Педагогика факультеті Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасы


АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕ УАҚЫТ ӨЛШЕМДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ



Pdf көрінісі
бет90/148
Дата07.01.2022
өлшемі1,87 Mb.
#20519
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   148
Байланысты:
ktj 20481

АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕ УАҚЫТ ӨЛШЕМДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
Аннотация  Арнайы  мектепте  уакыттық  өлшемдерді  оқыту.  Арнайы  мектепте 
уақыт  өлшемдерін  оқытудың  міндетінің  мәні.  Арнайы  мектепте  уақыт  өлшемдерін 
оқытудың  дидактикалық  талаптары.  Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  уақыт 
өлшемдерін оқыту құрылымының кезектілігі. 
Уақыт  өлшемдерін  оқытуда  қолданылатын  дидактикалык  және  көрнекілік 
жабдықтар. 
Арнайы мектепте уақыт өлшемдерін оқытуда негізгі құрылымның  ерекшеліктері 
мен қиыншылықтары. 
Кілт сөздер: уақыт өлшемдері, құрал. 
Жоспар:  
1Уақыт және оның өлшемі  
2. Балалардың уақыт сезімін қалыптастыру әдістемесі 
3. Тәулік бөліктерін ажырату, олардың кезектесуін анықтау ерекшеліктері. 
 
Уақыттың  негізгі  қасиеттеріне  мыналар  жатады:  шынайы  бар  болуы,  үздіксіздігі, 
тәуелсіздігі,  бір  калыптылығы,  бір  бағыттылығы  (уакыт  тек  алға  карай,  өткеннен 
болашакка  қарай  жылжиды).  Уақыт  арнаулы  кұрал  -  сағаттың  көмегімен  өлшенеді. 
Құрылысы  жағынан  сағат  алуан  түрлі  болады.  Уақыттың  негізгі  өлшем  бірлігіне  секунд 
алынады. Алуан түрлі өзгерістерді салыстыра отырып, біздің уақыт жайлы көзкарасымыз 
калыптасады.  Уақытқа  катысты  тез  және  ұзақ,  болған  және  болады,  қазіргі  шақ  және 
болашақ, бұрын және жуық арада және т.с.с. ұғымдар пайда болады. Қашанда балалардың  
уақыт  туралы  түсінігін  тереңдете  түсу  тиімді  болмақ.  Баланың  жас  мүмкіндіктерді 
біртіндеп  ойын,  әңгіме,  сабақ  үстінде  оның  уақытты  бағдарлай  білуіне  көмектесетін 
табиғи белгілеріне сүйенуге негіз болады. Ол жиі – сирек, талтүс – түн ортасы, таңсәріде – 
іңірде секілді сөздерді түсініп, дұрыс қолдануы, жыл мезгілдерінің (көктем, жаз, күз, қыс) 


 
 
ретін  білуі,  оларды  өзіне  тән  белгілері  бойынша  айыра  алуы,  күн  апталарын  ретімен 
атауы,  олардың  апта  ішіндегі  санын  білуі  тиіс.  Балалар  тез  –  баяу  әрекетінің 
жылдамдығын, оқиғаның болды, өтіп жатыр, бола бермек секілді өту ретін жалпы шамада 
білуге тиіс. Ересектер баламен бірге серуендеу кезінде оған машиналардың, адамдардың 
қандай  жылдамдықпен  жүретінін,  құстардың  қандай  жылдамдықпен  ұшатынын 
бақылауды тапсырады. Ал мұндай түсініктерді тиянақтау үшін балаға «Кім шапшаң?» «9» 
ойынын  ойнатуға  болады.  Ойын  ережесі  мынадай:  ата  –  аналар  ұшатын,  жүретін, 
қозғалатын нәрсені атайды, ал бала одан шапшаң немесе шабан қозғалатын нәрсенің атын 
атайды.  Мысалы:  әкесі  «Трамвай»  десе,  баласы  «Жигули»  дейді;  әкесі  «Тасбақа»  десе, 
баласы  –  «Қоян»  дейді  және  т.с.с.  Әрине,  мұнда  баланың  жылдамдықты  анықтауы 
барынша салыстырмалы сипатта, әрі субъективті, ол баланың практикалық тәжірибесіне, 
бақылай  және  салыстыра  білу,  сондай  –  ақ кейбір  логикалық тұжырым  жасау  қабілетіне 
байланысты. Бала «адам тез ұшып келеді», яғни өте баяу келеді секілді ұғымдарды біліп, 
түсіндіре  алады.  Баланың  апта  күндерін  саналы  меңгеруіне  көп  көңіл  бөлінеді.  Бала 
оларды  дұрыс  атауды,  кеше  қай  күн  болғанын,  бүгін  қай  күн  екенін,  ертең  қай  күн 
болатынын,  апта  күндерінің  санын,  олардың  ретін  айтады.Балалардың  апта  күндерін 
естеріне  сақтауды  едәуір  қиын  екені  белгілі.  Олар  бәрінен  де  жексенбі,  сенбі  және 
дүйсенбі  естерінде  жақсы  сақтайды.  Сондықтан  баланы  апта  ұғымымен  таныстыруды 
оның барлық күндерінің атын білуден емес, кеше қай күн болатынын анықтаудан бастаған 
жөн. Оған қоса баланың апта күндерін атауы ғана емес, оларға қарапайым сипаттама беруі 
де  маңызды.  Мысалы,  жексенбі  –  «демалыс  күні,  жұрттың  бәрі  тынығады;  жексенбіден 
кейін дүйсенбі – аптаның бірінші күні, демалыстан кейінгі бірінші күн. Апта күндерін есте 
жақсы  сақтау  үшін  баланы  күн  аттарын  айтуға  жаттықтыру  керек:  дүйсенбі  –  аптаның 
алғашқы күні, сейсенбі – аптаның екінші, сәрсенбі – аптаның үшінші, ортаңғы, бейсенбі 
– төртінші, жұма – аптаның бесінші, сенбі – аптаның алтыншы, жексенбі – аптаның 
жетінші күні.  
Уақыт  обьективті  түрде,  біздің  санамыздан  тыс  және  әрі  одан  тәуелсіз  түрде  бар 
болады. Оны қабылдау әрі танып білу – нақты уақыттың біздің санамызда бейнелеуі ғана. 
Уақыттың сипатты ерекшеліктері болып табылатындар:  
1) оның озып өтуі; уақыт қозғалыспен байланысты;  
2) оның қайтымсыздығы;  
3)  көрнекі  формалардың  болмауы,  «ол  көрінбейді  де,  естілмейді  де».  Орыс  тіліндегі 
время  (уақыт)  ежелгі  орыстың  веремя  деген  сөзінен  шыққан,  ол  айналу  деген  мағынаны 
береді.  Өткен,  келер  және  осы  шақтар;  олар  алмаса  алмайтындай  болып,  өзара 
байланысқан. Уақыттың қайтымсыз болу қасиеті, уақыттың бір бағытпен өтуі табиғат иен 
қоғамның  жоғары  өрлеу  сызығы  бойымен  мәңгі  даму,  ескіден  жаңаға  өту  белгісі. 
Түйсіктік қабылдау деген уақытты қабылдаудың негізі болмақ. Алуан түрлі анализаторлар 
комплексі уақыттың баяу өтетіндігін түйсікпен қабылдауға септігін тигізеді, алайда     И. 
М.  Сеченов  есту  және  бұлшық  еттер  түйсіктеріне  ерекше  мән  берген.  «Тек  дыбыс  пен 
бұлшық еттер түйсігі ғана адамға  уақыт жөнінде түсінік береді, онымен бірге өзінің бар 
мән  –  мағынасымен  емес,  бір  жағынан  ғана,  дыбыстың  созылыңқы  және  бұлшық  еттер 
түйсігінің баяулығы арқылы барып сезінеді». Сондықтан есіту мен бұлшық еттер түйсігін 
И. М. Сеченов уақыт пен кеңістіктің жарым – жартылай анализаторы деп атаған. 
И. П. Павлов уақыт санағы нерв жүйесінің әрбір элементіне, әрбір клеткасына тән деп 
көрсетті  және  де  ол  анализатордың  қай  –  қайсысы  да  «уақытты  санай»  алатындығын 
эксперимент  жүзінде  дәлелдеп  берген.              И.П.  Павлов  уақыт  қабылдаудың 
физиологиялық негізі болып табылатын қозу мен тежеудің алмасып отыруы, осының өзі 
«уақыт  санауға»  мүмкіндік  береді  де  деген  –  ді.  Бұл  пікір  бірқатар  зерттеулермен 
дәлелденген;  екінші  сигналдық  системада  салыстырмалы  түрде  қозғыш  процесі 
басымырақ  болғанда  уақыт  кемдеу  бағаланады  да,  тежелу  процесі  басымырақ  болғанда 
артығымен бағаланды. Сөйтіп,  уақыт аралықтарын дәл бағалау сайып келгенде қозу мен 
тежелу  процесі  динамикасымен  анықталады.  Ал  уақыт  аралықтарын  дифференциялау 


 
 
уақытқа деген шартты рефлекстер нәтижесі болып табылады. Адам уақытты қабылдауда 
бұрын  жануарлар  дүниесінің  бүкіл  даму  жолын  өтіп  отыр.  Алайда  тіпті  сол 
психологиялық жоғары сатыдағы жануарлардың уақытты қабылдауы - адамның уақытты 
қабылдауынан  сана  жағынан  өзгеше  таза  билологиялық  құбылыс.  Адамның  уақытты 
саналы  түрде  қабылдауы  әлеуметтік  –  өндірістік  практика  жүзінде  қалыптасқан.  Уақыт 
өлшеудің алуан түрлі құрал – жабдықтары, эмоция, уақыт ұғымдары, қондырғылар мұның 
бәрі жануарларда атымен болмайды т.б. уақыт жөнін адам бағдарлағанда уақыт бейнесінің 
өзара  бірін  –  бірі  толықтыратын  әр  түрлі  екі  формасы  болады.  Олардың  бірі  –  уақыт 
ұзақтығын  тікелей  түйсіну,  бұл  висцераль  сезумен  шарттасып  жатады,  мұның  негізінде 
шартты рефлекстер пайда болады. Екіншісі – уақыттың өзін қабылдау, анағұрлым күрделі 
әрі  жетілген  бейнелеу  формасы  бұл  болса,  жалпылама  органикалық  негізде  келе  екінші 
сигналдық  системасының  қорытындылау  функциясымен  тығыз  байланысты  болады. 
Уақыт  ұзақтығын  тікелей  қабылдау  болса,  ол  біздің  оны  сезіну  қабілетіміз,  ешқандай 
арнайы құралсыз – ақ уақыты бойынша бағдарлау және тікелей бағалау арқылы білінеді. 
Осы қабілет «уақытты сезу» деп аталады. Алуан түрлі іс –әрекеттерде «уақытты сезу» 
не темпті сезу ретінде, не ритмді сезу ретінде, не жылдамдықты сезу ретінде білінеді. Осы 
сезімді  қалыптастыруда  көптеген  анализатор  әрекеті  негізінде  уақытты  дифференциялау 
тәжірибесі  белгілі  бір  роль  атқарады.  Мәселен,  «уақытты  сезу»  дегенде  сезіп 
қабылдаумен  қатар  логикалық  компоненттер  де  енеді,  олар:  уақыт  өлшеуіштерін  білу. 
Сонымен,  «уақытты  сезу»  деген  бірінші  және  екінші  сигналдық  системалардың  өзара 
әрәкеттесуіне негізделеді. «Уақытты сезу» адамның практикалық іс – әрекетінде арнайы 
ұйымдастырылған  жаттығулар  және  де  уақытты  бағалау  әдістерін  игеру  нәтижесінде 
дамиды  әрі  жетіледі.  Мұндай  жағдайда  ол  іс  –  әрекетті  реттеуші  ролін  атқара  бастайды. 
Сонымен,  уақытты  қабылдау,  бір  жағынан,  екінші  негізіне  келіп  тірелсе,  ал  екінші 
жағынан – уақытты бағалаудың көпшілік қабылдаған эталондарын игеруге келіп тіреледі. 
Уақытты  сезіп  қабылдауға  септігін  тигізетіндер  өзіміздің  органикалық  өміріміздің  қатаң 
периодты болып келетін барлық негізгі процестері болмақ (дем алыс ритмі, жүрек соғысы 
т.б.).  Адамның  күнделікті  өмірінің  ритмі  де  дәл  сол  сияқты  уақытқа  деген  шартты 
рефлекстер тәрбиелеуге себін тигізеді. Психологиялық зерттеулердің көрсетуінше, екінші 
сигналдық система уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда, уақыт аралықтарын бағалауда 
зор  роль  атқарады.  Ал  сөзбен  қабылданған  өлшеу  бірліктері  есебімен  әр  түрлі  уақыт 
мөлшерін айтамыз, процестердің темпін, ритмін, олардың алмасуын және периодтылығын 
өрнектеп айтамыз. Уақытты қабылдау негізі деп, басқа да қабылдау сияқты, бейне түзетін 
преспективтік амалдар системасын айтады (Б. Г. Ананьев). Уақыт болса, осы процестердің 
ритм мен темп бойынша, реті бйынша т.с.с. ерекше өту сипаты іспетті, ал бұл – көпшілік 
қабылдаған  эталондар  көмегімен  өлшенеді.  Физиологиялық  зерттеулердің  көрсетуінше, 
ерте  жастағы  балаларда  уақытқа  деген  шартты  рефлекстерді  тәрбиелеу  жылдамдығы  әр 
түрлі, ал мектеп жасына дейінгі балаларда үлкен қиындықпен келеді және аса тұрақсыз да. 
Уақыттың  созылмалы  өтіп  жататынын,  оның  қайтымсыздығын  және  периодтылығы 
балалардың  қабылдауы  асан  қиын,  өйткені  көрнекі  формалар  жоқ.  Балалар  үшін  уақыт 
қатынастарын  белгілейтін  сөздің  мәнсін  түсіну  де  күрделі,  өйткені  ол  салыстырмалы 
сипатталады.  Кіші  топтың  балаларды  сапалық  белгілері  бар  оқиғаларды  уақыт  жағынан 
айқын шекпей біледі. Олар тәулік бөліктерін, тұсында атқарылатын әдепкі  әрекеттермен 
байланыстырып,  айыра  біледі,  өздеріне  жақсы  таныс  және  де  өздерін  эмоция  жағына 
қызықтыратын  кейбір  уақиғаларды  белгілі  бір  уақыт  мерзімімен  байланыстырады. 
«Балалар бақшасында тәрбиелеу программасы» ересек топтағы балаларды кейбір ескілікті 
тарихи оқиғаларды белгілі бір дәрежеде түсіне біледі. Уақиғалардың уақыт бойынша өту 
ретін  дәлірек  шектеу  және  түсіну  қабілетін  дамыта  келе,  осы  уақиғалардың  себептік 
тәуелділіктерін  санамен  түсіну  мүмкін  болады,  ал  негізгісі  сол  алуан  түрлі  уақыт 
эталондарымен  пайдалана  білу  іскерлігін  дамыту,  мұның  өзі  уақыт  қатынастарын  сан 
көрсеткіштері жағынан өрнектеп көрсетуге мүмкіндік береді. 


 
 
С.Л.  Рубинштейн  былай  жазды:  «Уақыт  жөніндегі  түсінік  балаларда  әдетте  кеш 
дамитын  болғанмен  (әсіресе  оны  тәрбиелеуге  жеткілікті  көңіл  бөлмеген  жағдайда),  оған 
баланың  ой  –  жотасы  жете  бермейді  деп  қорқуға  болмайды».  Уақыт  жөнінде  түсінік 
қалыптастыруда  сөздің  атқарар  ролі  үлкен:  ұзақтығы  әр  түрлі  уақыт  аралықтары  сөз 
арқылы абстракцияланады  және қорытындыланады:  секунд, минут, сағат, тәулік, апта, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет