Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы



Pdf көрінісі
бет63/148
Дата07.01.2022
өлшемі1,87 Mb.
#20519
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   148
Байланысты:
ktj 20481

3.20 көлеміндегі көбейту мен бөлу 
Тақырыпты оқытудың келесі бірізділігі сақтталуы тиіс: 
1. көбейту туралы ұғым 
2. 2-ге көбейту кестесі 
3. бөлу туралы ұғым 
4. бірдей 2 бөлшекке бөлу 
5. 3-ге көбейту кестесі 
6. бірдей 3 бөлшекке бөлу 
7. 4-ге көбейту кестесі 


 
 
8. бірдей 4 бөлшекке бөлу 
9. 5-ге көбейту кестесі 
10. бірдей 5 бөлшекке бөлу 
Көбейту    -  бірдей  қосылғыштардың  қосындысы  деп  алғашқы  2-3  сабақта  көбейту 
жайлы  түсінік  беріледі,  және  оның  қосумен  алмасудағы  пайдасын  көрсетеді.  Көбейту 
белгісі, оның жазылуымен танысады. Балаларды қосуды көбейтумен , көбейтуді қосумен 
алмастыруды жаттықтырады. Бұл кезенде де көркемдік жабдықтарды қолдануды ұмытпау 
керек.  Осылай,  жоғарыда  аталған  ережені  тәжірибелер  барысында  дәлелдеп,  балалар 
көбейтудің   бірдей қосылғыштардың қосындысы екендігіне көздерін жеткізеді, және сай 
қорытындылар  жасай  алады.  Жұмыстың  соңында  алмастыруға  мүмкін  не  мүмкін  емес 
есептер беріледі. «Алмаса ала ма?»,   
« Неге?» деп ақыл-ойы кем тар оқушыларды әрекетке талпындыру керек. (Мысалы, 
3+3+3+3 және 3+3+3+4) 
Бұндай  жұмыс  толық  атқарылып  болғаннан  соң,  2-ге  көбейту  кестесін  оқытуды 
көшеді.  Кесте  бөліктерге бөлініп, меңгерілуі бірнеше сабаққа созылады. Бұл тақырыптың 
толығымен  бекітілуін  қамтамасыз  етеді.  Кестенің  бір  бөлігін  оқушылар  өздері 
құрастырады. Дәптер мен сынып тақтасында мына жазудың болуы мүмкін: 
                                  2+2=                        2*2= 
                                  2+2+2=                    2*3= 
                                  2+2+2+2=                2*4= 
Кесте  толығымен  балалармен  құрастырылып  болғаннан  кейін  кестенің  құру 
жолының  логикасын  көрсету  керек.  Ол  көбейту  кестені  жатқа  білуді  қамтамасыз  етеді. 
Мұғалім мына тапсырмалар мен сұрақтарды қою керек: 
¨   2-ге көбейту кестесінің жолдарына назар аударыңдар 
¨   барлық жағдайларда қандай сан бірінші болып тұр 
¨   тек 2-ге көбейтілетін сандарды оқыңдар. Қалай бұл сандар өзгереді? 
¨   амалдардың жауабын ғана оқыңдар, қалай олар өзгереді? 
Енді ғана кестені жаттауға беруге сұрау керек. Жаттауды тек үйде немесе даярлық 
ұйымдастырғанда  емес,  математика  пәнінің  әрбір  сабағында  қайталануы  тиіс.  Бұл 
жағдайда қолданылатын әдістер: 
1.Кестені дауыстап оқу (кестенің барлығын, кейбір амалдарын ж.т.б.) 
2.Мұғалім амалдың бір компонентін жауып қойса, балалар бұл санды атайды. 
3.Мұғалім кестенің бір жолын жауып қойса, балалар бұл жолды толық атайды 
4.Мұғалім кестенің бірнеше жолын жауып қойса, балалар бұл жолдарды  атайды 
5.Мұғалім кестенің кез келген жолын атаса, оқушылар одан дейінгі  немесе кейінгі 
жолдарын атайды 
6.Мұғалім кестедегі амалдардың жауаптарын жауып қойып, оқушылар оны жазып 
немесе атаулары керек (ретімен және ретсіз) 
7. Ретсіз берілген 2-ге көбейту   амалдарын шығару 
8. Белгісіз компонентері бар амалдарды шығару 2*…=8 
9. Дидактикалық ойындар, перфокарталармен жұмыс 3, 4, 5-ке көбейту осы жолмен 
оқытылады, 20 көлеміндегі көбейту кестесін жатқа білулері керек.   
Бөлу  кестесін  оқымас  бұрын,  бөлудің  негізгі  қасиеттерін  қайталағаны  жөн. 
Оқушыларды  бөлудің белгісімен таныстырады. Бөлу амалының мәнін бекіту үшін мына 
тапсырмаларды орындауға болады: 
          1.10  қарындашты  біркелкі  2  қорапқа  бөл.  Әр  қорапта  неше  қарындаштан  болады? 
Бұл есепті қалай жазып алуымыз мүмкін? 
2. 4:2 мысалында нақты заттардың бөлінуін көрсет. Жауабы қандай? 
Кейін  2-ге  бөлудің  кестесін  құруға  көшеді.  Кесте  тәжірибелік  әрекеттер  негізінде 
заттардың тең 2 бөлікке бөлі арқылы құрастырылады. Кестелік бөлудің келесі жағдайы да 
осылай  меңгеріледі.  Кесте  толық  құрастырылып  болғаннан  соң,  ақыл-ойы  кем  тар 
оқушылар оны жаттауға кіріседі. 


 
 
     Әрбір  кестенің  меңгерілуінен  соң,  көбейту  мен  бөлу  кестелерін  салыстыру 
пайдалы.  Салыстыру  жұмысы  көбейту  мен  бөлудің  өзара  қайтармалы  екендігін 
дәлелдейді. 
4.100 көлеміндегі көбейту мен бөлуді оқытудың әдістемесі 
Төртінші сыныпта ақыл-ойы кем тар оқушылар 20 көлемінде 2, 3, 4, 5-ке көбейту 
мен бөлуді меңгереді, оны жатқа біледі. Бұл тоқсанда (2т) 6-ға көбейту мен бөлуді оқуды 
бастайды.  Көбейту  мен  бөлудің  компоненттері  балалардың  белсенді  сөздіктеріне 
енгізіледі.  Оқушылар  көбейтудің  алмасу  қасиетімен  танысады.  Бұл  заңдылықты 
қорытындылау үшін мына тапсырмалар беріледі: 
¨ 2 мен 3-тің көбейту кестесінен жауаптары бірдей амалдарды теріп жаз 
    2*3=6 
    3*2=6 
¨  қандай сандар бірінші жағдайда көбейтілді? Екінші жағдайда ше? 
¨  Бірінші амалдың жауабы қандай? екінші амалдың жауабы қандай? 
¨  Амалдар немен ұқсас? Қандай айырмашылығы бар? 
¨  Қандай ерекшелікті байқадыңыз? 
Осылай 3 пен 4 және 4 пен 3 сандарының амалдары қарастырылады. Нәтижесінде 
кемтар оқушылар өздері алмастыру заңдылығын қорытып шығарады. 
Төртінші  сыныптың  3-ші  тоқсанында  оқушылар  7,  8,  9,  сандарының  көбейту  мен 
бөлудің кестелерін құрайды, және оны жатқа білулері тиісті.  
 7, 8, 9-ға көбейту кестесін құрғанда қосу амалдарының көбейтумен алмасуына ғана 
емес,  көбейтудің алмасу қасиетіне сүйену керек. Мысалы, 
 
                                2*7=14                  7*2=14 
                                3*7=21                  7*3=21 
 Кестенің қалған бөлігі қосу амалдарына сүйеніп жазылынады: 
7+7+7+7+7+7+7=49                7*7=49 
7+7+7+7+7+7+7+7=56            7*8=56 
Кестені құрастырғаннан соң, ақыл-ойы кемтар оқушылар оны жаттайды. Бұл кезде 
2-ге көбейту әдістерімен қолданады. 
8 бен 9-ға көбейту кестесін осы жолмен құрап, жаттайды. 
7, 8, 9 сандарының бөлу кестелері, оқушылардың көбейту мен бөлудің байланысы 
жөніндегі білімдерді қолдана отырып, құралады.  
7*1=7                                        7:7=1 
7*2=14                                      14:7=2 
Құрастырылған кестелерді оқушылар жатқа білулері тиісті. 
5. 100 бен 20 көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелерінің айырмашылықтары 
¨  20  көлеміндегі  көбейту  мен  бөлу  кестелері  тең  екі  қосындысы  бар  амалдарына 
сүйеніп құрастырылады. 100  көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелері көбейтудің алмасу 
заңдылығына сүйеніп құрастырылады. 
¨  20  көлеміндегі  көбейту  мен  бөлу  кестелерін  құрғанда,  заттық-тәжірибелік 
әрекетке  тіреледі. 100  көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелерін құрастырған көбейту мен 
бөлу амалдарының байланысына сүйенеді. 
Кестелерді жаттау әдістері бірдей болып келеді. Көбейту мен бөлу кестені жаттау 
үшін  көптеген  тапсырмалар,  жаттығулар  орындалады.  Сондықтан,  мұғалімнің  бұл  кезде 
қолданатын  әдістердің  әртүрлілігі  қажет.  Жаттығудың  ең  әсерлі  формасы  дидактикалық 
ойын  болып  табылады.  Дидактикалық  ойын  балалардың  әрекеттерін  қызықтандырып, 
оқуға талпынушылықты арттырады.  
Тапсырма 
Көбейту  мен  бөлу  таблицасын  бекіткенде  дидактикалық  ойындар  жүйесін 
құрастыру 


 
 
Арнайы  мектеп  оқушыларына  көбейту  мен  бөлуді  оқыту  әдістемесі  (әлі  де  болса 
ғылыми және тәжірибелік дәлелдеулерді қажет етеді ) мынадай жүйемен беріледі.   
1.  Көбейту амалын бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде таныстыру.    
2.  Тең бөліктерге бөлумен таныстыру.   
3. 2 санының көбейту кестесін құру.   
4. 2 санының көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу кезінде қарастыру.   
5. 20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін құру.   
6. 20 көлеміндегі сандардың көбейту кестесін тең бөліктерге бөлу арқылы үйрету.   
7. Практикалық түрде көбейтудің ауыстырымдылық заңдылығымен таныстыру.  
8.  100 көлеміндегі сандардың көбейту және бөлу кестесін құру.  
9.Қалдықпен бөлу. 
10.Мазмұнына қарай бөлу. 
12.  Көбейту мен бөлудің.  
13.  Бірліктерге көбейту және бөлу.   
14. Ноль көбейтудің компоненті ретінде. Ноль бөлу ретінде. 
Көбейту  мен  бөлуге  үйретудегі  мұғалімнің  негізгі  міндеті    әрбір  арифметикалық 
амалды  нақты  материалдың  мазмұны  арқылы  ашу.  Оқушылардың  нақты  материал 
көлемінде    қорытынды,  анализ,  салыстырулар  жасауына  қол  жеткізу  керек.  
Қорытындысында  көбейтудің  бірдей  қосылғыштардың  қосындысы  екендігін  түсіндіруіміз 
керек.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет