5. Разрядтық бірліктермен санау (1, 10, 100), сан топтарымен санау (2, 5, 20, 50, 200,
250, 500).
6. 1-ден 1000-ға дейінгі сандар қатарын бекіту.
7. Амалдарды орындауды үйрену кезіндегі сандар нумерациясын бекіту.
1000 көлеміндегі сандар нумерациясын үйрету кезінде кеңінен қолданылатын
көрнекіліктердің түрлеріне 1ондықтармен, жүздіктермен буылған 1000 таяқша, 100 торға
бөлінген 10 шаршы, толық жүздік сандардың кестесі, санау сеткасы, метрлік жүйелердің
кестесі, 10 м-лік немесе 100 см-лік өлшеу лентасы, теңгелер.
Толық жүздіктердің (ауызша және жазбаша)
нумерациясы
1000 көлеміндегі сандар нумерацясымен таныстыру жұмысы мынадай
тақырыптарды қайталаудан басталады. Олар:
1) 10 – ға дейін бірліктермен санау;
2) 10 бірлікті ондықтармен ауыстыру;
3) 100-ге дейін ондықтармен санау;
4) 10 ондықты бір жүздікпен ауыстыру;
Мысалдар арқылы санау, есептеу жұмысынан кейін мынадай кестені құрастыруға
болады.
1
2
3
4
9
10
20
30
40
90
100
200
300
400
900
1000
Кейбір балаларға еденге шаршының сызбасын бормен сызып, оны бірдей он торға бөлу
арқылы жұмыс жасатуға да болады.
Нәтижесінде 1000 — бұл 10 жүздік, 1000 — бұл 100 ондық; 1000 — бұл 1000 бірлік деген
ереже шығады.Жүздіктер, ондықтар, бірліктерден тұратын толық үштаңбалы сандарды алу,
жазу.
Жұмыстың бұл кезеңінде әр оқушы практикалық түрде ондықтарға, жүздіктерге
бөліп буады. Алынған сандарды арифметикалық жәшіктен, абақтан алып көрсетеді.
Үш таңбалы сандарды жазуға үйрену кезінде ноль кездесетін сандарды жазуда
қиындықтар туындайды. Абақтан немесе арифметикалық жәшіктен таблицаларды
алып, қажетті сандарды жазуды үйренеді.
Жүздіктер мен ондықтардан, жүздіктер мен бірліктерден тұратын үш таңбалы
сандарды алу, оларды жазу.
1 жүздік таяқшаны алып, 30 санын қасына қоямыз да, қандай сан шыққанын оқимыз. 130.
Абақтан, арифметикалық жәшіктен [400||50|, 2О0||3|. Таблицаларды алып шыққан
сандарды оқуға, жазуға үйретеміз.
— Үш таңбалы сандарды салыстыру жұмысы кезінде разрядтық сеткаға сандарды
жазып, салыстыруда жұмыстың барысы жеңілдейді.
Жүз. Онд. Бірл.
2
3
3
6
6
«Нумерация» тақырыбы метрлік өлшемдер жүйесіндегі тақырыптармен тығыз
байланысты. «Нумерация» тақырыбы сонымен қатар, арифметикалық амалдардың
Жүз. Онд. Бірл
.
2
3
7
7
5
5
Жүз. Онд. Бірл.
1
1
2
2
5
8
барлығымен жұмыс жасау мазмұнымен байланысты. 300+100=400, 500-200=300,
200x2=400, 400:4=100.
Натурал сандар қатарын үйретуде мынадай мысалдарды орындатуға болады: 432 +
1=433, 538-1=537, 599+1=600, 400-1=399.
Достарыңызбен бөлісу: