Арнайы мектеп оқушыларына көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесі әлі де болса
ғылыми және тәжірибелік дәлелдеулерді қажет етеді. Мынадай жүйемен беріледі.
1. Көбейту амалын бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде таныстыру.
2. Тең бөліктерге бөлумен таныстыру.
3. 2 санының көбейту кестесін құру.
4. 2 санының көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу кезінде қарастыру.
5. 20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін құру.
6. 20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу арқылы үйрету.
7. Практикалық түрде көбейтудің ауыстырымдылық заңдылығымен таныстыру.
8. 100 көлеміндегі сандардың көбейту және бөлу кестесін құру.
9. Қалдықпен бөлу.
10. Мазмұнына қарай бөлу.
11. Бірліктерге көбейту және бөлу.
12. Ноль көбейтудің компоненті ретінде.
13. Ноль бөлу ретінде.
Көбейту мен бөлуге уйретудегі мұғалімнің негізгі міндеті әрбір арифметикалық
амалды нақты материалдың мазмұны арқылы ашу. Оқушылардың нақты материал
көлемінде қорытынды, анализ, салыстырулар жасауына қол жеткізу керек.
Қорытындысында көбейтудің бірдей қосылғыштардың қосындысы екенін түсіндіруіміз
керек.
20 көлеміндегі сандарды таблицалық көбейту мен бөлуге үйрету әдістемесі көмекші
мектептің 3 - ші сыныбында 20 – дан аспайтын 2, 3, 4, 5 сандарының көбейту және бөлу
кестелерімен танысады. Көбейту амалымен таныстырудағы дайындық жұмысы ретінде
заттарды тең бөліктерге, 3- ке , 4- ке, 5 – ке бөлуге үйрету жұмыстары ұйымдастырылады.
Аталған жұмыстар кезінде көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, табиғи
материалдар, ойыншықтар, трафареттер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, тұрмыста
келетін жұп заттардың тобын, қолғап, шұлық, шұлықтар, саусақтар, жұмыртқа,
машинаның дөңгелектерін пайдаланған тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: