Арифметикалық амалдар - берілген сандар бойынша тиісті шартты қанағаттандыратын басқа бір санды табу әдісі. Мектеп арифметикасында натурал сандар меп оң бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары қарастырылады. Берілген натурал сандарды қосу деп сол сандарда қанша бірлік болса, сонша бірліктерден құралған санды табу амалын айтады. Берілген сандар қосылғыштар, ал қосу нәтижесі қосынды деп аталады. Мыс., 5+7+8=20, мүндағы 5, 7, 8 — қосылғыштар, 20 — қосынды. Қосу амалы ауыстырымдылық (коммутативтілік) және терімділік (ассоциативтілік) заңдарына бағынады. (ауыстырымдылық);
(терімділік);
( — қосуға қатысты бейтарап элемент).
Ауыстырымдылық пен терімділік заңдары қосылғыштардың реттілігі қосындыға әсер етпейтіндігін дәлелдейді.
Қосу амалын " " ("плюс") таңбасымен белгілеуді 1489 жылы чех математигі Ян Видман (1460 — XVI ғ.) ұсынған.
Ерте кезде сандарды сол жақтан бастап қосатын болған. Өзімізге үйреншікті түрдегі қосу тәсілі жәпе онын таңбасы ( + ) 15 ғ-да енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |