Жоспар:
Арнайы мектептерде кестелік көбейту мен бөлуді оқытудың мақсаттары
20 көлеміндегі кестелік көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесі
20 көлеміндегі көбейту мен бөлу
100 көлеміндегі көбейту мен бөлуді оқытудың әдістемесі
100 бен 20 көлеміндегі көбейту мен бөлу кестелерінің айырмашылықтары
Арнайы мектептерде кестелік көбейту мен бөлуді оқытудың мақсаттары
Ақыл-ойы кем тар оқушылардың көбейту мен бөлу кестесін меңгеру жолындағы кездесетін қиыншылықтары
Кестелік көбейту мен бөлу 3-4 сыныптарында оқытылады. Бұл математика пәнінің негізгі тақырыптарының бірі болып есептеледі. Көп таңбалы сандар, қарапайым және ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу амалдарын қолдана алу үшін кестелік көбейту мен бөлу білімі керек. Тәжірибе көрсеткендей, көмеші мектеп оқытушылары балалардың көбейту мен бөлу кесте бойынша білімдерімен қанағатсыз. Ал 4 сынып соңында, кейбір кемтар оқушылар көбейту мен бөлу кестесін жатқа білмейтінінен гөрі, жалпы көбейту мен бөлу туралы ұғымдары мүлдем болмайды. Жоғарғы сынып оқушыларының арасында есеп шығару барысында дайын көбейту кестесімен пайдаланатындар да жиі кездеседі. Кейбір мұғалімдердің түсінігінше, ақыл-ойы кемтар балаларға көбейту мен бөлуді білу тіпті қажет емес. Керек кезде дайын кестемен жұмыс істей алса да оңады дейтіндер аз емес. Бұл көзқарас қателі. Көбейту мен бөлу амалдарының білімі тек математика сабағында емес, балалардың келешек өмірлерінде қажет. Жеке оқыту жолын ескере отырып, барлық оқушылардың кестелік көбейту мен бөлу білімінің болуы міндетті түрде.
Уақытында меңгерілмеген көбейту мен бөлу кесте білімдері жоғары сыныптарда тіпті игерілмей қалады, оқытылса да саналы түрдегі нәтижеге жетпейді. Сондықтан, 3, 4 және 5-ші сыныптарда көбейту мен бөлу кестесін оқушылардың түгелі жатқа білулері керек.
20 көлеміндегі кестелік көбейту мен бөлуді оқыту әдістемесі
Көбейту мен бөлу амалдары ақыл-ойы кемтар балаларға аса ауыр беріледі.Оның толық меңгерілуін ойлау операциялардың дамуы қамтамасыз ете алады. Олар сұрыптау, қорытындылау, басқа жағдайларға теориялық білімді көшіру, берілген тақырыпты кез келген нұсқауларда тану.
Мақсаттары:
Көбейту мен бөлу амалдарының мәнін ашу (заттық-тәжірибелік әрекеттер негізінде). Көбейту – бірдей қосылғыштардың қосындысы деген ережені оқушылар әрқашан есте сақтаулары тиіс. Сонымен қатар, ақыл-ойы кемтар оқушыларды заттарды тең бөлшектерге бөлуді үйрету керек.
Көбейту мен бөлу амалдарының өзара қайтарылуы жөнінде мәлімет беру
Көбейту мен бөлу кестесін жүйелі қайталау, жаттау.
Бағдарламада көбейту мен бөлуді оқыту үрдісінің 4 кезеңнен тұратындығы анықталған.
дайындық кезеңі (2 сынып 4 тоқсан, 3 сынып 1 тоқсан )
20 көлеміндегі көбейту мен бөлу (3 сынып)
3.100 көлеміндегі көбейту мен бөлу (4 сынып)
4. көбейту компоненті ретіндегі 0 мен1, 1 - бөлгіш ретінде, 0 - бөлінгіш ретінде Осы жұмыстың негізгі 3 кезеңі бастауыш сыныптарда атқарылады. Барлық
кезендерде үлкен рольді төменгі қағидалар ойнайды :
¨ көркемдік суреттер
¨ тілдік көркейту
¨ дұрыс ұйымдастырылған ерікті және еріксіз көбейту мен бөлу кестені жаттау Төмендегі көркемдік пен дидактикалық жабдықтар қолданады:
¨ топтық санау, топқа бөліп санау үшін заттар
¨ трафарет, геометриялық фигуралар
¨ суретте салынған заттардың топтық көрінісі
¨ көбейту мен бөлу кестесі.
¨ перфокарталар.
Ауызша санауға арналған кестелер мен дидактикалық ойындар Дайындық жұмыс
Мақсаты: көбейту мен бөлу амалдарының мәнін ашатын түсінікті қалыптастыру.
Біріншіден оқушылар топтағы заттарды санайды (2,3,4,).
суретте топтық көріністерді санайды. Бұл кезде ақыл-ойы кемтар оқушыларға көбейту мен бөлу амалдарының өзара қайтармалы заңдылықты түсіндіру керек
заттарды арттырып және кемітіп санауға үйрету. Топтық санауды екі-екіден бастағаны жөн (2,4,6…). Кейін үш-үштен, төрт-төрттен т.с.с санауға көшеді. Бұл әдіс алғашқы уақытта оқушылар үшін ауыр көрінеді, сондықтан, бастапқы кездерде, бір баланың топтық санауын екінші бала бақылап тұру тәсілі ыңғайлы
бірдей топтары бар суреттерге қарап есеп шығару. Мысалы, 5 жұп шиесі бар суретке 2+2+2+2+2=10 есебін құрайды. Керісінше, есептерге қарап сурет салуды немесе басқа суреттерден керегін табу әдісі қолданылады. Тағы да сол сияқты жаттығулардың жүйелі пайдалануы кестелік көбейту мен бөлудің игерілуін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |