Зерттелуші тұлғасы және эксперименттегі психологиялық ситуация.
Мақсаты: Экспериментальды қарым-қатынас, экспериментатор; оның тұлғасы және іс-әрекеті, зерттелуші: оның эксперименттегі әрекеті. зерттелуші тұлғасы және эксперименттегі психологиялық ситуация жөніндегі білімдермен студенттерді қаруландыру.
1. Классикалық ғылыми шынайы эксперимент нормативті позицияда теориялық түрде қарастырылады: егер экспериментальды ситуациядан зерттеушіні жойып, автоматқа айырбастау мүмкін болса , онда эксперимент идалдыға сәйкес келер еді.
Өкінішке немесе бақытқа орай, адам психологиясы бұны жасау мүмкін емес дисциплинаға жатады.Ізінше, психолог мынаны ескеруге тиісті: кез-келген экспериментатор соның ішінде ол өзі –адам және адамдық оған да тән. Бірінші кезекте қателіктер, яғни эксперимент нормасынан ырықсыз ауытқуы. Қателіктермен іс шектелмейді –оларды кейде тузеуге болады. Басқа іс –эксперименталды ситуацияның жүру барысына әсер ететіні және іс-әрекетінің санасыз психикалық регуляция ізі болып табылатын экспериментатор әрекетінің тұрақты тенденциясы.
Эксперимент, соның ішінде психолог физикалық кез-келген басқа зерттеуші арқылы кері өңделуі тиіс. Сондықтан оның жүргізілу схемасы (эксперимент нормасы) максималды түрде обьектелеуге тиіс, яғни өңделу нәтижесі профессионалды экспериментатор әрекеттеріне ішкі жағдай немесе оқиғаға тәуелді болмауы керек.
Іскерлік тұрғысы позициясынан эксперимент- зерттелушінің психикалық ерекшеліктерін анықтау үшін. Оның іскерлік шарттарын өзгерте отырып зерттелушіге әсер ететін экспериментатор әрекеттері.Эксперимент процедурасы экспериментатордың белсенділік деңгейінің дәлелі қызмет атқарады: ол зерттелушінің жұмысын ұйымдастырады, оған тапсырма береді, нәтижелерді бағалайды , эксперимент шарттарын түрлендіреді, зертелушінің әрекетін және оның іс-әрекетінің нәтижесін тексеріп отырады.
2.Әлеуметтік психологиялық көз-қарас бойынша экспериментатор жетекшінің, мұғалімнің , оның инициаторларының рольін атқарады, зертелушіні орындаушы,оқушы,бағынушы қызметін атқарады.
Эксперимент схемасы , егер оны экспериментатор әрекеті ретінде қарастырса, необихевиоризм модельіне сәйкес келеді:стимул-аралық үзіліс –реакция. Экспериментатор зерттелушіге тапсырма береді, зерттелуші (аралық үзіліс) оларды орындайды. Егер зерттелуші өз гипотезасысының дәлдігіне, орындалуына қызығушылық білдірсе , онда ол сыналушының «гипотеза мен жұмыстануына» қол жеткізе отырып , тек эксперименталды топқа күшейтілген шарттар жасай отырып, эксперимент барысына және мәліметтер интерпретациясына күйзеліс енгізеді. Экспериментатордың мұндай әрекеттері-артефактардың көзі. Америкалық психолог Р.Розенталь бұл көріністі грек мифологиясының кейіпкері Пигмалионың құрметіне « Пигмалион эффекетісі» деп атайды.(Мүсінші Пигмалион әсем қыз Галатейдің мүсінін жасайды.Оның сұлу болғаны сонша, Пигмалион Галетиаға ғашық болып қалады және құдайдан мүсінді тірілтуді жалбарынып сұрайды. Құдайлар оның сұрауын қабыл алып,қыз тіріледі).
Теорияның нақтыланғандығына қызығушылық білдірген зертеуші, оның нақтылануына өндіріссіз әрекет етеді.Бұл эфектіні қадағалауға болады. Бұл үшін зерттеудің жүргізілуіне оның мақсатымен гипотезасын білмейтін ассистент экспериментаторды тарту керек. Толыққанды қадағалау –эксперимент авторының гипотезасына сыни қатынас жасайтын басқа зерттеушінің нәтижелерді тексеруі. Бірақ бұл жағдайдада біз артефактылардан қорғансызбыз, өйткені қадағалаушыларда эксперимент авторы сияқты күнәхар адамдар.
Басты проблема-экспериментаторлар мотивациясының айырмашылығы.Тіпті егер олардың бәрі жаңаны тануға ұмтылсада, олардың тану жолдары , құралдары, мақсаттары әртүрлі.Сонымен бірге зерттелушілер жиі этно мәдени ортаға жатады.
Сонымен қатар барлық экспериментаторлар «идеалды зерттелушіні» армандады. «Идеалды зерттелуші» психологиялық сапаға сәйкес қасиеттерді иемденуі керек:тәртіпті, жинақы, экспериментатормен бірге әрекет істеуге ұмтылғыш:жұмыскер,достыққа ұмтылғыш, агрессивті емес және негативизмнен айрылған болуы тиіс.»Идеалды зерттелуші моделі» әлеуметтік-психологиялық көзқарас жағынан толығымен идеалды бағынушы және идеалды оқушы моделіне сәйкес келуі керек.
Ақылды экспериментатор бұл арманның орындалмайтынын түсінеді.Егерде зерттелушінің мінез-құлқы зерттеуші күтпеген жерден экспериментте ауытқығанын байқаса, онда ол зерттелушіге дұшпандық әлде жек көру сезімін тудыруы мүмкін.
Пигмалион эффектісінің нақты көрінуі қалай ?
Экспериментатордың күтуі зерттелушінің мінез- құлқын модифицирлейтін санасыз әрекетке алып келуі мүмкін.Зерттеуші тұлғасының зертеу барысына әсеріне байланысты проблемасы бойынша белгілі специалист Розенталь, мынаны анықтады, эксперимент нәтежесінде экспериментатордың белгілі бір әсері мынада бейнеленді:оқытудағы эксперименттерде, қабілет диогностикасында, психофизикалық зксперименттерде реакция уақытын анықтауда, проективті тесттарды жүргізу кезінде (Роршах тесті),еңбек ісінің лабораториялық зерттеулерінде, әлеуметтік перцепцианы зерттеу кезінде.
Эксперимнтатордың күтуі сынаушыға қандай жолмен беріледі?
Әсер етудің көзі санасыз установкалар болғандықтан, санасыз қалыпқа келетін экспериментатор іс-әрекетінің параметрлерінде көрініс табады. Бұл бірінші кезекте мимика және понтамимика (бас үзеу,жымию).Екінші басты рольде сыналушыға әсер етудің «паралингвистикалық» сөдік түрі , соның ішінде:инструкцияны оқу кезіндегі интонация, эмоцияналды тон , экспрессия және т.б.Жануарларға эксперимент кезінде экспериментатор оларға деген қарым – қатынасын санасыз түрде өзгертуі мүмкін.
Экспериментатордың экспериментке дейінгі әсері ерекше күщті: сыналушының вербовкасы кезінде: бірінші әңгімелесуде, инструкцияны оқу кезінде. Эксперименттің жүру барысында,эксперимнтатордың сыналушыға деген назары маңызды орын алады.Эксперименталды зерттеудің мәліметі бойынша бұл зейін сыналушының іскерлігінің продуктивтілігін жоғарылатады.
Дәл осы « бірінші әсер эффектісі» жасалған образға сәйкес келмейтін барлық келер информация кездейсоқ болып қаралуы мүмкін екені белгілі.
Экспеиментатордың күтуі эксперимент нәтижесін жазған оның жазбаларында айтылады.Эксперимент нәтижесін жазу барысында жіберілген зерттеушінің қателіктерінің қарым –қатынасқа әсерін Кеннеди және Упхофф талдаған.Эксперимент « телепатия феноменін» зерттеуге арналған. Телепатияға сенетін және сенбейтін саны бірдей 2 топ адамдар іріктелінген.Олардан сыналушының басқа сынаушысы жасаған «телепатиялық жолдауының мазмұнын анықтауға деген талпыныстарының нәтижесін жазып алуды сұрайды.
Телепатияға сенгендер анықтады-ң санын орташа 63% көбейткен , ал сенбегендер оны 67% азайтқан.
Розенталь күтудің эксперимент нәтижесі фиксациясына әсері мәселесі бойынша 21 жұмысты анализдеген.Нәтижені жазудағы қателіктердің 60% эксперименталды гипотезаны нақтылауға талпыныспен шартталған.Басқа обзорда да осы факт бекітілген.Күту дің әсері адамдар әрекетінің нәтижелерінің фиксациясында ғана көрінбейді, жануарларға жасалынатын эксперименттерде де көрінеді.
Розенталь келесі зерттеуді жүргізеді. Он бірнеше экспериментаторлардан эксперимент барысындағы крысалардың іс-әрекетін фиксация жасауды сұрайды.Бір топта экспериментаторларға «ерекше ақылды крысалармен» жұмыс жасайсыңдар деп айтылды.Екінші топқа олардың крысалары « ерекше ақымақтар» екні айтылады . Негізінде барлық крысалар бір популяцияға жатады және мүмкіндіктері бойынша бөлінбейді.
Соңында крысаларға қойылған баға эксперимнтатор арқылы берілген установкаларға сәйкес келеді.
Л.Бергер экспериментатордың сыналушының іс-әрекет нәтижесін бағалауда жіберген қателіктердің мынадай типтерін көрсетті.
1.Өте жоғары нәтижелердің төмендеуі. Бұның себебі экспериментаторлардың сынаушылардың мәліметтерін өзінің жеке жетістіктеріне қосуға саналы түрде талпынуы болып табылды.Төмен нәтижелердің көтерілуіде осыған байланысты болуы мүмкін.Кез-келген жағдайда шеткі нәтижелер орташаға жақындайды сондықтан шкала қалыптасады және қысылады.
2.Шеткі бағалардан қашу (төмен және жоғары бағалардан). Бұнда да эффект – мәліметтердің орташадан жоғарыға топталуы.
3.Сынаушылардың бір өзіндгк қасиеттерінің немесе тапсырманың мәнділігінің сериядан жоғарлануы. Осы установка призмасы арқылы тұлға және тапсырманың бағасы шығарылады.
4. Аналогиялық жағдай тапсырмаға ерекше назар аударылғанда ,эффект қысқа уақытты.
5.Аналогиялық жағдай, бірақ баға тұлғаның өзіндік қасиеттерінің қарама-қайшылығы немесе байланысы концепциясына негізделген.
6.Нақты сыналушымен эмоционалды байланыс жағдайының әсеріне негізделген қателіктер.
Пигмалион эффектісінің бары анық , бірақ ол қаншалықты маңызды? Әр түрлі айтылған ойлар бар .Соның ішінде үш көзқарас бойынша анықтап айтуға болады.
Біріншісі Розенталь универсалды фактілерінің әсер етулері , егер олар кездессоқ болғанда 7 есе көп деп тұжырымдайды .Біржағынан осы мәселеге арналған барлық жұмыстың 1/3 эксперемент нәтижесінде эксперементатордың әсері мәнділік денгейінде р=0.95 бекітілген .
Екіншісі. Т.Барбер және М.Сильвер бұл әсерді мәнсіз деп санайды және олардың ойынша психологиялық эксперементке экспериментатордың әсерінің көрінуін анықтауға арналған зерттеулер, жоспарлауда қателіктермен,статистикалық шамалардың дұрыс таңдалмауымен және эксперементі сауатсыз жүргізуімен жүзеге асқан .
Олар мынадай тұжырым жасайды: зерттеулерінің тек 29%-інде “Пигмалеон эфектісі” көрінеді, ал бұл процент Розенталь көрсеткеннен белгілі мөлшерде төмен .Үшіншісі . Барбердің көзқарасы бойынша : әсер ету бар болуы мүмкін ,бірақ ол нақты эксперементте қандай болатынын айта алмаймыз.
Бірақ зертеушілер кішкене нақтырақ тәуелділікті көрсетуге тырысады.
Эксперементатордың “бұрмаланған” ықпалының нәтижесі сұрағына жауаптың үш варианты мүмкін екенін тағы айта кетеміз.
1.Эксперементальды психологияның тіршілік етпейтін идеалы-эксперементатордың ықпалы жоқ әлде ол тіршілік етпейді . Гипотеза шындыққа аз жақын.
2.Эксперементатор тұлғасы әрдайым және әрқашан эксперемент нәтижесіне және жүру барысына ықпал етеді . Бұл жағдайда ықпалдық эффектісін өлшеудің систематикалық қателігі деп есептеуге болады.
3.Эксперемент типіне, эксперементатор тұлғасына, сынаушы тұлғасына қарай оның ықпалы әр түрлі көрінеді.
Осы немесе басқа шарада проблеманы ашатын көптеген зерттеулер бар. Негізгі фактілерді келтірейік.
Нәтижеге тұлға типі және эксперементатор жағдайы әсер етеді: био әлеуметтік сапалар (жасы, жынысы,); психоәлеуметтік сапалар (үрей денгейі,әлеуметтік құптауға деген қажеттілік, агрессивтілік авторитарлық,интелект,әлеуметтік статус , досшылдық):
Зерттеуші жынысының эксперемент нәтижесіне және барысына ықпалы нақты анықталған. Көбіне кішкентай балалар әйел-эксперементаторлармен ықыласпен жұмыс жасайды,ересек сыналушылар ер экспериментаторлармен.
Сонымен бірге Эксперементке ер-эксперементатордың қатысуы сыналушыларды белсенді әрекетке итермелейді,ал әйел-эксперементаторлар”жан дүниесін ашуға”тілекті туғызады,ашық болуға ұмтылуы,сондықтанда сыналушының мінез- құлқы эмонационалды ашық көріне бастайды.
Ықпалдың нақты өлшемін дәл анықтау өте қиын. Көбіне басқа кезеңдердің әсерін алып тастау мүмкін емес:жас шамасының,статусының,т.б. Эксперементатордың жынысы әйелдерге және ерлерге,байларға және кедейлерге әртүрлі әсер етеді.
Он сыналушы біртиіпті тапсырманы орындап жатқанда маңызды болуы мүмкін және басқа эксперементтерде-мүлде маңызды болмауы мүмкін.Бір зерттеу барысында әдістер арсеналын кеңейту мүмкін емес.
3.Зерттеу пәні бойынша ерекшеленетін экспериментатордың экспериментке ықпалның көріну заңдылығы нақты ашылған (доставерно выявлено). Барлық зерттеулерді «әлеуметтік – биологиялық» шкала бойынша реттеуге болады: әлеуметтік психологиялық эксперименттен (жоғарғы шкала) психофизиологиялыққа дейін («төменгі» шкала). Психикалық шынайылықтың структуралық деңгейі қаншалықты жоғары болса, онда бұл ықпалда соншалықты маңыздырақ.
Экспериментатор тұлғасының тұлға психологиясы және әлеуметтік психология бойынша ықпалы максималды, және психофизиологиялық және психофизикалық эксперименттерде, перцепсия және сенсорика зерттеулерінде минималды. «Орташа» ықпал «ғаламдық» индивидуалдық процестерді зерттеуде байқалады - интелектіні, мотивацияны,шешім қабылдауды және т.б.
Экспериментатордың эксперимент нәтижесінде ықпалын қадағалаудың және есепке алудың қандай әдістерін ұсынуға болады?
Психологтардың шамамен 98% экспериментатордың ықпалын методологиялық проблема деп есептейді, бірақ есепке алу және қадағалау жұмысында оны лаборатория жарларының түсіне және жарқырауына , жақсы жихаздар санына қарағанда өз қамқорлыққа алады.
А.Анастази дұрыс жүргізілген көптеген зерттеулерде бұл факторлардың әсері практикалық түрде мүлде көрінбейді , және оны минимумға қарай жылжытуды ұсынады. Егер бұл болмаса , эксперимент шарттарын суреттеуде экспериментатордың ықпалын ескеру міндетті түрде қажет .
4. Эксперименттатор ықпалын қадағалау әдістерінің көбіне мына әдістері қолданылады және ұсынылады.
1.Зерттеу автоматизациясы.Экспериментатордың ықпалы вербовка кезінде және сыналушымен алғаш әңгімелескенде сақталады.
2.Экспериментатордың мақсатын білмейтін зерттеуге қатысуы (бұған дейінде талқыланған»екілік соқыр тәжірибе» ) Экспериментаторлар алғаш зерттеудің мақсаттары жайында ұсыныстар жасайды.Бұл ұсыныстардың ықпалын қадағалау қажет.
3.Экспериментатор ықпалының факторын элиминировать етуге мүмкіндік беретін жоспарлардың қолданылуын және бірнеше экспериментаторлардың қатысуы .Экспериментатордың ықпалы психологиялық эксперименттке кері әсер ететіндіктен, түгелдей шектетілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |