Куб және шарды айыра білу жаттығуы берілген белгілер бойынша заттарды
теңестіруге кіреді.
Оқушылардың білім жиынтығын тексеру үшін тағы ойын ұйымдастырылады.
Оларға тақтамен жұмыс құрады әр тесікке қажетті өз фигурасын (үшбұрыш,
төртбұрыш,
шар) орын орнына қою керектігін бір фигура екінші фигураның орнына шақ келмейтінін
түсіндіреді. (Шар дөңгелек және оның тесігі де дәл солай, қолымен шеттерін ұстап
шыққан педагог баланы заттың формасын сезімталдық қабылдауға үйретеді. Егер бала өзі
істеуге қиналса оған қолмен батыл жүргізуді көмектесу керек.
Геометриялық фигураларды оқытуда оқушыларға қолмен айналдырып көрсету,
көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Тәрбиеші фигураны көрсетіп оны атайды,
кейін оқушылардан соны қайталауын сұрайды, кейін оқушылармен бірігіп дәл сондай
қимыл жасауға шақырады. Оқушылар тәрбиешінің қолына қарап дәл соны қайталайды.
Форманың қасиетін шығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды,
фигураларды дөңгелеткен
бала
дөңгелекті
домалап,
ал
тік
төртбұрыштың
домаламайтындығына көз жеткізеді. Не үшін тік төртбұрыш домаламайды? өйткені
бұрыштары кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан
домаламайды.
Фигура туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек, төртбұрыш,
үшбұрыш т.б.) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.
Қорыта келе сабақ соңына таман оқушылар әр түрлі фигуралардың ішінде
төртұрышты, үшбұрышты дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген оқушылар келесі геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс
атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.
Ол заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа ереже бойынша
30минут бөлінеді. Оқу жылының басында тәрбиеші баланың көлем туралы білімінің
деңгейін анықтайды. Егер оқушылар үшбұрыш пен дөңгелекті,
төртбұрыш пен цилиндрды
ажырата алмаса онда ұзын фигуралардың моделі салыстыру қажет болады.
2. Геометриялық материалдарды оқытуда мынадай қағидалар басшылыққа
алынады:
- геометриялық фигуралар тек оқытудың мақсатын ғана емес, оқытудың құралы да,
геоматриялық материалдар, сандардың нумерациясы, арифметикалық амалдар, текстті
есептер, үлес сияқты мәселелерді оқыту барысында көрнекі құрал
ретінде пайдаланады;
- геометриялық ұғымдарға тік төртбұрыштың, шаршы және периметрдің
басқаларына анықтама тек қана остенсивті түрде көрсету арқылы
беріледі;
- геометриялық материалдар оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін де
пайдаланылады;
- геометриялық материалдар оқушыларға математика мен өмірдің байланысын
түсінуге септігін тигізеді;
-
геометриялық
материалдар
оқушыларда
практикалық
іскерліктер
қалыптастырады.
Демек, геометриялық оқушыларға геометриялық фигуралар және геометриялық
шамалар туралы жалпы түсінік қалыптастырумен қатар жоғарыда аталған материалдар
жайлы оқушылардың білімдерін бекітеді.
3.Оқушылардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан
оқушыларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық фигураларды
айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру арқылы қандай жақсы форма құрастыруға
болады. Тапсырманы орындаған бала қандай фигураларды құрастыру арқылы,
қандай фигура жасап шыққанын айтып бере алады. Оқушылармен бұлай жұмыс жасау
арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп
жасына дейінгі оқушылар мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын
ықыласымен орындайды. Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан жалауша шығарады,
жеті таяқшадан екі квадрат шығарады, конструкторлармен ойнай отырып одан қоян
немесе тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды
мақтап өзгелерге үлгі етеді. Тапсырманы өзің орындағанда ғана қызықты болатынын
түсіндіре отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап етеді.
4.
Геометрия элементтері. Геометрия математиканың бөлімі ретінде.
Достарыңызбен бөлісу: