Педагогика әдіснамасы және педагогикалық зерттеудің әдістері


Педагогикалық эксперимент



бет3/3
Дата04.03.2023
өлшемі62,12 Kb.
#71528
1   2   3

Педагогикалық эксперимент – дәлме-дәл ескерілетін жағдайларда, нақты «қолдан» жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық процесті түрлендіріп, ғылыми тұрғыдан тәжірибе қоюды айтамыз. Екінші жағынан эксперимент дегеніміз – бата қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзін мақсатты әрі жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып табылады. Эксперимент мақсатына қарай үш түрге бөлінеді:

1.Констатациялаушы эксперимент – күнделікті өмірде бар педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.

2.Тексеруші, дәлірек анықтаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау процесінде жасалған ғылыми болжамды тексеру үшін жүргізілетін эксперимент.

3.Қалыптастырушы, жасаушы, түрлендіруші эксперимент – жаңа педагогикалық құбылысты қалыптастыру, жаңа педагогикалық идеяны жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.

Эксперимент жүргізілетін орнына қарай екі түрге бөлінеді:

Эксперимент жүргізілетін орнына қарай екі түрге бөлінеді:

Табиғи эксперимент. Мұндай педагогикалық эксперимент кезінде жаңадан ендірілетін педагогикалық идеяны, алдын-ала жасалған ғылыми болжамды тексеру үшін жүргізілетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған тәжірибе оқу-тәрбие процесінің осыған дейін қалыптасқан жағдайын бұзбастан жүргізіледі. Яғни, оқу-тәрбие процесін осыған дейінгі табиғи қалпы бұзылмайды.

Лабораториялық эксперимент. Мұндай педагогикалық эксперимент кезінде жаңадан ендірілетін педагогикалық идеяны, алдын-ала жасалған ғылыми болжамды тексеру үшін жүргізілетін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған тәжірибе оқу-тәрбие процесінің осыған дейін қалыптасқан жағдайын өзгертіп, экспериментті арнайы жабдықталған орында жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет