Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Тәрбие – мәдени-тарихи феномен.
2. Тәрбие үдерісінің қағидалары
3. Тәрбие үдерісінің ізгілік және гуманитарлық қағидалары
Тәрбие үдерісі – тұтас педагогикалық үдерістің құрамды бөлігі Дәрістің қысқаша мазмұны:
1.Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді. Тәрбие материалдықигіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді. Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тәрбие процесі - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің кірістіре жүргізілетін тұлғаны қалыптастыру, дамыту процесі.
Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстылығы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Тәрбие процесі көп қырлы. Фархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару алыпты қасиеттерімен сипатталады. Тәрбие процесі мазмұндық және процесуалдық жақтары да жеке анықталады. Оқу пәні мұғалімінің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлардың бәрі тәрбие процесі болып табылады.Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады.