиялық сөздігінде: «Отбасы – әлеуметтік қауымдастықтың түрі, ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға, яғни ері мен әйелінің, ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен апа-қарындастардың және бірге туып, ортақ шаруашылық жүргізетін туыстардың арасындағы сан алуан қатынастарға негізделген жеке тұрмысы»,-деп анықтама берілсе,
Ж.Қоянбаевтың педагогикалық еңбегінде: «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген немесе қандас туыстар (әке, ана, бала...) тобы»,- деп анықтама берілген. Отбасы баланың өмір жолын бастайтын және қоршаған шындық, орта туралы тиянақты да терең әсер алатын ұжымы, соның негізінде онда білім, әдет, мінез-құлық пен өмірге деген көзқарас қалыптасады.
Қазақ қоғамының нeгiзi болып табылатын отбасы «шаңырақ» деген ұғымнан туындайды. Бірақ көшпелі қазақ қоғамының негізі жеке отбасы шаңырақтан гөpi ipілеy бірлестік – ауыл болды. Мұның себебі жеке шаңырақ Қазақстан жағдайында көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы мүмкін емес еді.
Кем дегенде 3 - 4 шаңырақ бipiгiп, құрамында 15 - 16 адам болған жағдайда оның ішінде бала - шағаның қолынан жеңіл - желпі (қозы бaғy сияқты) жұмыс істеу келгенде ғана олар көшіп - қону, малын бағып - қағып, күнелте алады. Сол себепті көшпелі қазақ қоғамының негізі ауыл болып табылады. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазақ ауылын бip әулет деп қарастырады. Бұл жөнінде қазақстандық ғалымдар Слайд 8. С.Қалиев, М.Оразбаев және М.Смайыловалар өздерiнiң «Қазақ халқының салт - дәстүрлерi» (1994) деген еңбектерінде қазақ ауылының тыныс тiршiлiгiнiң өзiндiк заңдылықтарын сипаттап, оның отбасы тәрбиесіндегі рөлін жан - жақты ашып көрсетедi.
Сонымен қатар, бip ауылдың барлығы туыс адамдардың болуы шарт еместiгiн және ауылдың денi бiр рудан болғанымен оның бер жағында басқа ру адамдарының да болғандығын айтады.
Ауылдың ауыл болып қалыптасуына шаруашылық, экономикалық әл-ахуал мен басқа да табиғи шарттар ықпал еткен. Бipaқ ауыл адамдары басым көпшілік жағдайда бip рудың, бip тайпаның адамдары болатын. Сонымен қатар бөтен 210 рудың, бөтен тайпаның, тiпті, бөтен ұлттың өкілдері де басында «кірме» болып, соңынан құдалы - жекжаттық қарым - қатынасқа түciп, ауылға, қазақ қоғамына судай сіңіп кететін. Ондайды тек шежіре қуалаған көнекөз кәpi құлақ қарттар ғана ажыратып отырған.
Қазақтың көшпелі ауылының қалыптасуы, адам санынын өcyi, малының өcyiнe тікелей байланысты болды. Бip ауылда, бiр отарда бip мыңнан артық қой, бip табында (қоста) 400 - 500-ден артық жылқы, 100 - ден артық түйе бағу мүмкін емес. Ceбeбi одан артық малдың тұяғы басқан жердің шөбi шықпай қалады, бaғып - қaғy да қиын және мал соншама көп шоғырланған жерде оның санитарлық - гигиеналық нормалары бұзылады, мал ауру-сырқауға шалдығады.
Сондықтан малшы қауым малды бөліп бағуға мәжбүр болды. Іс жүзінде бұл – ауыл бөлінді деген сөз. Көпшілік жағдайда малдың иeci ұлын үйлендіріп, оған отау тiгiп, еншісін бөліп бepiп, жеке ауыл етiп шығарады. Мұндай ауылдар бірнешеу болуы мүмкін, бipaқ олардың барлығы өздерін бір атпен – «пәленшенің ауылымыз» деп мал иесінің атымен атайды. Мұндай көзқарастың болуы үлкенге көзi тiрiсiнде көрсетiлген құрметтен туындаған болса керек.
Аға ұрпақ жеті аталық ұстаным бойынша әркім өзінің ата бабасын ғана біліп қоймаған, сонымен бірге олардың ұлағатты істерін, мінез-құлық ережелері мен қалдырып кеткен мәдени мұраларын танып-біліп, жадында сақтап отырған.
Достарыңызбен бөлісу: |